Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты іс

Ахметжанова Акмарал Марленовна

Тәрбиеші

.

.

Өмір жолында мектеп табылдырығын аттап, білім жолының алғаш қадамын басқан бала ең бірініші алдынан мұғалімді кезектіреді. Бұл мұғалімнің қандай болары әр ата-ананы да ойландырары анық. Өйткені баланың мектеп, оқу, білім жайындағы Білім нәрімен сусындандыру кезінде мұғалім өзінің көздеген мақсаттарына жету үшін оқушылар мен түсінікте болып, мейрімді қарым-қатынас құра білуі тиіс. Оқушы жанын түсініп, көмек көрсеткен жағдайдағана оқушы жанында өзін-өзі бағалау сезімі туындайды. Мұғаліммен оқушы ғасырлар бойына қосарлана келе жатқан ажыратылмас ұғым. Бірлескен жұмыста мұғалім баланың өз-өзіне сенімділігіне‚ көзқарасына шыпайта алуына, сабаққа деген ынтасынып жандануына, білім жолындағы жетістіктерге жету ұмтылысына, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыруға қол жеткізеді.

В.А.Сухомлинскийдің «Тандаулы педагогикалық шығармалар» атты еңбегінде «Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды» деген. Шынында да, әр бала қоршаған ортасын тани бастағаннан, оның отбасындағы, қатарластары арасындағы қарым-қатынастан оның жандүниесінде өзіндік бір қасиеттер қалыптасады. Қазақ халқымыз да ертеден қанатты сөздердің көмегімен баланың рухани дүниесіне, адамгершілік сезіміне, ерекше көңіл бөлген. Мұғалімнің әрдайым жақсы сөздермен баланы қуантуы, көңілін көтеруі, сезімін оятуы оның іске деген белсенділігін арттырады.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі дәстүрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондықтан ұлттық мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.

Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Болашақ жастарға тәлім тәрбие беруде Отанымыз отбасы мен мектепке үлкен борыш артады. Отбасы болашақ азаматтың жеке басын аяғынан тұрғызып, егеменді еліміздің болашағын, негізін жасайтын іргетас.Болашақ азаматтың отбасында алған тәрбиесі, мінезі, жақсы мен жаманды ажырата білуі, үлкендерден алған өнегесі уақыт өткен сайын берік қалыпқа түсіп, оның өмірінен үлкен орын алады. Жас ұрпақтың өнегелі тәрбие, білім алуына оны жалғастырушы-мектеп. Мектеп-қоғамдық ұйымдар мен отбасы тәрбиесін ұштастыратын негізгі ұйытқы, орталық.

Мектеп-ата-аналарының тәрбие істеріне бағдар-бағыт беріп, оларды жан-жақты тәрбиелеуге жұмылдырады. Балаға негізінен үш ортадан тәрбие жұғады, үш орта бала тәрбиесіне әсер ететін негізгі фактор. Біріншісі-ата-ана, екіншісі-ұстаз, мектеп, үшіншісі-дос құрбысы.

Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі ұжымның да қосар үлесі көп. Білім мен тәрбие өзегі – балабақшадан бастау алатыны баршамызға мәлім. Бала бойына жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі де тәрбиелі болуына тәрбиешілердің де алатын орны ерекше. Ата-аналарымыз тәрбиеші мен тығыз қарым-қатынаста болып, баланың дұрыс тәрбие мен  білім алуына бірлесе әрекет етсе, жас бүлдіршіндеріміз саналы боп өседі деп ойлаймын

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

Мұғалім оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, әрі ақыл беріп отыратын кеңесшісі.Сондықтан да ол қиында жауапты іс болып саналынады

Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек.Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру керек.

Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың негізі әрине қарым-қатынасы. Әр мұғалім жеке тұлға ретінде оқушылармен жұмысын көздеген мақсатына жету үшін өзінің жеке қасиеттеріне, біліміне және жинақтаган тәжірибесіне сай ұйымдастырады. Мұғалімнің оқушылар мен қарым-қатынасының ең басты құралы сөз болып табылады. Сөз мәнерін шебер ұйымдастыруы арқылы мұғалім балалар сеніміне ие болады. Оқушының жасырып жүрген сырын немесе жан дүниесіндегі пікірін бөлісе білгенде, мұқият тыңдап, кеңес бере отырып, баланың жүрегіне жол таба алады. Оқушы мен мұғалім арасындағы ашық әңгіме өзара түсіністікке әкеледі. Баланың көңілін таба білу оның сенімін туғызады. Мұғалім баланың жас ерекшелігін, мінез-құлқын ішкі сезімін ескере отырып, балалар мен олардың өз тілінде сөйлесуі керек.

Қорыта айтқанда бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру-егеменді мемлекетіміздің әр отбасы мен азаматтарының міндеті. Елдің ертеңгі ұрпағы, киелі жердің иесі-жастар тәрбиесі біз бен сіздің басты мақсатымыз.