Сан есім

Смаилова Акмарал Кабилбековна
Қазақ тілі пәні оқытушысы
.
.
Оқыту әдістері: ауызша сөйлеу, жазу, сұрақ – жауап, тапсырмалармен жұмыс
Тәсілдері : оқулық, тапсырмалар,тест сұрақтары, слайдтар, асықтар, «Жылылық  шеңбері», «Даналық ағашы»
Сабақ мақсаттары:
1)  білімділік студенттердің сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіру, теориялық білімін практикамен ұштастыру
2)  дамытушылық ойын түрлері арқылы студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.Топпен жұмыс жүргізу арқылы әр студенттің дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
3)  тәрбиелік топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа, бір – біріне көмек көрсетуге баулу, тәрбиелеу.
 
Пәнаралық байланыстар Сабақты әдістемелік және көрнекілік жабдықтау
1 2
Қазақ тілі 1)        оқыту көрнекіліктері
Қазақ тілі, математика, ағылшын тілі 2)        үлестірмелі материалдар
Қазақ тілі, орыс тілі 3)        оқытуды техникалық жабдықтау
 
Сабақтың негізгі кезеңдері мен хронологиясы
 
Сабақтың құрылымы Сабақ көлемін уақыттарға бөлу
1 2
1.    Ұйымдастыру кезеңі. 3 минут
2.    Өтілген тақырып бойынша студенттердің білімі мен дағдыларын тексеру.  Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Тірек  білімді қайталау.

10 минут
3.    Жаңа оқу материалдарын түсіндіру.

Жаңа білімді қалыптастыру.

           20 минут
4.    Жаңа білімді бекіту және пайдалану.            5 минут
5.    Сабақты қорытындылау. Рефлексия            5 минут
6.    Үй тапсырмасын беру.            2 минут
 
