Шеберлік сабақ: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек және ғылым» турасында

Мусина Майя Газизовна

.

.

Өзін-өзі тану және қазақ тілі  пәнімен интеграциясы

Мақсаты: Тіл мәдениетіндегі құндылықтарды ашу

 

 

Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі — тәрбие. Осы заманғы  тәрбие  жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам — ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ тілі мұғалімі ортаға шығып  қатысушылармен амандасуы

Өмір ол үлкен сахна

Өмір ол үлкен білім

Өмір ол мұхит, уақыт толқын

Өмір ол ізденіс, күш жігер

Өмір ол өзін өзі тану; деп сіздерді тіл мәдениетіндегі  құндылықтарды ашу «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек және ғылым» турасында шеберлік сабағыма кош келдіңіздер дегім келеді.

Абай атамыз айтқандай: Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады дейді. Слова Абая гласят «Самое лучшее в человеке — от Учителя «Ендеше әріптестерімізге қошемет көрсетейік.

 

1 «Қошемет» (аплодисменты)- тренинг  Танысу,көңіл-күйлерін көтеру.

        Ортаға шыққан тәрбиешілергеге қалған тәрбиешілер  алақан соғады. 

         Столдарға отырғызады.

Айтылған мақал-мәтелдер  келісетін  5 тәрбиешілерді ортаға шақырамыз.

  1. Жақсылық — жүректен, жамандық — білектен. Доброта из сердца исходит, от силы подлость происходит.
  2. Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім. Ученая книга – учитель без языка.
  3. Сөйлей білу де өнер. Первое искусство — уметь говорить.
  4. Ізденген мұратқа жетер. Цель достигнет тот, кто ищет.
  5. Жақсы сөз жарым ырыс. Добрые слова — половина счастья.
  6. Күшіңе сенбе, өзіңе сен. Не на силу полагайся, а на себя.
  7. Кітап – алтын қазына. Книга – кладовая золота.
  8. Қайыр қылсан, бүтін қыл. Делаешь другим добро — делай до конца его.
  9. Көз — таразы, көңіл — қазы. Глаза — весы, настроение — судья.
  10. Отан оттан да ыстық. Тепло родины своей, огня намного горячей.
  11. Талапсыз өмір бос. Жить без мечты — жизнь бесцельно провести.
  12. Өмірдің өзі – ұлы ұстаз. Жизнь сама учитель мудрый

 

2 жаттығу. Синквейн (бес жолды әдісі) әдісі арқылы стол үстінде жатқан суреттердің мағынасын ашу.

1 топ « Ақыл»

2 топ «Қайрат»

3 топ «Жүрек»

4 топ «Ғылым»

3 . «Өмірдің өзі сахна» тренинг.   Абайдың 17 қара сөздеріне көрініс келтіру
«Өмірдің өзі сахна»   Абайдың 17 қара сөздеріне көрініс келтіру

 Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.   (Человечьи свойства Воля, Разум и Сердце обратились однажды к Науке, чтоб разрешить спор: кто из них важнее.)

 

2 топ Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол — менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те — менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» — депті.

Воля сказала: “Эй, Наука, ты ведь знаешь, без меня ничто не достигает совершенства: чтобы познать тебя, надо упорно учиться, а без меня этого не сделать, можно только с моей помощью. Нельзя, если меня нет, добиться в жизни богатства, мастерства, уважения, карьеры. Разве не я оберегаю людей от мелких страстей и держу их в узде, не я ли предостерегаю их от греха, зависти, соблазнов, не я ли помогаю им собраться и в последнюю минуту удержаться на грани пропасти? Как могут спорить со мной эти двое?”

1 топ  Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын — мен, сенің сөзіңді ұғатұғын — мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» — депті.

Разум сказал: “Только я способен распознать, какое из твоих слов полезно и какое пагубно, будь то в земной или загробной жизни. Только мне дано постигнуть твой язык. Без меня не избегнуть зла, не найти выгоды, не постичь знаний. Почему эти двое спорят со мной? На что они годятся без меня?”

