Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері

Мырзағазиева Марал Оңдасынқызы
.
.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шешендік сөздер, шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері, сөз дәлдігі,  тіл тазалығы жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдете отырып,  ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік:  Халқымыздың асыл мұрасы, ұлттық құндылығымыз болған шешендік сөздерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, СТО, топпен жұмыс, жеке жұмыс,
«5 жолды өлең » стратегиясы
Сабақтың  көрнекілігі: Билер портреттері, интерактивті тақтадан слайдтар көрсету, бейнежазба көрсету, постер жазып қорғау, карточкалар
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі         
  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасы 
Шешендік сөздер бойынша оқыған білімдерін еске түсіріп, топ болып талқылап,  постер дайындауға  уақыт беру.  
  Шешен қандай болу керек?
  Шешендік сөз үлгілері бізге қалай жеткен?
  Шешендік сөздер қандай кездерде өмірге келген?
Постерді қорғау кезінде «терең тыңдалымды» талап ету.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
 «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы  шеңбер құрып, сұрақтарға жауап берейік.
Дау мұраты не?
Сауда  мұраты не?
Қыз мұраты не?
Жол мұраты не?
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?
Кеше сөздің екінші буынын алыңдар.
2. Пішен сөздің екінші буынын алыңдар.
3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.
4. Сөзге сөзінің түбірін алыңдар.
5. Діңгек сөзінің түбірін алыңдар.
6. Қалған сөздерді сол күйінде оқы.
жанрлық ерекшелігі
 Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Оқушыларды билердің  нақыл сөздері арқылы арқылы 3  топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Бағалау парақтарын тарату.
Қызығушылығын ояту.
Шешендік сөздер туралы слайдтар, бейнежазба көрсету.
Сұрақ қою:
Қандай шешендер туралы айтылды?
Бұл шешендік сөздің мазмұнында не айтылған?
Ұтымды жауап берген оқушылар  мен топтарды мадақтап отыру. Оқушылардан бейнежазбадан көргендері бойынша әңгімелейді.
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері туралы жаңа сабақты түсіндіру.
Шешендік арнау адам арасындағы  қарым-қатынасты, шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді. 
            Қызылорда қаласындағы билердің атымен аталатын көшелерді картадан көрсету, Әйтеке би кенті жайында бейнежазбаға және ескерткіштерге тоқталып өту.
Үш топқа тапсырмалар беру. Слайдтар арқылы тапсырмаларды орындау.
I кезең «Құпия сандық». Бұл бөлімде шешендердің  сөзінен үзінді беріледі немесе шешендік сөздерді жалғастыруға  байланысты тапсырмалар беріледі.
I топ. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл»- деп қай шешен айтқан?  Шешендік сөздің мәнін қалай түсінесің?  Өзің сөзді қалай қолданасың?
Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады» (Бөлтірік шешен)».
2-топ. Ағын судың өлгені – Жалғастырыңыздар кімдікі? (Жиренше шешен)
Алты ай қыста қатқаны,
Асқар таудың өлгені.
Басын бұлттың жапқаны,
Ай мен түннің өлгені.
Еңкейіп барып батқаны,
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан ой,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
3-топ. Ата-ана  қадірін 
Балалы болғанда білерсің… – деп  басталатын сөз кімдікі, шешеннің сөзін жалғастырыңыздар. (Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы)
Ағайынның  қадірін,
Жалалы болғанда білерсің.
Балалықтың қадірін,
 Саналы болғанда білерсің.
I топ. Құйрығы жоқ, жалы жоқ,  құлан қайтып күн көрер … деп басталатын сөз кімдікі,  
            шешеннің сөзін жалғастырыңыздар. (Асанқайғы)
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтып күн көрер,
Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтіп күн көрер?
2-топ.  «Ағайынның көп болса,
Бірлігі оның бек болса,
 Жамандық жер кез келсе,
 Бір-біріне  сеп болса.
 Бүтін тұрған бұзылмай
Отыз екі  тіспен тең»- кімнің сөзі, мағынасын ашыңыздар. (Шал ақын) 
 
3-топ.  «Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім,
ұқпасқа айтқан сөз жетім …
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы. 
Әйелің жақсы болса,
Бірінші иманың»
II кезең «Кім тапқыр?»  шешендік сөздерге байланысты тапсырмалар беру. Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би суретінде сұрақтар жасырылған.
I топ: Әйтеке бидің нақыл сөздерін құрастыру.
II топ: Көрініс
III топ:  Бейнежазба тыңдау, нақыл  өлеңдерін жалғастыру.
IY Сабақты бекіту.
«Бес саусақ» әдісі. Өтілген тақырып  бойынша не түсінгендігін жазу.
Оқушылар өз шығармашылығынан шешендік арнауға бата, тілектерін оқиды.
  1. Сабақты қорытындылау
Бес жолды өлең. Тақтаға жазу.
Зат есім: Шешен
Сын есім: ақылды
Етістік: Айтысады. Тартысады. Шешіледі.
Синоним: Шешендік сөз-өнер падишасы
Сөйлем: Ол шешендігімен көзге түсті.
Сабақтың соңында алған әсерлерін «Білім ағашына» стикерлерге жазу.
  1. Оқушыларды бағалау.
YII. Үйге тапсырма: Қазақтың би-шешендері туралы мәлімет жинап келу.
Өзіне ұнаған шешендік сөздерден түсінік айту.