Сабақ жоспары 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

Сабдраимова Гульнара Канатбековна

Тарих пәнінің оқытушысы

.

.

Сабақтың мақсаты:

                 Білімділік:       1916 жылғы ұлт — азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы  

                                        сипатын түсіндіріп, оның ұлт — азаттық соғысқа ұласқанын

                                        фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының  

                                        жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету.

      Дамытушылық:       Білімгерлердің  азаттық күреске басшылық еткен тарихи  

                                         қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу  

                                         дағдыларын қалыптастыру.

               Тәрбиелік:       Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш  

                                         зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның  

                                         этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы  

                                         білімгерлер бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін                                           

                                         шыңдау.

Пән аралық байланыс:  Дүние жүзі тарихы.

Көрнекілігі:                    «Қазақстандағы 1916 ж. ұлт — азаттық қозғалыс» картасы.             

                                          Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері. Сызба нұсқа.

Сабақты өткізу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу, білімгерлерді түгендеу.

  1. Үй жұмысын тексеру: «XIX ғасырдың 50 — 70 ж. және XX ғасырдың басындағы ұлт — азаттық қозғалыстар».
  2. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр бойы қазақтары қозғалысы.
  3. 1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын

жоспарын жариялау:

ХІХ ғ. Соңындағы және 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

  1. Көтерілістің шығу себебі.
  2. Қозғалыстың мақсаты, сипаты мен қозғаушы күштері
  3. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы.
    4. Қозғалыстың жеңілу себеептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.

ІҮ. Тірек білімді жандандыру:   А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі  

                                                                                        проблемаға айналды».

Ү. Тірек білімді ынталандыру:   20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай 

бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт — азаттық козғалыс қазақ чалқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресірің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемл — ң, әсіресе Ресей еңбекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық — түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқының құқығын корлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық — зомбылық жасау күшейді.

ҮІ. Жаңа білімді игерту:  Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым — салықтың артуы, қазақтардың қөп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз — ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 — 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.

1. Қозғалыстың себептері және басталуы.
Эпиграф: А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».

20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт — азаттық козғалыс қазақ чалқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресірің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемл — ң, әсіресе Ресей еңьекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық — түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқынын құқығын корлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық — зомбылық жасау күшейді.
Көтерілістің негізгі себептері:
Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым — салықтың артуы, қазақтардың қөп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз — ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 — 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.

 Қозғалыстың мақсаты:
қазақ халқына ұлттық және саяси бостандық әперу. Қозғ — ң қозғаушы күші: қазақ шаруалары, жұмысшы лар, кедейлер, қолөнершілер. Қатысты: байлар, болыс басқарушылар, билер. Демократияшыл зиялылардың өкілдері.

Сипаты: ұлт — азаттық.

  1. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
    Қазақ зиялыларының әкі турлі көзқарасы болды көтеріліске:
    1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері — Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
    2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал — демократияшыл зиялылардың жетекшілері — А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шаралапының құрбаны болады деп есептеді.
  1. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы. Оқиғалардың барысы жөнінде айту.
    Жетісуда – көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев, Т. Бокин.
    Верный уезінің Үлкенсаз деген жерінде 11 болыстан 5 мыңдай адам қатысты. Шілденің 17 — сі онда әскери жағдай калыптасты. Сыдария обл. Әлие ата уезі, Мерке аймағы ошағы болды. Б. Әшекеевтің өмірімен таныстыру. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғаппар Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдиндер басшылық етті. Олар көтерілісшілерді өскери тәртіпке үйретті, Азаматтық билік орнады. Өскери кеңес жанында арнайы адамдар көтер — ді азық — түлікпен, қару — жарақпен қамтамасыздандырып тұрды. Ұстаханаларда қылыш, қанжар, семсер, қарулар жасалды. Көтеріліс болған жерлер: Татыр, Ақшығанақ, Доғал — Үрпек, Күйік, Батпаққара ауданында болды.

4. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
1916 ж. қозғалыс жеңілу себептері:
— ұйымшылдықтың нашарлығында, бас көтерудің бытыраңқылығында;
— шайқасушы жақтардың күшінің мүлде тең еместігінде;
— үстем тап өкілдерінің тұрақсыздығы, опасыздығы;
— патша өкіметінің қоныс аударып келгендердің ауқатты
топтарынан Жетісудағы қазақ, қырғыз көтерілісшілерін басу үшін қарулы отрядтар құрғаны да әсерін тигізді.

 

Зардаптары:
— Тек кедей жастары ғана алынды.
— Қазақ азматтары патшаның арзан жұмыс күшіне айналды.
— Билік басындағыларға, бай балаларына жеңілдік берілуі;
— Қазақ азаматтарының иығына ауыр хүк түсті.
— Ата — аналары балаларынан айрылғысы келмеді, Халық күйзелді.

Тарихи маңызы:
1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 — 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт — азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын өамтыған букілқазақтық сипаты бар аса зар қөтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұғн қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.

ҮІІ. Жаңа тақырыпты бекіту:  1. Көтерілістің басты себептері  қандай болды?

  1.   Қозғалыстың мақсаты?
  2. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі

                                                              көзқарастары қандай болды?

  1. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары,

                                                              тарихи маңызы.

  1. Сызба нұсқа толтыру.

ҮІІІ. Қорытындылау, бағалау: 1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 — 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт — азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын өамтыған букілқазақтық сипаты бар аса зар қөтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұғн қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.
ІХ. Үйге тапсырма: Мәтінді меңгеріп «Тұлғаларды танып білейік» айдары бойынша көтеріліс қолбасшылары туралы мәлімет суреттер, деректер жинап келу.

Пайдаланған әдебиеттер:    1. Қаһарлы 1916 жыл. ІІ том. Т. Рысқұлұлы, 1916 ж көтеріліс.  

                                                      Алматы., 1998. 181-182-бб.

  1. О. Қоңыратбаев. Т. Рысқұлов  қоғамдық – саяси  және       

                                                      мемлекеттік  қызметі. Алматы.,  «Қазақстан». 1994. 20-б.

  1. С.Сабыров. Қазақстан тарихы. Тарихи  оқиғаларды  

                                                       ұлттық мүдде тұрғысынан  бағалау. Алматы., «Ғылым»            

                                                       ғылыми  баспа орталығы. 2004. 136-б.