   3 топ   Онан соң жүрек айтыпты: «Мен — адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын — мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын — мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын — мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын — мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» — депті.
Сердце сказало: “Я — владыка человеческого тела. Кровь идет из меня, душа обитает во мне, без меня жизнь немыслима. Я лишаю сна, заставляю ворочаться тех, кто лежит в мягкой постели, вынуждаю их думать о бедных, не имеющих крова, мерзнущих и голодающих. По моей воле младшие почитают старших и снисходительны к меньшим. Но люди не стараются сберечь меня в чистоте и от этого страдают сами. Будь я чистым, не стал бы я делать различия между людьми. Я восторгаюсь добродетелью, я восстаю против зла и насилия. Самолюбие, совесть, милосердие, доброта — все исходит от меня. На что годятся эти двое без меня? Как они смеют спорить со мной?”

Автор:  Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

Выслушав их, Наука ответила:

  4 топ Ғылым айтыпты:    — Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, — депті.
   Наука ответила: “Воля, ты все верно сказала. В тебе еще много достоинств, о которых ты не упомянула. Ничего нельзя достигнуть без твоего участия. Но ведь в тебе таится и жестокость, равная твоей силе. Ты тверда в служении добру, но не меньшую твердость проявляешь и в служении злу. Вот что плохо в тебе.

 

  -Ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да — бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
      екеуінің де сүйенгені, сенгені — сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, — депті.

Разум! И ты прав. Без тебя невозможно добиться в жизни чего-либо. Благодаря тебе мы узнаем о создателе, посвящены в тайны двух миров. Но это не предел твоих возможностей. Лукавство и коварство тоже творения твоих рук. И добрый, и злой опираются на тебя, ты верно служишь и тому, и другому. Вот в чем твой изъян.

Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ — менің ісім, — депті.

 Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды.

Моя задача — помирить вас. Хорошо бы повелителем и вершителем в этом споре явилось Сердце.

Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

Разум! У тебя множество путей-тропинок. Сердце не может следовать по каждой из них. Оно не только радуется твоим добрым замыслам, но и сопутствует тебе в них с охотою. Но оно не последует за тобой, если ты замыслил недоброе, и даже отстранится от тебя с брезгливостью.

 

Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды.

Воля! В тебе много силы и мужества, но и тебя Сердце способно удержать. Оно не станет препятствовать в деле благоразумном, но в деле ненужном свяжет тебе руки.

Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, — деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.

 Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам — сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

 

Вам следует объединиться и во всем повиноваться Сердцу. Если вы все трое мирно уживетесь в одном человеке, то прахом с его ног можно будет исцелять незрячих. Не найдете согласия, я отдам предпочтение Сердцу. Береги в себе человечность. Так сказано и в писаниях,” — сказала Наука.

4  жаттығу «Сөйлемді жалғастыр»

Мен ақыл болсам, мен…    өйткені сеземін

Мен қайрат болсам, мен… өйткені қамқорлық көрсетеді

Мен жүрек  болсам, мен… өйткені жақсы көремін

Мен ғылым болсам, мен… өйткені сенемін

 

5 жаттығу. Жүректен жүрекке Сіздерге не қызық болды? Не ұнады? Не қиын болды? 

Абайдың қара сөздерінен  қандай адами құндылықтарды байқап тұрсыздар?

 

Қорытынды.  Үш ақ нәрсе  адамның қасиеті,  ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамшылық — адамның рухани арқауы.

 Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

 Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махаббат, ғадауатпен майдандасқан

 Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

 

Амалсыз тағдыр бір күн кез болма ма?

 Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан,

 Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?

 

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

 Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

 Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

 

ҚОШЕМЕТ

 

Алғыс айту.  Қөңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Өмірдің өзі сахна!

Күлімде өмір ғажап!