Сенсорлы бөлменің маңыздылығы

Ходжаева Насиба Ташбулатқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
Сенсорлық бөлме, «снузмин» бөлмесі  яғни (голланд тілінен аударғанда «қалғу» (мүлгу), мультисенсорлық – бұл түрлі ынталандыру түрлерімен толықтырылған қоршаған ортаны ерекше көркемдеп ұйымдастырылған бөлме.
Сенсорлық бөлме – арнайы жабдықталған кеңістік, ол бөлмедегі адам жасына және денсаулық жағдайына қарамастан тыныштықты, жайлылықты және қауіпсіздікті сезінеді. Ағылшын ғалымдары анықтағандай, мұндай бөлмеде қысқа уақыт аралығында адам күйзелістен шығып, жаны тынышталып, оның көңіл-күйі және денсаулығы айтарлықтай жақсарады.
Бөлменің аурасы көру, есіту, иіс сезу, түйсіну т.с.с. мүшелерге әсер етеді. Сенсорлық бөлмеден түрлі мамандармен қарым-қатынас тек бұлшық ет ширығуының ғана емес, сонымен қатар сезімдік қобалжудың алдын алуға мүмкіндік береді, психикалық процестерді дамытуды жеделдетеді, сезім арқылы түйсінуді, қол саусақтарының сезінуін реттейді.
         Түркістан медицина колледжінде  сенсорлы бөлме іске асырылды. Колледжде ашылған сенсорлы бөлмемен ОҚО денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Мұқан Егізбаев танысып, оң баға берді.
20.02.2017 жылы Оқу-оңалту орталығында «Сенсорлы бөлме»-нің презентациясы өткізілді. «Сенсорлы бөлме» —  сыртқы ортаның кез-келген негативті және нейтральді әсерлерін жоюға арналған жағымды мульти-сенсорлы стимулдеу жағдайын жасауға бағытталған құрылғылармен жабдықталған.
Сенсорлы бөлмедегі сеанстарды  өзіндік реабилитациялық емшара, басқа медико-психологиялық іс-шараларға дайындық немесе оңалту үрдісін  оптимизациялау әдісі ретінде қолдануға болады. Сенсорлық бөлмеде психоэмоционалдық жағдайдың жақсаруы және қобалжу, мазасыздану, агрессивтік реакцияларының тежелуі  байқалған.
Қандай да бір сенсорлық жүйе үстем болғанымен қоршаған ортаны танып білуде көзінде кемістігі бар адамдар үшін түрлі талдағыштардың өзара әрекетін және олардың бейнелерді қалыптастыру процесінде өзара әсерін қамтитын күрделі ұйым болып табылады, ал бейненің өзі жеке ғылыми психологиялық ұғымның қуатты жиынтық «орталығы» және түйсіну, ұғыну, аңғару, ойлау түрінде қоршаған ортаны танып білуді» көрсетеді. Сенсорлық жүйе адамға сезімдік танымды іске асыруға, қоршаған орта туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін сезімдік мүшелер немесе талдағыштар жүйесі  ретінде белгіленеді. Көру, есіту, иіс сезу және басқа да сезім мүшелері түйсіну, ұғыну, аңғару түрінде сезімдік танымның құрамына енеді және оның құрылымын сипаттайды.
    
