Әртүрлі металдарды шабу әдістері

Сабақтың білімділік мақсаты:   Студенттерге металды шабу процесін жете меңгерту. Студенттерге металдарды шабу және бөлу жұмыстарын, металл жиектерді дәнекерлеуге дайындауды үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:   Студенттер бойында құрал — саймандарды күтіп ұстау, шикізаттармен материалдарды үнемді пайдалану, жұмыс барысында ұқыптылық пен тыңғылықты еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау  қасиеттеріне тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.            
Сабақтың  дамытылушылық  мақсаты: Металды шабу прцесімен жұмыс жасай отырып,әрі қарай дамыту. Студенттерге  құрал-саймандарды күтіп ұстау, металдарды шабу, бөлу жұмыстары кезіндегі  құралдарды дұрыс пайдалану, еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.                                                                                                                     
Пәнаралық байланыс: слесарь  ісі, геометрия, химия, сызу, тарих
Көрнекілігі:1. Құралдар: шапқы, крейцмейсель, балға
                        2.Оқулықтар «Слесарь ісі»
                        3.Слайд, видео
Жұмыс орны:  шеберхана
Сабақтың  барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі 2-3 мин.
2.Оқушылардың формасын,оқу-құрал жабдықтарын тексеру
  1. Кіріспе нұсқаулар 40 мин.
2.1. Ө/ш: Металлургия тарихына аздаған шолу жасаумен бүгінгі сабағымызды бастайық. (Қазақстан тарихымен пәнаралық байланыс)
  • Қазақстанаумағында тау-кен ісі мен металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігіерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды. 
  • Темір өндірісібіздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған
  • Ежелгі металлургтер көптеген әр түрлі құралдарды пайдаланды. Тау-кен өндірісінің тасқұралдарына келсек, бұл кен мен тау жыныстарын қопаруға арналған салмағы 40 кг-ға дейінгі қуатты шойын балғалар, кен кесектерін уатып-ұсақтауға арналған ірі тас балғалар, салмағы 10 кг-ға дейінгі сына пішіндес тас қайлалар немесе кенді уатуға арналған шоттар. Одан әрі кен шикізаттарын уақтап-балқытуға арналған анағұрлым жеңіл түрдегі қол балталарбалғалар мен келсаптар пайдаланылды. Құралдардың едәуір бөлігі кенді қоспалардан тазартып, сұрыптауға арналды.
2.2.  Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
       Ө/ш:  Сонымен, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Әртүрлі металдарды шабу әдістері»
        Мақсаты:
  • Металды шабу процесін, әдістерін жете меңгеру.
  • Металдарды шабу және бөлу жұмыстарын практикалық түрде үйрену.
2.3. Ө/ш:  Сабағымыз нәтижелі өту үшін, топтарға бөлініп жұмыс жүргіземіз. Менің қолымдағы карточкаларды алып, ондағы атаулар бойынша топқа бөлінеміз. Содан соң, әр команда конверттегі тапсырма бойынша тақтада жұмыс жүргізеді
Әр топ жауап бергеннен кейін, өндіріс шебері №16 слайдтағы технологиялық карта бойынша топтардың жұмысын  жалпылайды.
2.4. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған  және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру, сұрақтар оқылып, қай топ жылдам, әрі нақты жауап беретіні анықталады.
1.Жазықтықта белгі салу дегеніміз не?
2.Белгі салу құралсаймандарына не жатады?
3.Белгі салу процестері қалай орындалады?
4.Белгі салу жұмыстарының жарамсыз болуы?
5.Техника қауіпсіздік ережесін жұмыс орнында қалай сақтаймыз?Қателікті анықта
 
Студенттер техника қауіпсіздігі бойынша қате көрініс көрсетеді, топтар қатені табу керек.
Чертежде көрсетілген детальдардың формалары мен көлемі дайындама бетіне түсіру операциясын белгі салу деп атайды.
