«Сәтбаев қалашығы» тақырыбында ашық сабақ жоспары

Сулейменова Ж.С.

директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, І (ілгері) деңгей мұғалімі

 

Сабақ жоспары

ОҚУ МАҚСАТЫ: Тілдік құрылымдар негізінде оқушыларға Сәтбаев қалашығы жайлы мағлұмат беру.

ТІЛДІК МАҚСАТ:  Кен, геологиялық барлау,мол қоры.

Алдыңғы білімдер Сарыарқа туралыбілімдерін тиянақтайды

Жоспар:

Жоспарланған іс-әрекет: 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату  үшін

«Мадақтар бұрқасыны» тәсілін  қолданады. Оқушылар 1—1,5минут ішінде бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін мадақтарды жазады, оны оқып беретін сыныптасымен алмасады.

Өткен сабақты тексеру. Алдыңғы сабақта өткен тақырыптарды еске түсіреді. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа тақырып бойынша «Алдын ала берілген атаулар» тәсілін пайдаланып, тақтаға бірнеше атаулар жазады, олардың мағынасын, өзара байланысын  сұрайды. Оқушылар атаулардың мағынасын, өзара байланысын айтады.

Дереккөздер Оқулық бойынша өткен тақырыптағы мәтінге сұрақтар.

Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті  тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен, терминдермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.  Айтылым. Сөздерді дұрыс айту арқылы ауызша жаттығу жүргізеді.

Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

1.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев кім болған?

2.Қаныш Сәтбаевтың қандай еңбектерін білесің?

3.Ғалымның атымен аталған қандай жерлерді, мекемелерді білесің?

Ә) Жазылым. 2-тапсырманы орындайды.

Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліндегі нұсқасымен сәйкестендіріп, сөйлем құра.

1.     кен
a.
посвящены минеральным ресурсам
2.     минералды  ресурстарына арналған
ә.
ископаемое, руда
3.     тығыз байланысты
б.
геологическо-разведочный
4.     геологиялық барлау
в.
природные ресурсы
5.     табиғи ресурстар
г.
тесно связано

 

Ә) Жазылым. Айтылым.

Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, мәтін құрайды.

1.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер
a.
қорғасын кендерінің бар екендігін анықтаған
2.
Жезқазғанда кеннің
ә.
геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына  арналған
3.
Жезқазғанды ірі мыс кентасты
б.
мол қоры бар екенін дәлелдеген
4.
Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір,
в.
аудан қатарына көтерді
5.
Сәтбаевтің жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді
г.
өнеркәсібін дамыту туралы мәселе  көтерген
6.
Қарағанды облысында қара металлургия
ғ.
Марганец кені зерттеліп, іске қосылған

 

Мәтін мазмұны туралы пікіріңді «Төрт сөйлем» құрылымына салып жазады.

1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

2.Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

3.Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды  жаса.

Айтылым. Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, мазмұны бойынша жоспар құрады.

Жазылым. «Қаныш Сәтбаев» тақырыбында синквейн жазады.

 

Тақырыпты қорытындылау үшін оқушылар «Достарына хат» жазады.

Оқушылар тақырып бойынша өзінің алған білімін төрт сөйлеммен келтіруі керек:

  1. тақырып бойынша өз пікірін айтады;
  2. оны өз сөзімен дәлелдейді;
  3. дәлеліне мысал келтіреді;
  4. қорытындысын бір сөйлеммен береді.

Рефлексия. «Бес саусақ » әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: «Қаныш Сатпаев қалашығы» тақырыбында 120-150 сөз көлемінде эссе жазыңыз.

 

Қосымша ақпарат:

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Анағұрлым қабілетті оқушыларға мәтіннің ішіндегі жаңа сөздерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасауды тапсырамын.

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Меңгеруді бақылау

Сұрақ және жауап

Өзара кері байланыс, топтар бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды.

Пәнаралық байланыс, денсаулық пен қауіпсіздік, АКТ, Құндылықтар:

Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

 

Бақылау

Сабақтың мақсатына жетім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

 

Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар топтасып әр түрлі жұмыстар істеді. Берілген тапсырмалар бойынша сұрақтар дайындап бір-біріне қойып жауап алысты. Мұндай  жұмыс түрін   оқушылар қызығушылықпен орындап шықты. Маған  әр оқушының ойы құнды  болғандықтан әр баланы мұқият тыңдап шықтым. Сыныптағы  үш  топ та  өз ойларын дәлелдеп шықты. Бір-бірлерін толықтырып, түйінді  ой  қорыта  білді. Жаңа тақырып бойынша  ой қорытындылағандары жұмыстарынан көрініп тұрды. Жоспарланған уақытты ұстандым. Жоспардан  шегіністер жасамадым.

 

Қорытынды бағалау

 Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1: Топпен жұмыс.

2: «Досына хат» жазу.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті.

1:  Тілдік қорды жетілдіру.

2: Бағалауды түрлендіру.

Келесі сабақтың   өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? Оқушылардың сауаттылықтарын,тілмен ойларын жеткізуге байланысты әр түрлі  жұмыстарды   қолдана  алуына  бағыт –бағдар беру, ұсыныс жасау.