Урок казахского языка в 5 классе «Мектеп кітапханасы»

Айгужина Жанар Советбековна
Учитель казахского языка
.
.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаңа сөздерді өмірде қолдана білуге үйренеді.
Сабақтың міндеттері: 1.Тақырып бойынша жаңа сөздерді игертіп, оларды тілдік қатынаста қолдана білуге үйрету.
2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
3.Топта жұмыс істей білуге, шапшаңдыққа, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:  мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ- жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, өзін- өзі тексеру, бірін- бірі тексеру.
Көрнекілігі:  суреттер, мәтіндер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. 
Психологиялық дайындық.
Тест арқылы үй жұмысын тексеру.
  1. Сабақтың барысы:
1 кезең. Балалар қазір сабақтың тақырыбын анықтайық.
Мен сендерге жұмбақтарды айтамын. Сендер шешіп, жауабын айтасындар.
Балақай, сен таңертең тұрасың,
Таңғы жаттығу жасайсың,
Таңғы асты ішіп, киімінді киіп,
Сосын қайда барасың?      (мектепке) -ке
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен ақталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн.          (Кiтап)+хана
Орыс тілінде «класс», ағылшын тілінде «class» , ал, қазақша қалай?
(сынып) –нып
Ал, енді сабақтың тақырыбы: мектеп кітапханасы.
 Бүгін сабақта біз не істейміз?
Біздің мектепте кітапхана бар ма?
Біздің кітапхана нешінші қабатта?
  «Кластер»  әдісі.  Балалар кітапхана туралы қандай сөздер есіңе түседі?
      
           
       
     
 
 
Осы сөздермен сөз тіркес құрастырыңдар.
Осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар
Ал, енді балалар топпен жұмыс жасаймыз.
                                                      
 Кітапхана
Бұрынғы заман Қазіргі заман
топ-қазіргі заманда қандай кітапхана
топ-бұрынғы заманда қандай кітапхана
топ-олардың ұқсастығы
Мәтінмен жұмыс. Алдымен мәтінді өзім мәнерлеп оқып шығамын.
Мектеп кітапханасы
Мен №10 орта мектебінде оқимын. Мектеп Лермонтов көшесінде орналасқан. Мектеп үш қабатты. Үшінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері үлкен.  Кітапханашы  өте мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдерінің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақын- жазушыларының шығармаларын оқимын.
Балалар өздерін оқып шығындар.
Сосын аударамыз.
Үш топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді
Дәптермен жұмыс:
 «кітапхана» деген сөзге септік жалғау қосу керек.
«Кітап» деген сөзді тәуелдік жалғау қосу керек.
«кітапханашы» деген сөзге жіктік жалғау қосу керек.
«мектеп» деген сөзге фонетикалық талдау жасау керек.
«Жиһаз, мектеп, кітап» деген сөздерге көптік жалғау косу керек.
«Ситуация»  әдісі:
1 топ – сурет арқылы жұмыс істейсіңдер.
2 топ – Мысалы: жылдың басында бала кітапты алды, жыл бойы таза ұстаған жоқ. Қалай кітапты тапсырады?
3 топ – «Стоп кадр» әдісі: Дима кітапхана келді.
Балалар өздерінің ойларын айтады.
5 кезең. Рефлексия.
Интербелсенді тақтадағы кітапхана суреті бойынша сабақты қорытындылау.
-Бұл ненің суреті?
-Бұл кім?
-Сен кітапханаға барасың ба?
-Онда не үшін барасың?
-Кітаптар бізге не үшін керек?
-Кітаптарды қалай қолдану керек?
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың мақсатына жеттік пе?
Мақсатына жетсек смайликтерді жабыстырыңдар.
Үй жұмысы. «Кітапханада қандай кітаптар бар» жайлы мәлімет жазып келу.
Бағалау