Белгі салу жұмысы,белгі салу тақтада  орындалып,ол сапалы сұр шойыннан  жасалады.Түзу сызык жүргізгенде чертилканы сызғыштың бойымен оған қыса ұстап жылжыту керек.Ол үшін чертилканы белгі салатын бетке 75- 80 бұрыш жасап ұстау керек.
Белгі салу -жауапты операция оған өте ұқыпты қарау керек.Егер белгі салғанда қате кетсе,барлық жұмыс жарамсыз болып саналады.Белгі салудың жарамсыз болу себептері:чертеждің дұрыс еместігі,белгі салу аспаптары  мен белгі салу тақтасы:өлшеу аспаптарының өлшемдері дәл көрсетпеуі негізгі сызықтың қисықтығы жатады.
Чертежден өлшемі тек сандық мәнін ғана алып,оны дайындамаға                          сызғыштық,циркульдің,штангинциркульдің  көмегімен салып, өлшемді қайта тексеріп,дәлдік ережесін сақтау керек.
Белгі салу процесі кезінде қаусіздік техникасын ережелерін сақтау шарт. Чертилкалармен жұмыс істегенде олардың өткір ұшымен өзіңді жаралап алмас үшін чертилкаларға арнайы қорғағыш қалпақшалар кигізу керек.Деталбдарды тақтаның верстақтың үстіне қойғанда абайлау керек. Сонымен қатар элекртлік қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн.Белгі салатын тақтаның үстінде артық зат болмау керек.Сол қолмен ұсталған  материалдар,сол жақта, оң қолмен ұсталған материалдар оң жақта орналасқан жөн.Жиі қолданылатын аспаптар слесарға жақын жату керек.
Ө/ш: Біз бүгінгі сабақта металдарды қолдану тарихынан бүгінгі күнге дейінгі металдарды шабу барысымен таныс болдық. Енді бүгінгі технологиялар заманында қандай жаңалықтар бар екендігін көру үшін видео материалға назар аударайық. Видео сонынан талдау жүргізіледі.
  1. Металдарды кесу жұмыстары қандай қол және механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі?
2.Металдарды кесу кезінде қандай техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған  жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;
Металдарды шабу деп — дайындамадан металл қабаты бөлініп алынатын немесе дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы аталады. Крейцмейсель немесе шапқының жұмыс (кескіш) бөліктерінің пішіндеріне сәйкес сынаның әсері, металдарды шабудың физикалық негізі болып табылады. Металдарды шабу операциясы дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе  тиімсіз болған жағдайда қолданылады.Металдарды шабу арқылы дайындаманың бетін тегістеуге, оның бетіндегі қатты қабатты шабуға, бөлшектердің үшкір жиектерін өңдеуге, жырықшалар мен ойықтарды алуға, қалыңтыр металдарды бөліктерге бөлуге және т.б. болады. Металдарды шабу, әдетте, қысқыштардың көмегімен жүргізіледі. Қалыңтыр металдарды бөліктерге шауып бөлуді тегіс металл плиталардың үстінде жүргізуге болады.Металдарды шабу кезінде негізгі кескіш аспаптар ретінде крейцмейсель немесе шапқы, ал соғу аспабы ретінде балға қолданылады.Ұсталық шапқы — бұл аспапты көміртекті болаттан дайындалған стержень. Ол үш бөліктен тұрады: 1 — соғатын бөлігі; 2 — ортаңғы бөлігі; 3 — жұмыс(кесу) бөлігі. Шапқының соғатын бөлігі жоғары қарай жіңішкеріп, ал төбесі дөңгеленіп жасалған. Шапқының ортаңғы бөлігі шабу кезінде ұстауға арналған. Жұмыс(кесу) бөлігі сына тәрізді. Сынаның үшкірлеу бұрышы өңделетін материалдың қаттылығына байланысты таңдалып алынады.
2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
  1. Металдарды шабу деген не, қалай түсінесіздер?
  2. Металды шабу,бөлу жұмыстарына қандай құралдарды пайдаланады?
