Сабақ тақырыбы: «Менің үйім». «Абайдың шаңырағы»

Мәрденова Арайлым Қайрашқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

.

.

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: «Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 30.09.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Мәрденова Арайлым Қайрашқызы

Сынып:  2 «Б» сынып

Қатысқандар саны:     17       Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақ тақырыбы

«Менің үйім». «Абайдың шаңырағы».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін  мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу.

2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Оқулықта берілген тапсырманы орындайды, тақырыпты меңгереді, Абай Құнанбаев туралы толық мағұлмат алу, мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу

Көптеген оқушылар: Басым бөлігі тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Жетістік критерийлері

·        Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

·        Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

·        Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойынан  жақсы қасиеттер табылуына  жол ашу, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Абайтану, тарих, музыка,математика.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Бастапқы білім

Менің сүйікті ойыншықтарым

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
 

Шаттық шеңбері.

«Өзім туралы» әдісі бойынша өзінің жақсы қасиетін айтқызу.

Үй тапсырмасы. «Менің сүйікті ойыншығым» әңгіме құрау.  «Кезек менде…» әдісі арқылы тексеріп, оқытамыз. Жұмсақ ойыншықты сыныптастарының таңдаған біреуіне ұсынады. Сол оқушы үйден жазып келген әңгімесін оқиды.

Өткен тақырыпты пысықтау. «Қуыршақтар қойылымы» әдісі арқылы оқушылар өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын сөйлетеді. Қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырады.«Ой қозғау». Мозаика құрау арқылы жаңа тақыпты атын тапқызып алуға болады. Оқушыларға сандар жазылған  геометриялық фигуралар ұсынылады. Сол сандардың реттілігімен геометриялық фигураларды орналастырады. Соңында үйдің моделі шығады.

—         Балалар, біз сендермен ненің моделін құрастырдық?

—         Үйдің

—         Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз сендермен «Менің үйім» тақырыбы аясында әңгімелесеміз. Ол үшін топқа бөлініп алайық.

Дарынды оқушыдан Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқытылады.

—         Балалар, осы өлең ішіндегі бес асыл істі атап берейікші.

—         Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

—         Дұрыс айтасыңдар. Ендеше сендермен

І топ. «Еңбек» ІІ топ. «Талап» ІІІ топ «Қанағат» болып үш топқа бөлінеміз.Топпен жұмыс жасау ережесімен таныстырып өту. Бағалау. Бүгінгі сабақта сендерді жиһаз суреттерімен бағалап отырамын. Үйіміз әдемі болсын десек, көп жиһаз жинауға тырысайық.

Жұмсақ ойыншық

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату

Сабақтың ортасы

 Автормен танысу. Кәмен Оразалин (1920 – 2008) – жазушы. 1920 жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы Құндызды ауылының жайлауында дүниеге келген. 1939 жылы орта мектепті бітіргеннен соң мұғалім болып, сауатсыздықты жою науқанына қатысты. К. Оразалин 1972 жылы жарық көрген «Абайдан соң» романын өзінің ең кесек, ең негізгі туындысы санаған.

—         Балалар, 2020 жылы Абай атамыз неше  жасқа толмақшы?

—         175 жыл.

—         Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар. Абай атамызға 175 жыл болса да, ол біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Сөздік жұмыс. Дәптерге жаңа сөздерді жазғызу.

Алаша —  қой жүнінен тоқылған төсеніш

Сүйек төсек – сүйекпен өрнектеп жасалған төсек.

—         Жаңа сөздермен танысып аласақ, балалар біз сендермен К.Оразалиннің «Абай шаңырағы» мәтінімен  танысамыз.

—         Мақсат: Мәтінмен танысамын

Өз үйім туралы әңгіме құраймын.

Балалар, Абай шаңырағында не бар деп ойлайсыңдар? Көз алдарыңа қалай елестетесіңдер.

Тыңдалым. «Ойталапай» әдісі негізінде топтық жұмыс орындалады.

І топ. Кейіпкерлердің аттарын жазады

ІІ топ.Жиһаздардың аттарын жазады

ІІІ топ. Диалогты рөлге бөліп оқиды.

Сергіту сәті. «Жиһаздарды ретімен айт» Оқушылардың зейінін дамыту мақсатында жиһаздардың аттары аталады. Оқушылардан ретімен атап беру сұралады. (кем дегенде 4 жиһаз аты беріледі)

«Салыстырамын , сиппаттаймын» Жұппен жұмыс.

Оқулықтағы 4 – тапсырманы  жұппен орындайды.

Абай атаның үйі

 Сенің үйің

Киіз үй

Үйдегі заттар

Пәтер

Пәтердегі заттар

 

 Экран

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үнтаспа

Белсенді оқу тапсырмалары.

 

Сабақтың соңы

Бекіту. «Музейге саяхат» Абай музейінен түсірілген суреттерді тамашалай отырып, музейде сақталған заттардың атын атап, олар не мақсатта пайдаланған екені туралы ойларын ортаға салады.

Бағалау. Жинаған жиһаздарын ортаға орналастырып жинақтау сұралады. Кімнің бөлмесінде жиһаздар көп және әдемі жинақталған сол топ оқушылары «Өте жақсы!», «Тамаша!» бағалау түрлеріне ие болады. Қалған топтардың оқушылары «Талпындың!» бағалауына ие болады.

Үйге тапсырма.  Мәтінді оқу, мазмұндау. «Болашақтағы менің үйім» тақырыбында ой толғау жазып келу.

Кері байланыс. «Киіз үй» суретін әр балаға таратып, түсінген оқушы шаңырағына атын жазады, әлі сұрағы бар оқушылар уыққа, түсінбеген оқушы кереге аттарын жазып, орналастырады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Жиһаз суреттері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Иә

Абай шаңырағындағы жиһаздар туралы білді

Иә

Иә

Енгізген жоқпын

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Қуыршақтар қойылымы

2. Ойталапай

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Жұппен жұмыс

2.Топпен жұмыс

Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.Жекелеме жұмыстар ұйымдастыру

2. Оқу түрлерін ұйымдастыру