Сабақ тақырыбы: «Табиғат – біздің досымыз»

Уразбекова Жанбота

Тәрбиеші

.

.

Білім саласы : Таным.

Оқу іс-әрекеті : Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты : Балаларға табиғат, тіршілік , қоршаған орта арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру; балаларға жанды және жансыз табиғат жөнінде мәлімет беру; табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға , қадірлей білуге және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс тәсілдер : ТРИЗ әдісі , әңгіме , түсіндіру , көрсету , сұрақ-жауап , мақтау-мадақтау.

Көрнекі – құралдар : АКТ, суреттер, видео.

 

Тәрбиеші : — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін бізде ерекше күн, өйткені бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр. Ендеше біз қонақтарымызбен сәлемдесіп , бір-бірімізге деген жақсы лебіздерімізді білдіріп , таңғы шаттық шеңберін жасайық.

 

Шаттық шеңбері : 

    Табиғатым тамаша

                                     Көз тоймайды қараса

                                     Табиғатты аялап

                                     Жүрейікші жараса

                                     Сәлем саған жер ана

                                     Сәлем сізге , қонақтар.

                                     Аман-есен болайық

                                     Бейбітшілік қалайық!

Тәрбиеші : — Балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын тыныс алу жолдарына , тілімізге , саусақтарымызды жаттықтырып алайық. (жаттығулар )

Тәрбиеші : — Балалар, біз өткен тақырыбымызды еске түсіріп , бекітіп алайық. Ол үшін мына берілген суреттердегі заттардың, аң-құстардың атын атап оларды өз орындарына орналастырыңдар.

      Балалар кезекпен тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші : — Жарайсыңдар балалар, өте тамаша ! Сендер өткен тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер.

Сергіту сәті :    Төбемізден жел соғады

                           Тербеледі ағаштар

                            Тына қалса қатты жел

                            Тоғайлар биік көрінер .

Тәрбиеші : —  Балалар, адам, құстар, жануарлар, жәндіктер, ағаштар, гүлдер, таулар, өзендер, көлдер. Осының бәрін бір сөзбен не деп айтамыз?

Балалар : — Табиғат.

Тәрбиеші : — Дұрыс айтасыңдар, табиғат деп айтамыз.Табиғат- бізді қоршаған орта , туған жеріміз , ауа, күн мен жер және су, ормандар , таулар мен жан- жануарлар. Біз бүгін осы табиғат ұғымымен тереңірек танысымыз. Ал енді біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Жанды және жансыз табиғат» деп аталады. 

Табиғат екіге бөлінеді. Ол жанды табиғат және жансыз табиғат. Жанды табиғатқа : адамдар , аңдар , құрт-құмырсқалар, ағаштар, шөптер, гүлдер, құстар жатады. Олар өседі, демалады, көбейеді денесінде жан бар.

Жансыз табиғатқа : су, тас, құм, ауа жатады. Олар өспейді , көбеймейді , Денесінде жаны жоқ.

Интерактивті тақтадан ағып жатқан су көрсетіледі .

Тәрбиеші : — Балалар, қараңдаршы экранда сылдырлап ағып жатқан не екен?

Балалар : — Су

  • Дұрыс , бұл су. Ал судың бізге қандай пайдасы бар?
  • Ішеміз, жуынамыз т.б.
  • Дұрыс айтасыңдар, суды біз ішеміз, жуынамыз, бізге судың пайдасы өте көп екен. Балалар, су жансыз табиғатқа жатады. Демек жанды және жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланыста болады екен.

Тәрбиеші : — Балалар, мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын, мұқият тығдаңдар.

                                Бар ма , жоқ па , оны анық білмейсің

                                 Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не?

  • Ауа не үшін қажет?
  • Демалу үшін.
  • Ауаның түсі қандай ?
  • Түсі жоқ, көрінбейді.
  • Қолмен ұстауға бола ма?
  • Жоқ, болмайды.

Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып , бізге таза ауа жіберіп отырады. Демек біз өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.

  • Балалар, айналаға қараңдаршы , біз ауаны көреміз бе ?
  • Жоқ.
  • Ендеше балалар, біз қазір сендермен ауаның бар екендігіне көз жеткізу үшін тәжірибе жасаайық.

1-тәжірибе : Әр баланың қолына айна беріледі. Балалар айнаға үрлеп , ауаның бар екеніне көз жеткізеді.

2- тәжірибе : Балалар, енді мұрнымызды қолымызбен жауып , аузымызды ашпай көрейік.

  • Көрдіңдер ме , балалр ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Құстың дыбысы естіледі де , экранда көгершіннің бейнесі пайда болады.

Тәрбиеші : — Балалар, қараңдаршы бізге көгершін хат алып келіпті.

                                        Хат.

Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай достарым! Мен балабақша ауласынан ұшып бара жатып , сендердің сабақ өтіп жатқандарыңды байқап қалдым .Сендер өте ақылды , білімді , тапқыр, зерек балалар екнсіңдер! Балалар, бұл хаттың ішінде сендерге арналған тапсырма бар екен. Сендердей ақылды балалар бұл тапсырманы оңай орындайды деп ойлаймын. Ал ендеше көгершіннің тапсырмасын орындауға кірісейік.

Көгершіннің әкелген тапсырмасын орындау.

Тәрбиеші : — Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар :      

                                Бір жерінде ыстық

                                Бір жерінде суық

                                Бір жерінде күн

                                Бір жерінде түн.    Ол не?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар ,міне мынау жер шары , пішіні қандай?
  • Жер шары. Дөңгелек.

Тәрбиеші : — Балалар, қазір біз сендермен біраз сергіп алу үшін «Жер шары» деген ойын ойнайық.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып , «жер шары « деп айтамын, қағып алған бала  жер шарында кімдер? нелер? мекендейтінін шапшаң айтып , кері лақтырады. Мысалы : тәрбиеші «жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі керек.

 Жанды және жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланыста болады екен.

Тәрбиеші : -Балалар, кім табиғат жайлы тақпақтар біледі ?

  1. Бұтақтарды сындырмай

Тазалықты сақтаймыз

Гүл өсіріп , су құйып

Табиғатты қорғаймыз.

 

  1. Бақта гүлдер тереміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Міне біздер қандаймыз

Табиғатты қорғаймыз.

 

  1. От та, су да , ауа да

Жан-жануар барлығы

Орман, теңіз , таулар да

Табиғаттың Байлығы.

 

  1. Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер- Ана , көк теңіздер.

Тәрбиеші : — Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма ? ( иә)

  • Балалар бізге қай құс хат алып келді ? (көгершін)
  • Табиғат нешеге бөлінеді екен? (екіге)
  • Қандай болып екіге бөлінеді? (жанды және жансыз)
  • Жанды табиғатқа не жатады екен? (аңдар, құстар, адамдар, шөптер т.б.)
  • Жансыз табиғатқа не жатады екен? (су,тас,құм,ауа)

 

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік

Бір-бір ағаш және де гүл егейік

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Көгершін  ғажайып қорап алып келеді. (ішінде балаларға арналған сыйлық)

Балалар , осымен біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз  аяқталды. Барлығыңа да бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге жақсы қатысқандарың үшін көп рақмет. Қош сау болыңыздар !