2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
1.Шапқымен кесудің мәні және міндеті.
Шапқымен кесудің мәні және міндеті.
Шапқымен кесу деп металдарды бөліктерге бөлу үшін немесе олардың артық қабаттарын шауып тастау үшін қолданылатын операцияны айтады. Бұлар алдын ала,тұрпайы операцияларға және шапқымен кескеннен кейін тағыда өңдеуді керек ететінге жатады.
  Шапқымен кесу дәлдігі 0,5- 1 мм шамасында болады.Шапқымен кесу кезінде кесетін аспаптар қашау және крейцмеисель ал ұратын құрал — балға.
2.Металл шабу процесі.
Шапқымен кескен кезде кесу аспабы металды бөліктерге бөледі немесе жонқалайды.
Кесу процесін қолайлы жағыдай туғызу үшін кескіш аспаптардың кесетін бөлігі сына тәрізді пішінді етіп жасайды.Сондықтан,соққан кезде олар кесетін туғызу үшін кескіш аспаптардың кесетін бөлігі сына тәрізді пішінді етіп жасайды.
Құрал ұшының өңделетін бетке қараған жағын артқы деп атайды да, жоңқаланатын шетке қараш жағын алдыңғы қыры дейді.Ол екеуінің қиылысқан тұсында кесетін жиегі (кесетін жүзі) болады.Құралдың алдыңғы және артқы қырларының арасындвғы бұрышы үшкірлену бұрышы дейді.
  1. Шапқылап кесу аспаптары.
Шапқы-көлденең қималы сопақша стержень.Шапқының кесетін, соғатын және ұстайтын орта бөлігі болады.Кесетін бөлігі сына тәрізді болып жасалады. Оның екі қырын егеп қайрағаннан кейін, ол екі жақтың қиылысқан жерінде кесетін жиігі (жүзі) пайда болады. Шапқының негізгі өлшеміне кесетін бөлігінің жалпақтығы жатады. Стандартталған өлшеммі мыналар: 5,10,15,20 және 25мм.
Шапқының соғатын бөлігі- сабының жоғары қарай жіңішкере беретін төбесі домалақтана біткен түсі.
Шапқыны У7 және У8 маркалы болаттардан дайындайды.
Крейцмейсель- бұл жіңішке шапқы, ол деталдарға ойық, жырашық қашап салу үшін қолданылады. Крейцмейсель де стандартталған. Оның жүзінің жалпақтығы 2,5,8,10,10 және 15мм болады. Профилі күрделі жырашықтарды  жартылай шеңбер, төртбұрыш және т.б. жасау үшін крейцмейсельдердің арнаулы фолмалары қолданылады, олардың  жүзі кесетін жиігі бар дөңгелектеу не бұрыш жасай орналасқан болады және т.б. Оларды көбінесе жырашықтар (канавочниктар) деп атайды.
  1. Шапқының негізгі тәсілдері мен ережелері
Металды қысқышқа қысып қойып та, металл тақтаға немесе төске салып қойып та шапқымен кеседі. Үлкен темірлерді жатқан жерінде-ақ кесе беруге болады. Қысқаша қысып кішірек темір беттерін өңдейді, жырышық жасайды, тақта және ұзыншақ темірлерді кеседі.
Шапқымен кесу жұмыстарына стулдық қысқыштар қолайлы, олар орнықтырақ келеді. Паралель қысқыштарды қолданған кезде шапқымен кесуді оның жылжымайтын жақтарына қарай бағыттау керек . Бұл детальдың орнықты тұруын жабдықтайды және қысқышты жақсы сақтайды Соққыны жұмсарту үшін бұйымнвң астына ағаш не металл астар қойылады. Металды бөліктерге бөлу, табақша  металдан дайындама кесіп алу үшін оларды металл тақтаның, төсті, рельстің үстіне салып кеседі. Балғамен соғудың (сермеудің) үш түрі бар:
   1.Қолдың басын қозғалту
   2.Шынтақ қимылы
  1. Тық буынның қимылы
5.Техника кауіпсіздік ережесін жұмыс орнында қалай сақтаймыз?