     Сабақтың барысы
Психологиялық орта қалыптастыру:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Қайырлы таң студенттер!
Кайырлы таң қонақтар! Оқытушы  студенттерге «жылылық шеңбер» арқылы жылы лебіздерін білдіруді ұсынады. «Жылы лебіз» әдісі студенттердің бойында өздеріне деген сенімділік, өмірге жағымды қатынас дағдыларын калыптастыру.
1, 2 деп санақ жүргізу арқылы екі топқа бөлінеді. Бірінші санақтағылар 1-топ, екінші санақтағылар 2-топ.
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  • журнал бойынша сабақтағы студенттер санын түгендеу;
  • сабаққа дайындығын тексеру (қажеттілігіне қарай);
  • сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
  1. Өтілген тақырып бойынша студенттердің білімі мен білігін тексеру. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Негізгі білімді жинақтау
84-бет 14-жаттығу кестені толтыру; сандармен берілгендерді әріптермен, әріппен берілгендерді сандармен жазып келу.
  1. Жаңа оқу материалын түсіндіру. Жаңа білімді қалыптастыру
  2. «Қызығушылығын ояту»
Сөзжұмбақ шешу:
  1. Балалар ойыны
  2. Қазақстанның астанасы
  3. Ең қымбат жан
  4. Ағаш атауы
  5. Баланы тербететін құрал
  6. Жануар
  7. Қазақ халқының батыры
Шыққан сөз тіркесі «Сан есім»
Оқытушы:
   Қайталау — оқу анасы.
   Мақалдың бір данасы.
   Өткенді еске түсірсең,
   Ешкімнің жоқ таласы. – дей отырып
     — Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сан есімнен өткенді қайталау» Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ойынымыз 4 кезеңнен тұрады. Ал бастайық, іске сәт студенттер.
1 – кезең. «Білгенге маржан» ойыны.
Берілген сұраққа дұрыс нақты жауап берген топқа асықтан  беріледі.
  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
  3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?
  4. Дара сан есім дегеніміз не?
  5. Күрделі сан есімдерге мысал келтір?
  6. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата?
  7. Есептік сан есім сұрақтары?
  8. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар?
  9. – ау, — еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?
  10. Болжалдық сан есімдер жасайтын жұрнақтарды ата?
  11. Қаншадан? Нешеден? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдер?
  12. Оннан екі – қандай сан есім?
  13. Мың, жүз құрамына қарай қандай сан есімдер?
  14. Екеу, үшеу, төртеу қандай сан есімдер?
          2 – кезең. «Полиглот»
          Мақал – мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту шарт.
  1. …..атасын білмеген жетесіз  (жеті)
  2. Қызға…..үйден тыю (қырық)
  3. Алты жасар бала алыстан келсе, ….жасар қария сәлем берер (алпыс)
  4. ….сомын болғанша, ….досың болсын (жүз)
  5. Білекті бірді жығар, білімді…..жығар (мыңды)
  6. Ер жігіттің ….сөйлегені өлгені (екі)
  7. Жеті рет өлшеп, …….рет кес (бір)
  8. Білгенің…., білмегенің – тоқсан тоғыз  (біреу)
Жұмбақтың шешуін тап. Сан есімдерді тауып, құрамына қарай ажырату:
Алтын терек, он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ
Жауабы: (бір жыл, он екі ай, үш жүз алпыс бес күн)
Бір ұяда жеті жұмыртқа  Жауабы: апта
          3 – кезең. Кім жылдам?
Бір буынды, екі буынды, үш буынды сан есімдерді тез тауып жазу шарт
Бір                       Екі                       Үш
мың                   то — ғыз                 мил – ли – он
жүз                    тоқ – сан               мил – ли – ард
Ішінде саны бар сөздер. Тез тауып, ұйқасын айтыңыз
Түбір –тү+1                                        Кекіл –к+2+л
Күшік –к+3+ік                                   Дербес  дер+5
Алтыбақан 6+бақан                          Жетістік -7+стік
Тоғызқұмалақ -9+құмалақ               Сонымен –с+10+ымен
Желтоқсан –жел+90                          Қонақ – қ+10+ақ    
          Сергіту сәті. Студенттерге «Санау әні» видеосы ұсынылады.(қажеттілігіне қарай)
          4- кезең «Мағынаны таны» Оқулықпен жұмыс А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров
97- бет 12-жаттығу
Сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімге айналдыру
31, 25, 17, 59, 36, 78, 54, 13, 15, 45, 26, 65, 96, 21, 87, 39, 44, 654, 258, 346.
97- бет  13-жаттығу
Реттік сан есімдерге зат есім жалғап, сөзбен жазу және орыс тіліне аудару.
Үлгі: бірінші — бірінші сынып  — первый класс
1, 4, 5, 9, 31, 45, 125, 227, 496, 8515
97- бет 15-жаттығу. Сұрақ қою арқылы жауап беру (сұхбат жүргізу)
97-бет 16-жаттығу 3 бөлімі. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару
98-бет 18-жаттығу. Жіктік жалғауын жалғау
          Өзіндік жұмыс (қажеттілігіне қарай)
          Көп нүктенің орнына қажетті сан есімді қойып, мағынасына қарай сан есімдердің түрлерін анықтау.
          Менің тобымда………студент бар. Біз әр қатарда………отырамыз.Екпінділер саны………ғана болып қалды. Кешегі өткен зерделілік ойынға………қатыстық. Мен ……. қатардың, ………үстелінде отырамын. Топтың………..бір бөлігі екпінділер қатарын құрайды.
(24, он-оннан, сегіз, алтаудан, үшінші, үштен бір бөлігі)
  1. Жаңа білімді бекіту және қолдану.
«Өзімді- өзім сынаймын» 3 нұсқаға бөлінген тест сұрақтары
Сұрақтар : Сіздер бүгінгі сабақтан не алдыңыздар? Қандай сұрақтарыңыз бар?
  1. Сабақтың қорытынды нәтижелерін шығару. Студенттерді бағалау. Сабаққа атсалысқан, белсенділік танытқан студенттерді бағалау. Рефлексия:
«Даналық ағашын» безендіру, қонақтарға викториналық сұрақ.
  1. Үй тапсырмасын беру 1. Тыныс белгілермен жұмыс. Сан есімдерді қатыстыра 10 сөйлем жазу