Сәйкестілікті растау сұлбалары

Несипбай Наурыз Саматұлы

50 ОП-б тобы студенті

.

.

Сертификаттау сұлбасы-өнімнің көрсетілген  қызметін, сапа жүйесінің сәйкестігін бағалау кезінде үшінщі жақтың іс әрекетінің құрамы мен реті.

Ерікті сертификаттау кезінде өтінім берушінің таңдауы бойынша алынған стандарт немесе басқада нормативтік құжаттардың талаптарына өнімнің сәйкестігі расталады. Барлығы оншақты сертификаттау сұлбалары бар.

Өнімдісертификаттауда негізгі 8 сұлба және қосымша 9-шы мен

10-шы сұлбалар қолданылады. Қолданыста жиі кездесетін 2,3,7,9.

Сертификтаттау сұлбаларын қолдануда келесі ұсынысты ескеру қажет .

1-6 және 10 сертификаттау сұлбалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде ,7,8,9 –сұлбаларшығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.

1-сұлбаны өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады , өнімнің типтік үлгісін акредиттелген сынақ зертханасында сынау қарастырылады , сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.

2-сұлбаны ұзақ мерзімді келісім шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сатушыдан алынған үлгіге сынақ акредиттелген зертхана жүргізіледі. Сертификат ұстаушы мен өнім өндірүші бөлек тұлғалар. Көбіне өнім өндіруші басқа мемлекеттікі , ал өтінім беруші отандық тұлға. Міндетті түрде сынық хаттамасы түрінде беріледі.Өнім графасында келісім-шарт нөмірі көрсетіледі .Кейде партия көлемі жазылады.

3-сұлбаны өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн . 3 сұлба –сертификактталған өнімге инспекциялық бақылау , өнім өндірушініңдайын тауар қамбасынан, тұтынушыға жіберер алдында алынған үлгіге сынық акредиттелген сынық жүргізіледі . 3 сұлбаны –өндіріс тұрақтылығы еш күмән туғызбайтын өндіріс , сапа басқару сертификаты ISO 9001бар жағдайда сериялық өнімді

сертификаттауда қолдану ұсынылады . Сертификат мерзімі 12 ай . Сертификат ұстаушы мен өнім өндіруші бір тұлға .

4 –сұлба өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданылады . 4 –сұлба өнім үлгісіне сынақ жүргізуге негізделеді . Сертификаттаудың 4 сұлбасы сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады .

5 –сұлба өнім үлгісіне сынақ жүргізу мен өндірісті сертификаттауға немесе өнім өндірушінің сапа жүйесін сертификаттауға , сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сатушыдан да өндірушіденде алынған үлгілерге сынық жүргізу жолымен және өндіріс жағдайының тұрақтылығы мен сапа жүйесінің қызмет жасауына негізделген .

6 –сұлба акредитттелген орган өндірушінің сапа жүйесін сертификаттау қарастырылған уақытта қолданылады . Берілген өнім өндірісіне қатысты сапа жүйесіне сертификаты бар өнім өндірушіге , сертификат беруге негіз өнімнің бекітілген талапқа сәйкестігі туралы өндірушінің өтінім декларациясы .

7-сұлба  дайын өнім партиясынан тандап алынған үлгіге , акредиттелген сынақ зертханасында сынақ жүргізуге қарастырады , 7-сұлба , келісім шарт бойынша көлемді партияны сертификаттау .

8 –сұлба әрбір өндірілген өнімді акредиттелген сынақ зертханасында сынауды қарастырады . 7 және 8 сұлбаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда қолдану ұсынылады . Сертификаттаудың жарамдылық мерзімі-өнімді сатып біткенше .

9-сұлбаөндіруші жағынан ілеспе құжаттарға сәйкетігі туралы декларацияны қарастыруға  және сертификатты өнімді жарамдық мерзіміне , біра 12 айдан артық емес мерзімге беруге негізделген . Бұл сұлба 7 сұлбадан айырмашылығы –сертификаттауда өнімге сынау жүргізілмейді .

10-сұлба отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады . 10 –сұлбаны шағын кәсіпкерлік субъектілердің мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды . 10 сұлба өндірушімен декларацияны ілеспе құжаттарға сәйкестігін қарастыруға негізделген және өндіріс жағдайын талдауды қарастырады .

Көрсетілетін қызмет –орындаушымен тұтынушының тікелей әрекеттері мен орындаушының тұтынушы қажеттігін қанағаттандыру жолындағы өз іс әрекетінің нәтижесі .

Халыққа көрсетілген қызмет өзінің функционалдық арналуына байланысты екі топқа бөлінеді :

Материалдық қызмет , бұйымның тұтынушылық қасиеттерін орнына келуін өзгеру сақталуын қамтамасыз ететін немесе азаматттар  тапсырысы бойынша жаңа бұйым жасау  . Сонымен қатар жүк пен жолаушы тасымалдау , сауда-саттық , банктік қызметтер . Мысалшы тұрмыстық қызмет , тұрғын үй комуналдық қызмет , қоғамдық тамақтану қызметі , білім беру , туризм және т.б . Орындаушының қызмет көрсетуге қажетті іс әрекетін қызмет көрсету процесі деп атаймыз .

ҚазақсанРеспубликасы ТР МЖ бекітілген талаптарға сәйкес өнімдлі сертификаттау . Қазақстан Республикасында аталған құжаттар болмаған жағдайда , өтінім беруші ұсынған импорттаушы елдің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізіледі . Халықаралық , мемлекетаралық , ұлттық және аймақтық жүйелер немесе Қазақстан Республикасының саудадағы серіктес елдерінің сертификаттау органдары берген шетел сертификаттарын мойынлау туралы шешімі ҚР мемстандарты осы жүйелерге қосылу немесе сол жүйелермен сәйкес келісім жасау арқылы қабылжайды . Келісімге қол қойғаннан  кейін  Мемстандарт қол қойылған және мойындау шарттарын сертификаттау органдарына мәлімдейді .

ҚазақстанРеспубликасының териториясына әкелінген өнім кедендік мағлұмдамалау органдарына бекітілген ретепен кедендік рәсімдеуден өтеді.

Сырттан әкелген өнімді кедендік –тексеруден өткізуге қажетті құжаттардан басқа негіз болатын құжаттар :

Келісімге қатысушы –ТМД елі сертификаттау органының сертификаты немесе сәйкестік белгісі .

ҚазақстанРеспубликасының ТР МЖ орнатылған рет бойынша акредиттелген шетел ұйымдарының сертификаты немесе сәйкестік белгісі.

Сертификаттау органдарына тіркелген өнімнің қауіпсіздігі туралы өнім декларация .