«Сабақты зерттеу» тәсілі – білім сапасының кепілі

Қалиева Гульзира Кенесбаевна

мектеп директоры

.

.

 «Бірге жиналу – бұл бастама, бірге болу – бұл прогресс, бірігіп жұмыс жасау – бұл табыс» деп Генри Форд айтқандай көшбасшылар командасы арқылы үлкен табыстар мен тиімді оқу үдерісіне қол жеткізуге болады.

 Әр мұғалімнің негізгі міндеті – өз кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады. Ал кәсіби шеберлікті тәжірибе алмасу, яғни сабақты зерттеу арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға болатын жолдарды іздестіру барысында «Сабақты зерттеу» тәсіліне тоқталдық. Оқу үдерісіне аталған тәсілді 2018 жылы енгізген болатынбыз. Сабақты зерттеудің басты сипаттамасы креативтілік пен ғылыми дәлдік. Креативтілік командалық жұмыста біріккен әр мұғалімнің шеберліктерінің алмасуы, ал ғылыми дәлдік зерттеуге ұсынылып отырлған оқушылар туралы мәліметтердің жинақталуы арқылы тиімді технологиялар, әдіс-тәсілдер таңдау.

Зерттеушілер тобы мектеп көшбасшыларынан және еріктілер тобынан құрылды. Бастауыш сыныптардағы оқу үдерісіндегі проблемаларды анықтау мақсатында SWOT – талдау жүзеге асырылды. Бұл талдау мен сабақтарға қатысу арқылы деректер жинау және бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында кәсіби әңгімені жүзеге асыру өз тиімділігін көрсетті. Сонымен, бастауыш сыныптардағы басты проблема оқушылардың тиімді кері байланыс жасауларында болды. Міне, өз жұмысыңның жемісі мен кемшіліктерін көрмей, келесі жаңа жұмысқа қадам басу тиімсіз екені барлығына белгілі. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі тетігі осында екенін біле отырып, «Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тиімді кері байланыс жүргізу дағдысын жетілдіру» тақырыбында жұмыс жасауды жөн көрдік.

 Ең алғашқы отырыс сабақты жоспарлауға арналды. Сабақтарға қатысу және талдау барысында кездескен әдіс-тәсілдерді зерделей отырып, сол сынып оқушыларының қызығушылықтарына жауап беретін және қажеттіліктерін қанағаттандыратын әдістерді таңдау жүзеге асырылды.

Әр сабаққа дейін сабақты жоспарлау отырыстары, ал кейін сабақты талдау табыс критерийлерінің негізінде жетістіктеріміз бен қайта туындаған проблемаларды жою жолдарын қарастыруға арналған дейінгі отырыстар болды.

 А.В.С деңгейіндегі оқушыларды бақылаушылардың жұмысы өте ауыр, күрделі, нақтылықты қажет ететін процесс. Бақылаушылар қызметін атқарған мұғалімдердің деректер жинақтау дәлдігі, байқампаздық қабілеті, рефлексиялау дағдысы, кәсіби шеберлігі артады. Себебі, жинақталған дәлелдемелерді сараптаудың, талдаудың өзі ғылыми тұжырымдарды қажет етеді де, үнемі ізденіс үстінде бола отырып, зерттеушілік дағдың да жетіледі.

 «Сабақты зерттеу» тәсілі барысында зерттеуге алынған сынып оқушыларының жауапкершілігі де арта түседі. Бұл тәсіл барысында проблемамызды шешуде әр тапсырмаларға сәйкес құрылған дескриптор негіз болды. Себебі, оқушылар дескриптордың негізінде өз жұмыстарына талдау жасау дағдыларын дамыта бастады. Тиімді кері байланысты жүзеге асыруда оқушылардың алған білім деріндегі кемшіліктері мен жетістіктерін анықтауда дескриптордың зор әсері байқалды.

 Сонымен «Сабақты зерттеу» тәсілі – бұл оқытудағы кәсібилікті, оқу үдерісінің маңызын, әріптестеріңмен қарым-қатынас методикасын және әріптестеріңді қолдау. Мұғалім өздігінен өз сабағын құрастырып, оны қорқынышпен бергеннен гөрі, командалық жұмыстың тиімді екені анықталды. Себебі, бірлескен орта арқылы бірлесе жоспарлау арқылы кәсіби шеберлікті арттыру білім алушылардың да қажеттіліктерін қанағаттандырады.

