Шет тілін оқытудың әдіс-тәсілдері

Бексултанова Айгерім Нұржапаровна

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

.

.

Заман талабына сай білім беру-бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі.Осыған орай қазіргі таңда орта буынды мамандарды шет тіліне оқыту барысында әртүрлі әдістемелік қырлардың қажеттілігі барлығымызға мәлім.Шет тіліне деген қызығушылық күннен-күнге арта түсуде,шетел тілін меңгеру арқылы кез-келген адам басқа елдің тарихын,тілін,мәдениетін,бүгінгі күнгі өмірін таниды.Басқа елдермен қарым-қатынастың кеңеюі және сол шет тілі өз ана тілі ретінде сөйлейтін адамдармен ауыз екі сөйлесу мүмкіндігінің тууына байланысты оқытушылардың алдына қойылатын үлкен талаптың бірі-шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасау.

      Қазіргі заманда адам өзін мәдениеті,білімді деп санау үшін бір немесе бірнеше шетел тілін білуі керек.Бүгінгі таңда өз жұмысына шығармашылықпен қызығушылықпен қарайтын әрбір мұғалім білім берудің жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнын өзгеруіне байланысты өздерінің кәсіби шеберліктерін жаңартуы және заман талабына сай өзгертуі қажет.Олай дейтініміз қазір студенттердің дербес,өз бетінше бағытты түрде дамуына оқытудың түрлі технологиялары қолданылауда.осы әдістердің және технологиялардың ішінен оқытушы өзіне ең тиімдісін таңдап,өз тәжірибесінде

қолдануына мүмкіндіктері бар.Осыған байланысты әрбір сабақты жоспарлау және өткізу кезінде қиындықтар кездеседі,осы проблемаларды шешу үшін өз сабақтарымда оқытудың ұжымдық әдісін үйретуде қолданудамын.

     Жаңа педагогикалық технологиялар сабақтың сапасын жақсартуда себептігін тигізеді,студенттердің қызығушылығын арттырып қана қоймай білімді өз бетінше меңгерулеріне әсер етеді және тұлғаның танымдық қабілеттерін танытады.Себебі студент өз бетімен білімді меңгеруге талаптанса,білімге деген қызығушылығы жоғары болады да,оқуға деген көзқарасы түбегейлі өзгереді.

     Ұжымдық жұмыс студенттердің қызығушылығын ояуы қажет.Сабақ міндетті түрде тілдік жаттығудан басталуы қажет.Тілдік жаттығу барысында студенттердің есте сақтау қабілеттері дамиды.Менің күнделікті сабақтарымда қолданып жүрген ұжымдық әдісім студенттерге сұрақ қоюдан басталады.Тамақ ауруы деген сөзді  естігенде сіздердің ойларыңызға не келеді? Ең маңыздысы сұрақтар адам ойлауының әртүрлі деңгейін көрсетеді.

     Ағылшын тілі сабағында біз көбінесе мәтінді тыңдау арқылы жұмыстар жүргіземіз.Бұл сабақтың қызықты және ұтымды өтуіне көмегін тигізеді.Аударма жұмысы көп жағдайда шетел тілдері және қазақша сөздіктерді қолдана білу біліктіліктеріне қол жеткізуді көздейді.Сөздіктен сөзді іздеп,таба білудің өзі оқығандарын түсіну деңгейін белгілі бір дәрежеде екендігін көрсетеді.Мәтінді топпен отырып сөздікті қолдана отырып аударады.Аударған мәтіндердін әр топ бір-біріне айтып беру арқылы іске асырады.Белгісіз сөздерін теріп жазып мәтінді аудару барысында қолданады.Мәтінді аударып болған соң,осы мәтінге байланысты түрлі тапсырмаларды орындайды.Сұрақтар құрастырады,сызбалар жасайды,грамматикалық жаттығуларды орындайды,сөзжұмбақ құрастырады,ситуациялық тапсырмаларды орындауға тырысады,мәтіннің қысқаша мазмұнын айтады.

    Сабақты қорыту барысында, «не білемін не білгім келеді, не білдім»  сызба-кестесін толтырады.

    Қолданып жүрген қазіргі әдістер мынадай табыстарға жеткізуді деп ойлаймын:

Бірінің ойын бірі тыңдайды;

Оқытушының жұмысын жеңілдетеді, білімді өздері игереді;

Тақырып негізінде ой бөліседі;

Студенттердің белсенділіктері артады;

Топтық қорытынды шығарады;

Сабақ қызықты өтеді;

Топтағы жұмыс арқылы нәтижесін көрсетеді;

Оқытушы мен студентті ізденіске бағыттайды;

Ерекше шығармашылық қабілеті дамиды;

Бірлесіп жұмыс жүргізу дағдылары қолданылады;

Оқытушылар ұжыммен бірігіп жұмыс жасауды үйренеді;

Оқытушы ғана емес,бір-бірінің пікірлерін тыңдап,бағалай білуге дағдыланыды;

Еркін сөйлеулері байқалады;

Бір-біріне сұрақ қойып үйренеді;

Орташа оқитын оқушылар да ортаға тартылып,өз қырларымен таныла бастайды;

Пәнге деген қызығушылығы артып,сабақтың сапасын арттырады;

Қорыта келгенде,оқытушы сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқышулармен ерекше қарым-қатынастың пайда болатынын байқауға болады.Оқытушы негізінен кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы рөлінде болады.Оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың әрекетін жасайды.Түрлі стратегияларды қолдану арқылы оқушының тұлғалық жағынан белсенділігін жоғарылатады интелектісін өсіреді,мінез-құлқын,еңбекқорлығын,төзімділігін,өз ойын нақты айта білу қасиеттерін қалыптастырады.Оқушы білімді амалсыздан емес,шығармашылықпен саналы түрде меңгереді.

 

Әдебиет

1.Дьяченко В.Н. Коллективный способ обучения

2.Журнал, «Специалист» № 6 2003