Құрмалас сөйлем

Куньязова Гульдана Толегеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
.
.

Сілтеме

Оқулық 4-сынып қазақ тілі, Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бағдарлама

Сабақтың мақсаты

 Құрмалас сөйлем туралы түсінік бере отырып, жай сөйлемнен өзгешелігін байқату. Байланыстырып  сөйлеу арқылы жазбаша және ауызша тілін дамыту.

Оқыту нәтижесі

 Барлық оқушылар: құрмалас сөйлемді ажырата алады. Көпшілік оқушылар:  жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыра алады.

Жекелеген оқушылар: сызба бойынша құрмалас сөйлем құрап жаза алады, оның тыныс белгісін қоя білуге үйренеді.

Критерий

1.     Құрмалас сөйлемнің құрылымын біледі

2.     Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратады

3.     Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін біледі

 

Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру.

 «Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«5»-ке қолды жеткізу»

Топқа бөлініп отырады

Дәптермен жұмыс: Күнді сынып жұмысын орындайды

Таза жазу:  Ққ

                     қуыршақ

1-тапсырма. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоюға байланысты жеке жұмыс. Бір-бірінен өзгешелігін, әрқайсысында қанша ой берілгенін, олардың тыныс белгілеріне көңіл аударта,  құрмалас сөйлемдерді орындайды.

1) Айман сурет салады Әлия шахматты қызыға оқиды. 2) Мирас сабақтан келген соң апасына көмектесті. 3) Қар жаумағандықтан балалар шаңғымен сырғанай алмады.

 Дескриптор: 1. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қояды

                        2. Грамматикалық нормаларды сақтайды

2-тапсырма. «Жалғасын тап» ойыны. Жұптық жұмыс.

Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Келесі бөлігін табу арқылы, құрмалас сөйлем туралы білімдерін жетілдіру

1. Алманың қорыққаны сондай, …  . 2. Күн бұлттанды, … . 3. Ләззат келгенде, … . 4. Жа- рыс аяқталды, … .

Сөйлемдердің жалғасы: бірақ жаңбыр жауған жоқ, көрермендер үйлеріне қайтты, Сәуле кітап оқып отыр еді, үні шықпай қалды.            

Дескриптор: 1. Құрмалас сөйлемнің бөлігін дұрыс табады

                        2. Грамматикалық нормаларды сақтайды

 3-тапсырма. Топтық жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме  құрастырып жазу.

Дескриптор:  1. Сурет бойынша құрмалас сөйлем құрастыра алады

                        2. Грамматикалық нормаларды сақтайды

Үйге тапсырма

63-бет. 2-жаттығу.  Мақалдарды көшіріп жаз. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап.

Қорытынды

Не білдім? Нені үйрендім? Сұрақтарына санамалап жауап беру