Сертификаттау түрлері

Мақсат Жанерке Нұрболқызы

50 оп-б тобы студенті

.

.

Міндетті сертификаттау-қоршаған ортаның ,адам өмірі мен денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнім мен қызметке таратылады.

Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізімі:

  • машинажасау, электротехника,
  • прибор жасау, медициналық техника,
  • ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары,
  • шикі-зат пен ағаш өңдеу өнімдері,
  • демалу ағзаларын қорғау құрал-дары, таралар,
  • пиротехникалық бұйымдар,
  • ветеринарлық биологиялық препараттар .

 

Көрсетілетін қызмет тізімі:

  • жолаушы тасымалдау,
  • байланыс,
  • туристік және экскурсиялық,
  • сауда,
  • қоғамдық тамақтану 

 

Міндетті сертификаттау заң мен заңнамалық ережелер негізінде жүзеге асырылады және өнімнің (процестің, қызметтің) техникалық регламент пен стандарттардың талаптарына сәйкестігінің дәлелдерін қамтамасыз етеді.

 

Ерікті сертификаттау

Ерікті сертификаттауға қауіпсіздік талаптары орындалуға міндетті емес өнімдер жатады .

Ерікті сертификаттау ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, өтінім берушілер (өндірушілер, сатушылар, орындаушылар) еркімен өнімнің (қызметтің) стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік құжаттардағы талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен жүргізіледі

 

Ерікті сертификаттау объектілері

  • өндірістік техникалық, әлеуметтік тұрмыстық (мысалы, кітап, журнал шығару, үй жиһазын шығару) өнімдері; материалдық, материалдық емес (мысалы, білім беру) қызметтері; 
  • қиратпай тексеру, материалдық байлықты бағалау, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру және т.б. сертификаттау қызметкерлері; 
  • кәсіпорын сапа жүйесі   ИСО 9001 үлгісі бойынша
  • экологиялық басқару жүйесі ИСО 14001 үлгісі бойынша
  • тамақ қауіпсіздігін басқару жүйесі ИСО 22000- HACCP үлгісі бойынша
  • ақпараттық қауіпсіздік басқару жүйесі  ИСО 27000 үлгісі бойынша
  • өндірістегі қауіпсіздік пен денсаулық қауіпсіздігін басқару жүйесі OHSAS 18001 үлгісі бойынша

 

Ресейде (РСТ) міндетті сертификаттау сәйкестік белгісі

Ресейде (РСТ) және ерікті  сертификаттау сәйкестік белгісі

ҚР міндетті сертификаттау белгісі

 ҚР ерікті сертификаттау белгісі