Шапқымен металл кескенде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек. Ол ережелер мына төмендегідей. Кескіш аспаптар, балғалар, балға саптары ешбір сызат жарықсыз, ойлып сынған жерлері болмау керек, болғанының басы сапқа мықты отырғызылуы керек. Металл кесу процесінде шапқының ұратын бөлігін емес, жүзін ауық-ауық карап қою керек. Металды кесіп болар кезде соққының күшін азайту керек,әйтпесе оның шеті ұшып, шапқы қолдан шығып кетіп көрші кісіге тиюі мүмкін. Сынғыш металдарды өңдегенде қорғаныш тор қолданған және көзге көзілдірік киген дұрыс .
Кескіш аспапты кайраған кезде көзілдірік болуы керек және станоктың жылжымалы қалқанын төмен түсіріп қоған жөн. Жұмыс орнында тәртіп болуын сөзсіз қадағалау қажет. Аспаптар қысқыштыңекі жанына: шапқы крейцмейсель сол жақта, балға оң жақта , кескіш аспаптардың жүзі слесарьға қарап орналасуы керек, балғаның шаппасы қысқышқа тие орналасқаны жөн. Тексеру аспаптары верстактың қарсы жақ шетіне таман жатуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін верстак үстін қылдан жасалған щеткамен тазарту керек.
Пысықтау.
Шапқымен кесу дегеніміз не ?
Шапқы кесу дәлдігі?
Шапқы аспаптарын ата?
Жоңқалардың түрлерін ата ?
Өндірісте қолданылатын шапқының түрлері ?
Слесарлық балғалардың неше түрі бар?
Балғамен соғудың түрлері ?
Техника қауіпсіздік ережесі?
Шапқымен кесу деп металдарды бөліктерге бөлу үшін немесе олардың артық қабаттарын шауып тастау үшін қолданылатын оператцияны айтады.
Шапқымен кесу дәлдігі 0,5-1мм шамасында болады.
Шапқымен металл кескенде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек. Ол ережелер мына төмендегідей. Кескіш аспаптар, балғалар, балға саптары ешбір сызат жарықсыз, ойлып сынған жерлері болмау керек, болғанының басы сапқа мықты отырғызылуы керек. Ьеталл кесу процесінде шапқының ұратын бөлігін емес, жүзін ауық-ауық карап қою керек. Металды кесіп болар кезде соққының күшін азайту керек,әйтпесе оның шеті ұшып, шапқы қолдан шығып кетіп көрші кісіге тиюі мүмкін. Сынғыш металдарды өңдегенде қорғаныш тор қолданған және көзге көзілдірік киген дұрыс .
Кескіш аспапты кайраған кезде көзілдірік болуы керек және станоктың жылжымалы қалқанын төмен түсіріп қоған жөн.
Жұмыс орнында тәртіп болуын сөзсіз қадағалау қажет. Аспаптар қысқыштыңекі жанына: шапқы крейцмейсель сол жақта, балға оң жақта , кескіш аспаптардың жүзі слесарьға қарап орналасуы керек, балғаның шаппасы қысқышқа тие орналасқаны жөн. Тексеру аспаптары верстактың қарсы жақ шетіне таман жатуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін верстак үстін қылдан жасалған щеткамен тазарту керек.
V.Ағымдағы нұсқау 40 мин.
1-кезең Оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыру және жұмысқа дайындығын тексеру, техника кауіпсіздік ережесін түсіндіру.
2- кезең Оқушылардың жұмыс технологиясын сақтай отырып жұмысының орындалу процесін тексеру және оларға түсініктемелер жазу.
Топпен практикалық жұмыс
3-кезеңТехника қауіпсіздігін сақтау.
4-кезең Жұмыс сапасын тексеру.
VI.Қорытынды  7 мин.
Сабақты қорытындылау және бағалау.