Слесарь әлеміне саяхат

Шамаханова Улмекен Ерлановна
Өндірістік оқыту шебері
.
.
Оқытушы: —Құрметті ұстаздар мен студенттер, өздеріңіз білетіндей осы апта «Өндірістік оқыту шеберлері» мамандығының апталығы. Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет.» деп  айқын атап көрсеткені баршамызға мәлім. Олай болса, Елбасы жолдауын негізге ала отырып, апталығымызды «Слесарь әлеміне саяхат» атты цифрлы сайыс сабақпен жалғастырғым келіп отыр.
          Мен осы сайыс сабақ арқылы білім алушылар «Слесарь ісі» өндірістік сабақта алған білімдерінің нақты нәтижесін көрсетеді деген ойдамын. Білім алушыларға тек сәттілік тілеймін, ал сіздерге қош келдіңіздер деймін.
         Оқытушы: Әрқашанда білім көптік етпеген,
                                Талапсыз жан мұратына жетпеген.
                                Сәлем бердік ұландарға талапкер,
                                Дос көңілден, адал аппақ ниетпен- дей келе, цифрлы сайыс сабағымызға  қатысушы білім алушыларды  дәл сіздердің көздеріңізше  соңғы ақпараттық технологияларды  пайдалана отырып және Елбасы жолдауын негізге ала отырып, электронды  ұяшықтарды таңдау арқылы екі топқа бөлуге ортаға шақырамын. «Балға» және «Егеу» топтары.
         Оқытушы: Сайыскерлерімізді сайыс шарттарымен таныстырып өтсем: Цифрлы сайыс- сабағымыз жалпы 7 кезеңнен тұрады. Олай болса кезеңдерге жеке- жеке тоқталып кетсем:
  1. «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған білім алушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 2 бал беріледі.
  2. «Адасқан әріптер» адасқан әріптерден дұрыс сөз шығару. Әр дұрыс сөзге 1 балдан беріледі.
  3. Пәндерді ағылшын тілінде оқытудың тиімді құралы » Quizlet « бағдарламасының «Подбор» кезеңінің тапсырмаларын орындау. Уақытты ұтымды пайдаланған, яғни алғашқы болып бітрген топқа  5 ұпайдан беріледі.
  4. «Көпір» Ойын шарты «Слесарь ісіне» қатысты термин беріледі, қандай әріптен аяқталса, сол әріптен келесі термин басталу қажет. Әр айтылған терминге 1 балл.
  5. «Сергіту сәті» тренинг.
  6. «Quizlet live» ағылшын тілінде ойнатылатын ойын. Жалпы ойын шарты бойынша ең көп ұпай жинаған топқа 5 балдан беріледі.
  7. «Әліпби» Қазақ әліпбиінде әріптердің орналасу тәртібі бойынша жасырылған сандар арқылы сөйлем құрау.  Алғашқы болып құраған топқа 5 ұпай беріледі.
  8. Жеңімпаз топты анықтап, хабарлау.
  9. Сабақты қорытындылау
         Оқытушы:Білім деген биік шың,
                               Бақытқа сені жеткізер.
                               Білім деген ақылшың,
                               Қиындықтан өткізер- деп бүгінгі сайысымыздың 1-ші кезеңін теориялық білімнен- «Полиглоттан» бастасақ.  Бұл кезеңде білім алушылар экранда көрсетілген сұраөтарға жауап беруі тиіс  жәнеде ол жауап қазақ-орыс-ағылшын тілінде болуы шарт.
  1. Қажетті құрал-саймандары, тетіктері бар белгілі бір жұмысшыға бекітілген өндірістік орын қалай аталады?
Жұмыс үстелі     Верстак      Crafting table
  1. Түзу сызық жүргізу үшін қолданылатын құрал?
Сызғыш       Линейка       Ruler
  1. Белгі салу сызықтарын бекіту қызметін атқаратын құрал?
Кернер     Кернер    Knife
  1. Ұратын құрал?
Балға        Молоток        Hammer
  1. Слесарь Слесарь Locksmith
  2. Шапқымен кесу кезінде пайдаланылатын аспап?
Қашау          Зубила           Shisel  
  1. Бұрғылап тесу аспабы?
Бұрғы         Дрель             Drill
  1. Белгі сызықтарын жүргізуге арналған, үшкірленген және суарылып шыңдалған болаттан жасалған стержень?
Чертилка              Чертилка               Scriber 
  1. Металл Металл Metall
         Оқытушы:
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады. — деп келесі кезеңіміз «Адасқан әріптерге» берсек.  Шарты адасқан әріптерден дұрыс сөз шығару. Әр дұрыс сөзге 1 балдан беріледі.
         Оқытушы:
         Келесі 3-ші кезеңіміз Пәндерді ағылшын тілінде оқытудың тиімді құралы » Quizlet «  бағдарламасының «Подбор» кезеңінің тапсырмаларын орындау. Уақытты ұтымды пайдаланған,  яғни алғашқы болып бітрген топқа  5 ұпайдан беріледі.
         Оқытушы:
Ойын толық, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
         Біреу қалып жатады асығыста.- дей келе «Көпір» атты ойынымызға берсек.  Шарты «Слесарь ісіне» қатысты термин беріледі, қандай әріптен аяқталса, сол әріптен келесі терминді айтып жалғастыру.  Әр айтылған терминге 1 балдан беріледі.
        
         Оқытушы:
  1. Сайыс арасында бойымызды жазу үшін «Мен таптым» сергіту тренингін өткізсем қалай қарайсыздар?! Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
  2. «Ағылшынша термин» сергіту тренингі. Білім алушыларға «Слесарь ісіне» қатысты бір сөз айтамын, олар сол сөздің ағылшынша аудармасын қол шапалақтап отырып әріптеп айтып беру шарт.
         Оқытушы:
Ойын толық жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,- деп келесі кезеңге көшелік. «Qizlet live» ағылшын тілінде ойнатылатын ойын. Жалпы ойын шарты бойынша ең көп ұпай жинаған топқа 5 балдан беріледі.
         Оқытушы: 
         Сайыс сабағымыздың соңғы «Әліпби» деп аталатын кезеңімен сабағымызды қорытындыласақ.  Қазақ әліпбиінде әріптердің орналасу тәртібі бойынша жасырылған сандар арқылы сөйлем құрау.  Алғашқы болып құраған топқа 5 ұпай беріледі.
Оқытушы: -Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер, бүгінгі сайыста айтылған ақыл-кеңестерді жадыларыңызда ұстап, ілім- білім алуға барлық  күш- жігерлеріңізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңгі- болашақ маман иелері болуларына тілектестігімді білдіремін!
Оқытушы: Бүгінгі сабағымызды  қазақ әліпбиінде әріптердің орналасу тәртібі бойынша жасырылған сандар арқылы құраған Ахмед Иүгінекидің  «Білім көп өмір аз, Керегіңді тасқа жаз.»қанатты сөздерімен  аяқтауға рұқсат етіңіздер: Сіздерде осы сабақтан алған керекті ақпараттарыңызды дәптерлеріңізге түртіп алыңыздар демекпін.
         Оқытушы:Құрметті ұстаздар мен көрермендер, студенттер және сайысымызға қатысушы топтар бүгінгі сайысымызға атсалысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше, сау саламатта болыңыздар!