Сапа менеджмент жүйесі

Берліқаш Сымбат Мақсатқызы

Арнайы технологиялық пән оқытушысы

.

.

Сапа менеджменті дегеніміз ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару. Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді.

СМЖ – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.

Сапа менеджменті жүйесі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол – мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Сапа көрсеткішіндегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан менеджмент жүйесінің дамуы – үлкен ұлттық мәні бар міндет.

Сапа менеджменті дегеніміз ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару. Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді.

СМЖ – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.

Сапа менеджменті жүйесі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол – мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Сапа көрсеткішіндегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан менеджмент жүйесінің дамуы – үлкен ұлттық мәні бар міндет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге “қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет” екенін атап көрсеткен болатын. Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті – елімізді мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша анықтайды.

Педагогикалық мағынада – сапа көрсеткші өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік, рухани азаматтық талғам жасауға және осы талғам үшін жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық ұқсастығын және жаһандық проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің тиісті қызметін өзі анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде өзінің орнын табуға және елдің өркендеуі мақсатында болатыны сөзсіз.

Әлеуметтік тұрғыдан – бұл әлеуметтік ең мәнді игіліктердің бірі, ұлттық адам капиталын өсірудің іргетасы және негізгі құралы.

Әлеуметтік-саяси мағынада – бұл азаматтық құндылықтар мен азаматтық сананы, азаматтық және демократиялық қоғамды жасау мен қалыптастырудың бірден-бір құралы.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан – бұл елдің экономикалық өсуінің, оның байлығы мен бәсекелестік қабілетінің қайнар бұлағы және негізгі ресурсы.

Өркениеттік мағынада – мәдениеттер мен өркениеттер жалғастығының негізі, бүгінде қоғамның жаңа қалыпқа – “сапа мәселесіне” және оған сәйкес “білім экономикасына” өтуді қамтамасыз ететін алтын көпір.

Осы себепті бүкіл әлемдік өркениетте экономикалық прогресс пен әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа ұмтылатын мемлекет пен қоғам сапа менеджмент жүйесінің дамуына мүдделі болып қана қоймай, онда өздерінің тұрақты қатысуына мүдделі. Бұл елдердегі сапа менеджменті саясаты әлеу-

меттік саясаттың тек ажырамайтын бөлігі болып қалмай, оның базалық негізін құрайды.

Сапа саясатының негізгі мағынасы – ұлттық білім берудегі әлеуметтік идеология мен әлеуметтік басымдықтарды жасау және іске асыру. Сапаны дамытудың заңнамалық базасын қалыптастыру, оны тұжырымдамалық-бағдарламалық жағынан модернизациялау, стратегиялық бағдар беру, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік құралдармен, кадрмен қамтамасыз ету, білім беру мекемелерін қаржыландыруды және олардың мате-риалдық-техникалық базасын жақсарту.

Отандық сапа жүйесін реформалай отырып, біз оның дамуын мына бағыттарда қамтамасыз етуіміз керек: унитарлық және унификацияланудан ашықтық пен көптүрлілікке өту; тұлғасыздықтан тұлғалық бағдарлануға бет

Сапа жүйесінің даму сатысы

Сапаны жақсарту әдістерін іздеп табу жөніндегі жұмыстар көне заманда да жүргізілетін болатын, бірақ бұл жұмыстар күшіне II Дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдерінде енді деуге болады. Өйткені Еуропа мамандарының ол кездегі біліктілігі жоғары болатын, ал компаниялар жоғары сынау және өлшеу әдістерін қолдана білген болатын.

Сапаны қамтамасыз етудің даму тарихын 4 кезеңге бөлуге болады: . сапаны бақылау; сапаны баскару; сапаны үздіксіз жоғарылату (арттыру); сапаны жоспарлау.

Сапаны бақылау кезені капитализмнің жаңа туып келе жатқан шағында басталған болатын. Бұл кезеңде жинакталған тәжірибені американдык Ф. Тэйлор өз жұмыстарында жалпылап көрсеткен. Ол ғылыми менеджметтің концепциясын, жауапкершілікті орындаушылар мен басқарушылардың арасында бөлу идеясын, еңбекті ғылыми нормалау идеясын ұсынған. Тэйлор мекемені басқарудың иерархиялык құрылымы туралы идеяны да ұсынған.

Бұл кезендегі сапаны қамтамасыз етудің негізгі концепцияны былай айтуға болады: тұтынушының қолына тек жарамды өнімдер түсуі керек.

Сапа менеджмент жүйесінің Қазақстант Республикада даму жолдары.

Қазақстан Республика Индустрия және сауда министірлігі қарасты Техникалық реттеу және мертология  жөніндегі комитетінің отандық сапа стандарттарының дамытуға негізін құрайды.

ҚР Индустрия және сауда министірлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетін құрудың басты мақсаты — стандарттау мен сертификаттау  ұлттық жүйесін реформалау арқылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық жүргізу және техникалық қадағалаудың жаңа жүйесін құру болады.

Бүгін техникалық реттеу  және метрологиялқ қадағалау саласындағы саясатты жүзеге асыратын және бақылау жүргізетін ведомство болып табылады. Тәуелсіздік жылдары 2510 мемлекеттік стандарт қабылданады. Оның 1603 бірлігінде халықаралык стандарттармен үйлесімдік бар. Ұлттық нормалардың халықаралыкқ нормалармен үйлесімдік деңгейін 64 пайызға бағалап отырамыз. Экономиканың нақты секторындағы үйлесімділікті 67 пайыз деңгейіне жеткізе алдық, бүгінде  Қазақстанның стандарттар қорында 55 мыңнан астам нормативті құжаттар бар.

Қазақстан экономикасын реформалаудың басты мақсатының біріне Отандық өнім сапасын қамтамасыз ету механизмін кұру болып табылады. Әлемдік тәжірибенің мәлімдемесі бойынша, осы механизмнің маңызды элементі болып сапа жүйесінің ИСО сериясы 9000 халықаралық стандартына сәйкес енгізу, ұйымдастыру және оны сертификаттау болып табылады.

Сапа жүйесін енгізу сұрактарын Мемлекеттік реттеуге ҚР Мемлекеттік бағдарламасы «Сапа» 2001-2005 ж. қабылдау жатады. Бұл бағдарламада тауарды, жұмыстарды және қызметті сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға өтуін қарастырады.

Бағдарламаны жүзеге асырудан алынатын нәтиже қорытындылары:

— сапаны басқару және қамтамасыз етудің отандық және халықаралық стандарттар негізінде жаңа әдістерін кеңінен енгізу;

— республикадағы өнеркәсіптердің кешендік жұмыстарының техно-экономикалык көрсеткіштерін жаңарту;

— бәсекеге жарамды тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жаңа түрлерін жасап шығару және орнату, экспорты дамыту, өндірістің көлемін кеңейту;

— бәсекеге жарамды өнім шығару бойынша отандық тауар өндірушілердің қызметін ынталандыру;

— тауардың  барлық түрлерінің  тұтынушылық  қасиеттерін  жақсарту,   мемлекетте  жасалатын жұмыстар мен қызметтің сапасын жоғарлату;

—  халық пен мемлекет нарығын сапасыз,  қауіпті тауарлардан, жұмыстардан және қызметтен қорғау;

Сапа жүйесін кәсіпорынға енгізу нәтижесінде қызметкерлердің жұмыс істеу тәртібі артады, шығындар азаяды, еңбек сапасы жақсарады, процестерді басқару жоғарлайды, сапаны қамтамасыз ету шығындары күрт төмендейді, кәсіпорынның нарықтағы жағдайы берік болады, өндіріс нәтижесінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.