«Синтаксисті қайталау» ашық сабақ

Амиргалиева Амина Эхкихатовна

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті оқытушысы

.

.

Сабақтың мақсаты: тіл ғылымының бір саласы – синтаксис тарауын қайталау. 
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 
• Нақты мысалдар келтіре отырып тарауды қайталау арқылы оқушының білімін сарапқа салу; 
• Өз ойын еркін жеткізуге,пікір айтуға оқушыларды шығармашылыққа баулу; 
• Қазақ тілін құрметтеп, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: сайыс сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, шығармашылық ой қозғау. 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы. 
Сабақтың көрнекілігі: үлестермелі карточкалар, пирамида

                                                 Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. « Жұлдызды сәт» ойыны. 

III. Берілген тапсырмалардан кейін, әр тотптын жауабын бағалап отырамыз.

3 топқа бөлінеді. Әр топтың өз басшысы және атауы болады. 
Әр топқа 6 сұрақтан беріледі, оларды талдауға 5 минут уақыт бөлінеді. 
1 тапсырма – «Сұрақтар түймедағы» пысықтау жүргізу. 
1 топ 
1. Сөйлем дегеніміз не, оның қандай түрлері бар және оның ерекшелігіне тоқтал? 
2. Қандай қатынасты предикаттық қатынас дейміз, басқа қандай қатынастарды білесіңдер? 
3. Жай сөз тіркесі дегеніміз не? 
4. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеге бөлінеді? 
5. Жай сөйлем және оның түрлері. 
6. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 

2 топ 
1. Сөз тіркесінің негізгі белгілерін ата, оның қандай түрлері бар? 
2. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар? 
3. Тұрлаулы мүшелерге түсінік бер. 
4. Матасу мен қабысуға мысал келтір. 
5. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. 
6. Сөйлем және оның түрлері. 

3 топ 
1. Сөздердің байланысу түрлері мен байланысу тәсілдері туралы не білесіңдер? 
2. Тұрлаусыз мүшелерге түсінік бер. 
3. Атаулы сөйлемнің ерекшелігі. 
4. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. 
5. Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не? 
6. Сөздердің байланысу түрлерін айт. 

2 тапсырма – «Ой толғаныс». (Тапсырмалар интерактивті тақтада берілген) 
1 топ 

Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату. 

2 топ 
Таспаны(магнитофон) пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау 

3 топ 
Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану. 

3 тапсырма — «Кім жылдам». (Әр топқа бір тапсырма беріледі). 
Сөз тіркестері, тұрақты тіркестерді және күрделі сөздерді бөлек-бөлек топтап жазыңдар. 

Туған жер, ардақты кісі, қой ауызынан шөп алмас, балабақша, жылқы мінезді, көркем дүние, мәдениет сарайы, азуын айға білеген, мектепке арнау, ауыл жастары, ит тұмсығы өтпейтін, жүрек жұтқан, қара торы, қабырғаңмен кеңес, озат оқушы, таза үй, кілем, бозторғай, құлақ аспау. 

Сергіту сәті (Әр қатарға бір сөзден қосып, пирамида құрастыр) 

Қарға қарқылдады 
Қарға далада қарқылдады 

4 тапсырма – «Синтаксистік талдау». 

1 топ 
Дәулет нағыз мерген екен: бір топ жігіт ертіп аңға шығып қайтып еді, қасындағы серіктерінің бәрі қайран қалып келді 

2 топ 
Тымақтың түрілмеген құлағы жағын сабалап, шекпенінің етегі делдие түсіп, еңкелей басып Омар Маратты қуып жетті. 
3 топ 
Жіңішке өзенмен қатар, бұлақ бастаулары мол, шалғыны қалың кең жайлау болғандықтан, бұл қонысқа Абай аулымен ілесе көшіп келген ауылдар аса көп. 

5 тапсырма – «Алдын ала берілген тапсырманың жауыбын тексеру». 

Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бағыныңқы сөз қай сөз табынан жасалып тұр? Басыңқы сыңары ше?Берілген сөздерден сөйлем жасауға бола ма? 
1 топ 
Бір құмырсқа,өзенге түсті,құмырсқа түсті,су ішуге түсті. 
2 топ 
Бейшараны соғып,толқын соғып, суға кетіп, кетіп қала жаздады. 
3 топ 
жеті нәрсе ,бесіктің үсті,Бала бөленген, үстіне жабылады. 

Сабақты қортындылау, оқушылардың білімін бағалау, топ жұлдызын анықтау. 

Үй жұмысы: өткен сабақтағы ережелерді қайталау.