Үш тұғырлы тілдің ұшпағы

Сейтмухамбетова Жанылсын Ахметкалиевна
Ағылшын пәнінің оқытушысы
.
.

«Тіл қасиетті, қасиетті де киелі.
Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды.
 Тіл өшпейді, қандай қиындықта да
өміршең күй кеше береді»
 
Тәуелсіздік тізгіні қолымызга тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындары түрде жүзеге асырылуда.
Елбасшы жыл сайығы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдығы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне токталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, эконо миканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелес тіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді қажеттігін қойып отыр.Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алднда бірнеше тіл білу міндеті тұр.
2007ж “Жаңа қазақстан жаңа әлемде” атты Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын кезен-кезеңімен жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады.Жолдауда бұл Қазақстан халықтарының рухани дамуымен қатар ішкі саясаттың дербес бағытты ретінде көрсетіледі.”Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық эканомия ойдағыдай кірігу тілі”,-деді президент.
“Үштұғырлылық”, яғни тілдердің үштік, бірлік идеясы басқа сөзбен айтқан кезде, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз деген қарапайым да, түсінікті формулаға саяды.
Үштік бірлік туралы жай ғана әдемі сөз, тіл саясатының жаңа форматы емес, ол өмірлік қажеттіліктен туындап отырған нәрсе.Қазір қай ел ойлы экономиканы бетке алса, әлемге ашық болса, сол ел нәтижені дамып жатыр.
Бұл салаларда  табыс пен жаңа таным-білімге әлемдегі ең көп қолданылатын тілдерді игеру арқылы қол жеткізіледі.
Жалпы алғанда “Тілдердің үш тұғырлылығы” тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес, Президентіміз аталмыш тілдік стратегияны 2004 жылы жария еткен болатын.Ал, өткен жылы Еуродақ өздерінде үш тілді білім тәжірибесін заңды түрде енгізеді.Бұл тарихи қажеттілік.
Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі-ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы қағида түзетулер енгізуде.Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттілігі туындап отыр.Бұл біздер үшін аса қажет.
Елбасының өткен жылдың 29 мамырында Ақордада  бір топ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен ұлттық жаңғырту және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі кездесуінде “Тілдердің үш тұғырлығы” бағдарламасына, мемлекеттік тіл мәселесіне кеңінен тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деп сендіреді.
Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілегін шындай тусетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей  келе, жаһандануға бейімделуді, заман көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстірімізді сақтап қала аламыз-деді.
Бұл тұрғыда “Тілдердің үш тұғырлылығы” жобасы аясында облыста нақты жұмыстар атқарылып та жатыр.Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында “Кәсіби және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделген, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек” деп айырықша аталды. Кеңестік үкімет кезінде облыстардағы кәсіби-техникалық білім мекемелеріне басшылық жасайтын арнайы бас қармалар болатын.Орта мектептегі оқыту мен кәсіби-техникалық білім беру мекемелеріндегі оқытудың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктері бары белгілі.
Уақыт талабы кәсіби-технилкалық мамандықтар даярлауға үлкен жүк артып отыр.Мұндай талап алдағы уақыттарда күшейе бермек.Біздіңше, кәсіби-техникалық мектептер мен лицейлердің жұмыстарына басшылық жасайтын арнайы басқармалар ашу қажет тәрізді.
Болашақта үш тілде оқылатын мамандандырылған лицейлер көбейіп,олардың негізгі мақсаттары-бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болса.Оның міндеттері:
Дүниежүзі халықтардың мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу;
-Ақпараттық кеңітіктің дамуын камтамасыз ету, білім беру мазмұнының сабақтастығын және оқушылардың көплингвистикалық даму орталығына жағдай жасау;
-оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру барысында жаратылытануматематика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы пәндердің мазмұнын интерграциялауды қамтамасыз ету;
-жеке қабілетін іске асыру және дамыту тандау мүмкіндігі арқылы әрбір оқушыға жеке білім беру бағдарын құру, оқушылардың оқу және – оқудан тыс қызметі тұтастығын, олардың жеке танымдылығын дамытуды қамтамасыз ету.
      Үш тілде білім беруде ұйымдастырушылық, әлеуметтік, психологиялық, линвистикалық факторларды жан-жақты есепке алу қажет.Әлемдік кеңістіктегі болып жатқан ақпараттарды баланың өз бетінше жинақтай алуы, талдай білуі, оны өз қажетінде жарата алуының маңызы зор.
      Өсекелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін-мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы-заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.Сондықтан да, елімізде “Үш тұғырлы тіл” мәдени бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылатын болса нұр үстіне нұр болар еді.