Сабақ тақырыбы: Су – тіршілік көзі

Каипова Гулпан Тукеновна

.

.

Білім саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Мақсаты: Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау; судың қасиеттерімен таныстыру. Танымдық мүмкіндіктерін арттыру; тәжірибе жасай білу дағдыларын арттыру. Суды үнемдеуге тәрбиелеу; топта жұмыс істей білуге, ұжымда өзін дұрыс ұстай білуге дағдыландыру.

Қолданылатын қажетті құрал жабдықтар: Слайд, суреттер,тәжірибе жасауға арналған құрал-жабдықтар,су,сүт т.б.заттар.

Билингвальды компонент: су-вода, табиғат- природа, жаңбыр- дождь.

Шаттық шеңбері

Шеңберге біз тұрайық,                                                                                        

Алақанды ашайық                                                                                             

Күннің нұрын салайық,                                                                                                        

Жүрекке жылу жинайық ,                                                                                                        

Бір – бірімізге сыйлайық.

Слайд бойынша жұмыс:                                                                                                    

-Табиғат дегеніміз не?                                                                                                             

-Табиғат қандай болады?                                                                                                         

-Тірі табиғатқа нелер жатады?                                                                                                   

-Өлі табиғатқа ше?                                                                                                         

  • Балалар, мұқият мені тыңдаңдар, қазір мен сендерге өлең жолын оқып беремін, жауабын тапсаңдар, бүгінгі сабақта не туралы айтатынымызды түсінесіңдер.

Бу болып ұшып бұлтқа,                                                                                

Жердің бетін көгерткен.                                                                                                          

Тау тастан шығып бұрқырап,                                                                                 

Бұлақ болып, нәр берген.                                                                                         

Не туралы айтылған?

-Жарайсыңдар,балалар!Бүгін біз су туралы әңгімелесеміз және судың қасиеттерімен танысамыз.  

— Ал, балалар назарларымызды әлем картасына аударайық. Көгілдір бояумен боялған белгілерді не деп ойлайсыңдар? (слайдтан су, өзен, көл, мұхит көрсетіледі.)  

Ал, балалар қазір бір ертегі тыңдайық.

Ертегі

Аспанда бір бұлт өмір сүріпті. Бұлтта көп қыздар болыпты, көк, көгілдір, көңілді тамшылар. Бұлт қыздарын өте жақсы көріпті, тамшылар да анасын жақсы көріпті.

Бір күні күн күркіреп, найзағай жарқырайды, Бұлт ана қатты қорқып қалады.      Тамшыларға: — Тез жерге қашыңдар, сонда құтылып кетесіңдер дейді. Тамшылар тез – тез көңілді жаңбыр болып жерге жауады, жер оларды қуана – қуана қарсы алады.  

Әңгімелесу:

  • Неге жер жаңбырды қуана қарсы алды?
  • Су жерге не үшін қажет?
  • Аңдарға мен құстарға, жәндіктерге су қажет пе?
  • Адамдарға су керек пе?
  • Суды қалай қастерлеу керек?
  • Өте жақсы балалар, бүгін біз судың қасиеттерімен танысамыз.

Дидактикалық ойын «Судың пайдалы жағы және пайдасыз жағы»

Мақсаты: балаларды судың  пайдалы және пайдасыз қасиеттерімен таныстыру.

Сергіту сәті

К речке быстро мы спустились,

Наклонились и умылись

Раз, два, три,четыре!

Вот как славно освежились!

А теперь поплыли дружно.

Делать так руками нужно:

Вместе раз ,, это- брасс.

Одной,другой- это кролль

Все как один плывем, как дельфин.

Вышли на берег крутой

И отправились домой.

  • Балалар, қазір біз сиқырлы зертханаға барамыз, біз болашақ ғылымдармыз.
  • Зертханада өзімізді қалай ұстауымыз керек?
  • Шуламаймыз, ыдыыстарды ұқыпты пайдаланамыз, шашпаймыз, бір – бірімізге бөгет жасамаймыз. Тәжірибе істеп біткен соң, жұмыс орнын жинаймыз.

1-тәжірибе. «Тұрақты пішіні жоқ»

  • Сендердің алдарына тәрелке тұр. Суды тәрелкеге құйып көрейік. Не болды? Су тәрелкенің бетіне жайылып кетті.Неге? Су- сұйық.
  • Сонымен біз не байқадық?Судың өзінің пішіні бар ма екен? Жоқ.Ол құйған ыдыстың пішінін алады.

2 — тәжірибе. «Су түссіз»

Бояғышқа су қосу керек.Түс пайда болғанын аңғару.Балалар  суы бар стақанға  бояу  жағылған таяқшаларды салу арқылы суды  бояйды. Балалар қарандаршы судың түсі өзгерді ме? 

— Ия,  бояу қосу арқылы судың түсін өзгерттік

3 тәжірибе. 

Балалар судың дәмі бар жоғын қалай білеміз? (Ішіп көру) судың дәмі болмайды,суда дәм жоқ. Суға бір қасық қант салыңдар, енді суды ішіп көріңдер, судың дәмін айтыңдар, су тәтті болды.

— Балалар,біз судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік,сонымен қайталап жіберейікші,судың қандай қасиеттері бар екен?

 

Қорытынды

— Балалар, суды не үшін қорғауымыз керек?

— Жер бетінен су жоғалып кетсе не болар еді?

— Біз суды қорғау үшін қандай көмек көрсете аламыз? Сендерге зерттеу жұмысы ұнады ма?

— Бүгінгі қызықты сабағымызды өлең жолдарымен аяқтайық:

Суды ішсең мақтап іш,

Тұла бойыңа ем болар.

Суды әрдайым сақтап іш,

 Төрткүл дүниең тең болар!