 «Сабақты зерттеу» тәсілін жүзеге асыру үшін төмендегі ережелердің сақталуына мән бердік:

  1. Бір-бірімен сыйластықта болу
  2. Зерттеудің негізгі идеясын бірлесе шешу
  3. Әдебиеттермен танысу
  4. Нақты сыныпты таңдау, АВС оқушыларын таңдау
  5. Сабақты жоспарлау барысында үш деңгейді де есепке алуды ұмытпау және әдістерді үшеуіне де бағыттау (саралау тәсілі)
  6. АВС деңгейіндегі оқушыларды бақылау және нәтижелерін есепке алып отыру
  7. Зерттелген сабақтың тиімділігін анықтауда оқушылардан интервью алу
  8. Дейінгі және кейінгі отырыстарды ұйымдастыру.

       Сабақты зерттеу барысында таңдалған сыныпқа негізделген арнайы жұмыс формалары мен тиімді деген әдіс-тәсілдер таңдалады. Бұл тәсіл білім сапасы оң әсерін тигізетіні бірнеше рет дәлелденді.

 Сабақты зерттеу тәсілі арқылы «Оқушылардың математика сабағында өздігінен жұмыс жасауларын қалай жүзеге асыруға болады?» деген проблемалық сұрақ туындаған соң, осы проблеманы жою үшін фокус топпен біріге отырып, «СЗ тәсілі арқылы оқушылардың өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру» тақырыбында жұмысымызды ұйымдастырдық шынымен де командадағы көшбасшылар бірігіп жұмыс жасаудың нәтижесі нақты әрі тиімді де табысты болады екен. Орта мерзімді жоспарды құрастыруда оқушылардың функционалдық сауаттылығына аса назар аудара отырып, тиімді және оқушы қажеттілігін арттырады деген әдіс-тәсілдерді таңдап алдық. Сонымен қатар, бұл зерттеудің тиімді болуына бақылаушылар жауап береді. Сондықтанда бақылаушылардың зерттеу дағдылары өте жақсы дамыған болуы тиіс. Сабақты жүргізуші пән мұғалім ретінде өзімді сенімді түрде сезіндім, себебі, көшбасшылардың қолдауы мен көмегінің маңызы зор болды. Сабақ барысында оқушыларға да жұмыс жасау өте қолайлы болды. Ең бастысы сабақ мақсатын дұрыс қою, тұжырымдау. Сабақ мақсаты қолайлы, қол жетімді, нақты, сол уақыт ішінде жететін де болуы тиіс. Әр тақырыпты меңгеруде оқушылардың қызығушылығы мен танымдық деңгейі арта түсті. Барлық сабақтар оқушылардың берілген тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, функционалдық сауаттылығына назар аударылды. Оқушылардың «Оқушы үні» барысында айтқан пікірлері келесі сабақты құрастыруда дұрыс әдістер таңдауда маңызы зор болды.

 Тізбектелген үш сабақтан соң оқушылардың өз пікірлерін еркін айтып, математикаға деген қызығушылықтары мен өздігінен жұмыс жасау, өзін-өзі бағалау дағдылары арта түсті. Оқушылардың математикалық сауаттылықтары, математикалық тілдері және математика ұғымдары мен тәсілдерін өмірде пайдалану дағдылары жетілді. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа деген ынтасы жоғарлады. Үлгірімі төмен оқушылардың топпен, жұппен жұмыс барысында өз сыныптастарымен ой бөлісіп, пікірлері тыңдалған соң, сенім мен қызығушылық пайда болды. Бірлескен ортаның арқасында сыныптағы қарым-қатынас атмосферасы жетілдірілді. Және білім сапасының өзгеруіне де сабақты зерттеу тәсілінің ықпалы зор екендігі байқалды.

Сабақты зерттеудің нәтижесінде атаған сыныптағы өзгерістер:

  • Білім сапасының +3,2 пайызға өсу динамикасы байқалды;
  • Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы пайда болды;
  • Үлгірімі төмен оқушылардың қызығушылықтары артып, сабаққа деген ынтасы жоғарлады;
  • Бірлескен орта құру арқылы оқушылардың арасында бәсекелестік қабілеттері жетілдірілді;
  • Оқушыларда өзіне деген және сыныптастарына сенім пайда болды;
  • Өз ойларын, пікірлерін нақты жеткізу дағдылары артты;
  • Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі әділ бағалау дағдылары артты;
  • Жақын арада даму аймағы айқын көрініс тапты;
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары артты.

 Зерттеу аяқталғанмен тиімді әдістерді қолдану, көшбасшылармен тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасты. СЗ тиімділігі, оқыту үдерісін жақсартудағы бірлескен ортаның маңызы зор екендігіне көз жеткіздік.