Құс жұмыртқасын ветеринарлық санитарлық сараптау

Хасен Айгерим
.
.
Түсінік хат
Жұмыртқа дәмді де нәрлі тағам. Жұмыртқаны адам организіміне қажетті заттардың  табиғи жиынтығы деп есептеуге  болады, оның құрамында ақзат, майлар, көмірсулар минеральды заттар кальций, фосфор бар. Сонымен бірге жұмыртқа құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының барлық жиынтығы бар.
Жұмыртқаны ветеринариялық – санитариялық сараптаудың негізгі мақсаты оған дұрыс санитариялық баға беру.
Жұмыртқаның  тағамдық құнын, тауарлық және ветеринариялық- санитариялық сапасын анықтау.
Диетикалық және асханалық  жұмыртқаларды ажырату және қолдана білу.
Әр түрлі жұмыртқалардың химиялық құрамына тоқталу.
Бұл сабақта студенттер  топтық, жұптық жұмыспен бірге, ізденіс-шығармашылық жұмыстар жасап, сөздікпен жұмыс, өзіндік пікір айтып, ой қорытады.  Ұлтық ойын тәсілдері арқылы студенттердің  ойын ұштап, кәсіби шығармашылықтарына ықпал етуге болады. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданып,  теорияны практикамен ұштасыруға бейімдеу. Студенттерді ізденіс жұмыстарына баулу, өз беттерімен жұмыс жасауға және топпен жұмыс жасауға бейімдеу,  әртүрлі жұмыртқалардың қасиеттерін  игерту.
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Студенттерге  құс жұмыртқасының тағамдық құнын, тауарлық және ветеринариялық- санитарлық сапасын анықтауды үйрету. Студенттерге жұмыртқалардың ақауларын тексеруді, асханалық және диетикалық жұмыртқалардың ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық: Студенттерге Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласына терең үңіле отырып, сын тұрғыдан ойлай білуге, өзіндік ой – пікір айтып, тақырып төңірегінде қорытынды  жасай білуге, кәсіби тілде сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:  Студенттердің болашақ мамандығына  және пәнге деген қызығушылығын тудыра отырып жеке, топен бірлесе жұмыс істеуге
 ұйымдастыра отырып жауапкершілікке, бірізділікке  тәрбиелеу.
Сабақтын міндеттері:
1.Студенттерді жұмысқа қажетті құралдар мен материалдармен таныстыру.
2.Жұмыртқаның тағамдық маңызы және оның жіктелуін үйрету.
3.Жұмыртқаның химиялық құрамымен таныстыру.
Күтілеттін натижелер:
1.Овоскоп арқылы  жұмыртқа ақауларын тексеруді білу
2.Әуе камерасының, ақзаттың, сары уыз ерекшеліктерінің сипатамасын  түсіну, білу.
3. Жұмыртқаны санитарлық бағалауды білу
Косымша көздер (әдебиеттер)
  • Негізгі әдебиет: С.Қырықбайұлы, Т.М.Тілеуғали «Ветеринарлық – санитариялық сараптау»
  • Қосымша әдебиет:С.Қырықбайұлы, Т.М.Тілеуғали «Мал дәрігерлік —  санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау»