Үш тұғырлы тіл –ұлттың келешегі

Джакупова Қаракөз Муратовна

.

.

«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз… Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге  тиіспіз»

Н.Ә.Назарбаев

 

Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол  мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады.

Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жол деп сүйген, Отан үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзенттеріне жолдады.Замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін, батыр да батыл өр адамына айтады. Қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тұрып,қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін озат ұл-қызына айтады. Мәңгілік Елдің тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде. Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат-мұрат-«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Қазақ тілі-елдің қазынасы. Қазақ тілінің шырыны-бабалар өсиеті.«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Тіл-халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәрімізде қолдаймыз.

Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап  қуанатынымыз да белгілі.

Үштұғырлы  тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел  азаматының  міндеті.  Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған жүйе.

«Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-дегендей өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл — заман талабы»,- деген елбасының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор. 
Бұл бәсекеге қабілеттілікке  ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.

Қазақстанда тіл үйрену мәселесі  ерекше маңызға ие. Тілдерді оқыту орталығында  оқитын тыңдаушылар бұл тілдің тек қана бір қатынас құралы ғана емес, ол сол халықтың тарихы, мәдениеті, өмір салт-дәстүрін, толық болмысы мен бет-бейнесін көрсететінін ұғына отырып, оқу үрдісінде  аталған жайлар туралы пікірлерін жиі ортаға салып отырады.

 Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жөн. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады…» дегені көпке белгілі. Сонымен қатар «Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі… Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек деген болатын.  Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деп, қазақ тілі және тілдердің үштұғырлы мәселесіне кеңінен тоқталды.

Әрине, кез келген азаматтың үш тілде сөйлегені дұрыс, үш тілді қатар меңгергеннен, тіл білгеннен ешкім де ұтылмайды. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу — ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік.

Ағылшын тілін білу игілікті іс. Қазір атқарылып жатқан қызметтің барлығы Қазақстанның әр азаматы аудармашының көмегінсіз қарым-қатынас жасай алатындай дәрежеге жетсек деген ниет. Бұл бәріміздің де дәрежемізді арттырады. Біз мектепте оқушыларға ағылышн тілін үйрету барысында ағылшын тілі  көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: оқушыларды үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модкльдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобадай оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.

Осы орайда өз іс-тәжірибемізде оқушылардың  интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор екенін айта кетсем артық болмас. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: Мысалы: «Полиглот» ойынында сыныпты үшке бөлемін 1-топ қазақша алма деп айтса , екінші топ орысшасын яблоко, ал үшінші топ ағылшыншасын apple деп айтыу тиіс. «Кім тапқыр?» ойыны да дәл осылай үш тілде жарыс ретінде өтеді бірақ бұл ойында оқушылар жұмбақ жауабын айт керек. «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Студенттерді ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да студенттер қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды.

Менің айтпағым  алда тұрған мақсатқа жету үшін  талаптану да, тырысу да өз қолымызда.  Көп болып қолға алынған іс әрқашан да жүйесін табады. Бір ауыз сөз көкке де көтереді, бір ауыз сөз жерге де кіргізеді. Алдымен қарым-қатынас тілінен бастасақ ештеңеден де ұтылмай ақпарат ағымында үш тілде сөйлей алатынымызға ешкімнің де шүбәсі болмайды. Игілікті істің ерте-кеші жоқ екенін ұмытпай, алдымен қазақ, кейін ағылшын тілін үйренсек құба-құп.