Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесі

Рыскулова Асель Каржаубековна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
.
.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесінің ой-түйінін, тақырыбы мен идеясын, кейіпкерлер сырын ашу. «Аңшылық», «саятшылық» туралы қызығушылығын ояту.
  1. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзіндік ой толғауларын, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
  2. Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ізгілікке баулу, мейірімділікке, қазақтың ұлттық құсбегілік өнерін дәріптеу;
Сабақтың түрі:Ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, ВЕНН диаграммасы, сатылай кешенді талдау, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, қазақ тілі, тарих
Сабақтың көрнекілі: интербелсенді тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
  1. Оқушылармен сәлемдесу
  2. Кезекшімен сұхбат
  3. Сыныптың тазалығына қарау
  4. Оқушыларды топқа бөлу
  5. Психологиялық дайындық
Барысы:
  1. Топқа бөлу үшін «Лашын» әңгімесіндегі құстардың атаулары бойынша бөлу. (Құстардың аттарын «Мозайка» әдісін таңдау арқылы Қаздар, үйректер, дуадақтар деп бөлінеді)
  2. «Атбегілік, саятшылық» жайында бейне ролик көрсету.
  3. Постер қорғату(Әр топқа берілген сұрақтар бойынша жұмыс жасау)
  4. Топтарға тапсырмалар (Венн диаграммасы, концептуалдық кесте, әңгімеден кейіпкерлердің портретін табу) беріледі.
  5. Мақал-мәтелдер жарысы
  6. Жыр жазамын жүрегіммен
  7. Үйге тапсырма беру
  8. Бағалау.
І бөлім бойынша постер қорғау
І топқа: Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы
ІІ топқа: Атбегілік, құсбегілік өнері
ІІІ топқа: «Лашын» әңгімесі
І топқа: Сәбит Мұқанов- қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі деген тақырып төңірегінде ой қозғау
Топтастыру әдісі бойынша
ІІ топқа: Ахмет лашынының өнері: атбегілік пен құсбегілік туралы ой қозғау
Атбегілік
Таза қанды салт мінетін жылқыЖылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік), Атақты Толыбай сыншыдан бастап, Оңтүстік Қазақстанда ғұмыр кешкен Мақұлбек, Жетісуда ғұмыр кешкен Бақай сынды атбегілер туралы аңыздар әңгімелер халық жадында сақталып қалған.
Құсбегілік бүркітителгіқаршығақырғитұйғынтұрымтайсұңқарлашынжағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңғақұсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар
Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.
ІІІ топқа: «Лашын» әңгімесін композициялық құрылысына қарай талдау.
  • Шығарманың тақырыбы
  • Шығарманың авторы
  • Жанр түрі
  • Оқиға орны
  • Оқиға кезеңі
  • Кейіпкерлері
  • Ұлттық салт-дәстүр
  • Оқиғаның басталуы
  • Оқиғаның дамуы
  • Оқиғаның шиеленісуі
  • Оқиғаның шарықтау шегі
  • Оқиғаның шешімі
ІІ бөлім бойынша тапсырмалармен жұмыс
 
І топқа: Концептуалдық кестені толтыру

Кейіпкер

  Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті  

 

Кейіпкер әрекетіне баға беріңіз

Ахмет

         
ІІ топқа: Әңгімеден Лашын құстың және Ахметтің портретін табу.
Ахметтің портреті Лашын құстың портері
   
ІІІ топқа: ВЕНН диаграммасы. Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңі мен «Лашын» әңгімесін салыстыру.
«Лашын» әңгімесі Ұқсастығы «Қызғыш құс» өлеңі
 

 

 

   
ІІІ «Мақал сөздің мәйегі»бөлімі.  Аңшылық және саятшылық туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
Саятшының сұңқары (Салған жерден іледі)
Тауындағы түлкіні     (Бабындағы бүркіт ғана алады)
Қыран жүйрік пе       (Қиял жүйрік пе?)
Қолмен бергенге        (құс тоймас)
Қаршыға қазан қайнатар   (Ителгі иығыңды талдырар)
Қаршыға қаз алса  (Ителгі етек қабады)
Ажалды қарға бүркітпен    (ойнайды)
Ат бегі —аттың тұяғына қарар     (Құс бегі — құстың қияғына қарар)
Қиядағыны қыран ғана көреді     (Ұядағыны жылан ғана көреді)
Құс бағу да бір қызық      (Құс салу да бір қызық)
Екі сұңқар таласса    (Бір қарғаға жем түсер)
Құстың бәрі сұңқар болмас   (Аттың бәрі тұлпар болмас)
Сұңқар орманға тартар    (Тұлпар қорғанға тартар)
ІҮ бөлім «Жыр жазамын жүрегіммен».  Әр топ берілген ұйқасқа қарап өлең құрастырады.
  І топ
—————————————————————аңшылық,,
—————————————————————саятшылық.
—————————————————————аңға шығу,
—————————————————————батырлық.

ІІ топ
—————————————————————ұлттық өнер,
—————————————————————жеңер.
—————————————————————таза ауада,
—————————————————————серуен құрар.
ІІІ топ
—————————————————————Сәбит аға,
—————————————————————кемел дана.
————————————————————-ақылшы ұстаз,
————————————————————-Ұлы мұра .

Үйге тапсырма: «Құс бағу да бір қызық» тақырыбында ойтолғау жазып келу.
Бағалау.