Инсульттан кейінгі асқынулар, атап өтсек — парез, паралич десе, қатерлі ісік десе жүрегі дір етпейтін, оны естіген тұста көңілін қауіп жайламайтын адам кемде-кем шығар. Ал бауыр еті баласы осы дертке шалдыққан ата-ана үшін одан қасіретті хабар тағы жоқ. Міне, осындай  сәтте сарыуайымға салынған, ұзақ уақыт ем қабылдап, өмірге деген қызығушылығын жоғалта бастаған адамдарға өмір  үмітін сыйлап,  жарық күннің әр сәтінің  қуанышқа толы екендігіне көз жеткізуге  жетелейтін жаңадан ашылып жатқан  сенсорлық бөлме нің берер көмегі  зор болса,
ал «оның дәстүрлі психологиялық көмектерге қарағанда науқас жанға беретін әсері қандай?» – деген сауалға психолог мамандар оң баға беруде. Біріншіден, бұл бөлмеге кірген адамның көңіл-күйі бірден көтеріліп, өзге әлемге енгендей күй кешсе,  ал пациенттер ауруын ұмытып, баяғы бақытты шақтарына қайта оралғандай сезім алады.
Сенсорлы бөлмеде музыкатерапия қолданылады. Дыбыс арқылы дайындалған арнайы орта жан тыныштандыра отырып, жүйке жүйесінде жаңа жасушаларалық байланыстарды құратын  қоршаған орта болып табылады. Себебі,  жағымды әуен есте сақтау қабілетін арттырады. Мидың ақпарат сақтау қорына жауап беретін гиппокамп аталатын бөлігіне музыкотерапияның пайдасы зор. Психологтардың көпшілігі әңгіме-сұхбат барысында жай әуен қосып қоюды құптайды. Медициналық зерттеулер ми қыртысында адамның жалпы физикалық жағдайына жауапты аймақтардың бар екенін көрсетеді, бұл  аймақтардың дұрыс жұмыс істеуі бақыт сезіміне әкеледі.
Бөлмедегі музыка әуені мен терапия тәсілдері күнделікті жоспарға сәйкес ауыстырылып отырады. Сонымен қатар, сенсорлық бөлмеде баланың интеллектуалды дамуына да көп көңіл бөлінген.
Сенсорлы бөлмеде ароматерапия қолданылады. Ароматерапия – бұл тыныс жолдары арқылы ағзаға, теріге және (немесе) кілегейлі  қабықтарға енетін табиғи эфир майларын қолдана отырып, емдеу әдісі. Ароматерапия бізде, егер біз табиғат сыйларын қолданғымыз келсе, иіс сезу қажеттілігін тудырады. Гүлдердің, шөптердің және ағаштардың иісі өсімдіктердегі эфир майларының болуымен түсіндіріледі. Емдік қасиеті жоғары бұл заттар бізге қолайсыз жағдайларда, мысалы, біздің физикалық немесе ішкі дүниеміздің денсаулығы нашарлаған кезде көмектеседі. Өсімдіктердің майлы бездерінде орналасқан әсері қатты ұшқыш заттар көптеген пайдалы қасиеттерге ие. Осы заттарды қолданатын ароматерапияның арқасында біз денсаулығымызды қайта қалпына келтіре аламыз.  Ароматерапия — өзімізге көмек берудің идеалды құралы, себебі ол бізге үлкен әсерін тигізіп, рахаттандырады.
Сенсорлық бөлмеде сенсорлық тәрбие қалыптасады. Сенсорлық тәрбие – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім – тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық бөлмеде тәрбие арқылы оқып білім алуына іс — әрекетін бағыттау – сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт – бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан – жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Осындай бөлмеде қысқа уақыттың ішінде босаңсу, эмоционалды және физикалық күй, психофизикалық күйдің жақсаруы пайда болып, сонымен қатар жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды. Адам жасына және денсаулығына қарамастан қауіпсіздік, тыныштық, жайлылық сезінетіндей арнайы жабдықталған бөлме. Сөйлеу, көру, есту ақауларына, невроздарға, психомоторлы және эмоционалды дамуға өткізілетін еммен қатар сенсорлы бөлме сеанстарын кешенді оңалтуға қосуға болатындығын атап кеткеніміз жөн.
Мұндай бөлмелердің маңыздылығы:
— психоневрологиялық мәселелері (невроздар, неврозға ұқсас күйлер, ОЖЖ резидуалды-органикалық зақымдану) бар емделушілерде невротикалық және вегето-қан тамырлық реакцияларының төмендеуіне,
-созылмалы аурулардың шешілу мәселесі;
-сенсомоторлы ақаулары бар балалармен коррекционды сабақтар жүргізу;
-психикалық үрдістердің коррекциясы, емтихандарға дайындалу кезіндегі       
 стрессті шешу;
-агрессивтілік және мінез-құлық ауытқулары бар адамдарға арналған;
-зорлануға және басқа да стресстік жағдайларға тап болған адамдарды оңалтуға;
-психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарда таным іс-әрекетін дамыту;
-стресстік жағдайлармен байланысты жұмысы бар адамдарға психоэмоционалды тренингтерді өткізу үшін;
-сау адамдар мен балалардың уақыт өткізуі және босаңсуына бағытталған.
Ең алдымен өмірдегі пайда болған жағымсыз жағдайға немесе өз күйіне қанағаттанбаған адамдарға арналған.
 
Қолданылған әдебиеттер:
  1. Интернет материалдары http://sov-obrazovanie.ru/solution