Сырбай Мәуленов.Өмірі мен шығармалары

Байманасова Назира Елеусинбаевна
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
.
.
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен өскен ортасына шолу,поэзиясына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын ашу,мақсатын түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
  1. Білімділік: білімгерлерге Сырбай Мәуленов шығармаларының жаңашылдығын түсіндіру. Ақынның шығармаларына тоқталу, мәнін түсіндіру арқылы білімгерлердің сөздік қорын молайту; 
    2. Дамытушылық: уақыт сарынына сай өрілген проблемалық сұрақтар арқылы білімгердің ой еркіндігін, белсенділігін арттыра отырып, өздігінен білім алуға баулу.
  2. Тәрбиелік: ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, шығарма кейіпкерлерінің болмыс бітіміне, табиғи тіршілігіне, тарих тереңіне бойлата отырып, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ұстамдылыққа, мейірімділікке баулу.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, география,музыка, тарих.
Сабақтың әдісі: Репродуктивтік әдіс, түсіндірілмелі, аралас, сұрақ-жауап, топтастыру, тіл құралына талдау, тіл ұстарту ,Венн-диаграмма толтыру. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Дәріс сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, презентация. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі: білімгерлермен сәлемдесу, түгендеу, аудитория тазалығына көңіл аудару.
  1. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы
2) Тұманбай Молдағалиев шығармаларының тақырыбы, кейіпкер болмысы
3) Т.Молдағалиев  жайлы жалпы шолу.
4) 2 білімгер Венн  диаграмманы толтырады ( 1. Қасым Аманжолов 2.Т.Молдағалиев ) 
5) Қалған білімгерлер өтілген тақырыптарға шолу ретінде  ақын-жазушылардың өмір жолы, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап береді: 
а)Қ.Аманжоловтың қандай өлеңдерімен таныстыңдар? ә)Өлеңдерінің тақырыбы қандай? б)Ол қандай оқу орындарын бітірді? 
а)Ә.Тәжібаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер? ә) Өлеңдерінің тақырыбы қандай ? б) Ә.Тәжібаевтың туған жерінде қандай теңіз бар? 
III. Жаңа сабақты меңгерту 
Ой қозғау :. Ой шақыру.
Үнтаспадан Бекболат Тілеухановтың орындалуында «Менің елім»әнінен үзінді тыңдау.
— Балалар, тыңдаған әндерің не туралы?
— Отан туралы.
— Ал «Отан»дегеніміз не?
— Отан дегеніміз — адамның туып өскен жері. Туғандарымен, отандастарымен бірге тұратын жері.
— Ал, біздің Отанымыз қалай аталады?
— Қазақстан Республикасы.
— Олай болса, балалар, біздің көптеген ақын ағаларымыз осы Республика туралы өлеңдер шығарған. Соның бірі С. Мәуленов ағамыз.
Мағынаны тану. Географиялық картадан Батыс Қазақстанды көрсетіңдер. Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? 
1. Топтастыру
Сырбай Мәуленов 1922ж Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.
— ақынның «Өлеңдер»атты тұңғыш жинағы1948ж жарық көрді.
-«Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар» «Жол үстіндегі жалындар»т. б қырыққа жуық жыр жинақтың авторы.
— Балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» «Қорқақ торпақ» т. б жазған
— А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Ә. Науай шығармаларын қазақ тіліне аударған.
-«Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекетінің лауреаты(1970ж),
1 — дәрежелі Отан соғысы(1985ж), «Қызыл Ту», Халықтар достығы(1982ж) марапатталған
2.«Менің Республикам»өлеңімен таныстыру.
5. Топпен жұмыс, кітаппен жұмыс
1 — топ «Менің Республикам» өлеңін мәнерлеп оқу
2 — топ мағынасын ашу,
3 — топ өлең құрылысына талдау, сөз айшықтарын табу
«Екі жақты түсіндірме күнделігі»
Өзіме ұнаған өлең шумағы ——————————Несімен ұнады?
Қызыл бұлттай көрсең қызыл гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін
Жерінде гүл, көгінде бір жүзген
Ұлан байтақ Республикам бұл менің Ұлы Отанымыз қандай тамаша! Оның ұшы — қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын толтыратын егістігі, суы мөлдір өзендері кімді болсын таңғалдырады. Әрине осындай Отаның болғанын мақтан тұтасың.
6. Ой толғаныс. «Еркін жазу» тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу.
Ұланымын ұлы елдің. Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Ысық. Елім. Тіршілік. Отан. Ақын. Ырыс. Бақыт. Болашақ
ІҮ. Бес жолдан тұратын қорытынды
1. Қазақстан
1. Туған жер
1. Тәуелсіз

2. Егемен, тәуелсіз
2. егемен, тәуелсіз
2. аңсаған, тұғырлы

3. дамиды, өркендейді, гүлденеді
3. дамиды, көркейді, жаңарды
3. нығаяды, жарияланды, қол жеткізді

4. Қазақстан — егеменді, тәуелсіз мемлекет.
4. Туған жерім — Атырауым ардақты.
4. Тәуелсіздік — еліміздің жарқын болашағы

  1. мемлекет, ел
    5. өлке, ел
    5. еркіндік, азаттық
    Ү. Бүгінгі сабағымды Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауымен аяқтаймын.
    Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Н. Ә. Назарбаев
    Алдағы уақытта біздің басты міндетіміз білім алу, Тәуелсіздік Қазақстан болашағына сапалы біліммен ғана қалана аламыз.
    Әнұран бәрі қосылып.
    ҮІ. Бағалау
    ҮІІ. Үйге тапсырма: С. Мәуленов «Менің Республикам» жаттау, тақырыпқа сурет