Современные педагогические технологии в учебном процессе

Рахимжанова Гульмира Кайыржановна
Преподаватель истории и общественных дисциплин
.
.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді. Заман талабына сай  оқыту үшін технологияның рөлі өте зор. «Технология» — грек сөзі,«өнер, шеберлік» дегенге келеді. Ал, педагогикалық технология дегеніміз- оқушы мен мұғалім  үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастастырудың ,өткізудің  ақырына дейін  ойластырылған, әрі бірлесіп  жедел асырылатын педагогикалық  қызметінің модулі.Қазіргі кезде Д.Б. Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын , Г.К. Селевко мен В.П. Беспальконың сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, ақпараттық технологиялар, мультимедиалық оқыту, электронды  оқытулар кеңінен танымал болып отыр.
Жаңа технологияның басты мақсаты – өздігінен дамуға ұмтылатын, жеке тұлғаны қалыптастыру ,оқушыны  мұғалім  дайындап әкелген жаңа материалды  жәй қабылдаушыдан оны іздеп табуға (табушыға) айналдыру  тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін арттыруда зор  маңыздылығын айта келе , өз педагогикалық қызметінде  сабақ беру процесінде  әдістерді  түрлендіріп отырамын , «ой- қозғау» , «проблемалық сұрақ қою», «синквейн» (бес жолды өлен), « Венн Диаграммасын», «эссе», «білемін, білгім келеді,білдім», «топтастыру», «ассоциация» белгілерін табу, және т.б.
Бүгінгі заманның талабына сай  тарих пен қоғамдық пәндер оқытудағы басты талап – дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан  хабардар, жан жақты  жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму  үрдісіне  өзгеше баға бере алатын, белсенді, ұлтжанды,патриот азаматты тәрбиелеу.Тарих сабағының  бұрын қалыптаспаған түрлерін  пайдалану оқушы  белсенділігін  арттыруда  зор маңыздылығын  айта келе,өз қызметімде  пайдаланып жүрген кейбір әдіс-тәсілдерге назар аударғым  келіп отыр .
Сыни тұрғысынан ойлау  әдісіндекүтілетін нәтиже- оқушылар өз ойын тұжырымдай, басқаларды  тындай біліп, қарым қатынас жасауға үйретеді ,саналылыққа тәрбиелейді.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түкпір –түпкірінен жиылған  білім берушілердің бірлескен еңбегі.Жобаның негізі Ж Пиаже, Л С Выготский теорияларын басшылыққа алады.Мақсаты- барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап , екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім  қабылдауға сабақтарда үйрету.Сын тұрғысынан ойлау деген оқушының бар ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мол ақпараттар ағымнан өзіне қажеттісін таңдап алады.Сын тұрғысынан ойлау уақытты қажет етеді.Оқушы жаңа тақырып  туралыойлардан бұрын сол тақырып туралы  не білетіндігінең өз ойын біліп алу керек.
Мысалы «Саясаттану және әлеуметтану»пәні бойынша- 3 курс «Саяси режимдер»тақырыбында келесі стратегиялар арқылы оқу процесін  ұйымдастыруға болады.
  1. Сабақтың бірінші кезеңі- Қызығушылықты ояту
-Режим) сөзіне  ассоциация  белгілерін табу.
-немесе( ЗХУ)стратегиясын пайдалану -кестеге
білемін білгім келеді танып білдім
2.кезеңі- Мағынаны тану.3 топқа бөлу. Әр топ өздеріне берілген  мәтінді оқиды
1.топ –тоталитарлық тәртіп (режим)
2.топ- авторитарлық  тәртіп (режим)
3.топ – демократиялық тәртіп (режим).
Оқып болған соң сұрақтарға жауап береді:1.Режим ерекшелігі
2.Негізгі ұстанымдары
Жауптарын кестеге салып отырады
Режим Ерекшелігі Ұстанымдары
тоталитарлық тәртіп (режим)    
авторитарлық  тәртіп (режим)

 

   
демократиялық тәртіп (режим).    
Соңында кластер жасау тапсырма беріледі,және топтан екі адам тақтаға шығып таныстырады,түсіндіреді, басқалары кестеге салып отырады.Сабақтың 3 кезеңіОй-толғаныс .Соңғы кезеңі- маңызды бөлім.Алған  білімдерін қорытындайтын кезең.Бұрын не білетінің ,қазір не білгенің салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғаның бағалайды.Сабақ басында жазған кестеге келеміз:Білемін- Білгім келеді- танып Білдім ,егер қойылған сұрақтарға жауап алмаса,балаларға үйге тапсырма ретінде беремін.Мультимедиялық көрініс арқылы оқушылардың тақырыпты түсінгенің көруге болады,мысалы,КСРО,АҚШ,Қазақстан жайлы бейнематериал көрсету арқылы оқушылардың тоталитарлық,авторитарлық,демократиялық режимдер жайлы түсінектерін анықтауға және ой қозғауға болады.Үй жұмысына:Венн Диаграммасын беруге болады.Екі режим салыстыру :Тоталитарлық,демократиялық
Ерекшелігі ұқсастығы ерекшелігі
     
Шығармашылық тапсырма: 3 топқа бөліп-тоталитарлық,авторитарлық,демократиялық режимдер туралы  -бейне сюжет дайындау.Әрине, осыдан да басқа тапсырмалар арқылы оқыту процесін ұйымдастыруға болады,бірақ соның өзінде де сабақ қызықты болады,топпен жұмыс істеу оқушыларға ұнайды,барлығы да қатысып,өз үлесін қосып отырады.
Жалпы,жаңа технологияларды,ал оның ішінде,сын тұрғысынан ойлау технология,сабақта  қолдану барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады.Оқушылар көбірек ізденеді, өздеріне  сенім жүктеу арқылы жан-жақты ақпарат көздерімен танысады.Стратегиялар арқылы оқыту процесінде  келесі нәтижелерге келуге болады:-оқушының белсенділігі артады, -пәнге деген қызығушылығы артады,-бір-бірін сыйлауға, бірлесіп мәселені шешуге үйретеді, -шығармашылық дағдысы қалыптасады .
Тарих сабағында проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану тиімді,себебі проблемалық оқытудың ерекшелігі-мұнда оқытушы білімді дайын түрде баяндап бермейді,оқушылардың алдына проблемалық міндет қойылады.Қазақстан тарихында проблемалық сұрақтар мен  проблемалық тапсырмаларды беруге болады:Мысалы: Проблемалық сұрақ:-Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығы неде?(қазақ тарихындағы орнын ашып көрсету)Оқушылар  сыни тұрғыдан ойлап, өз ойын жеткізеді. (нақты мәліметтерді мысалға ала отырып .)-Проблемалық тапсырмалар:тарихи материалды пайдаланып тың игеру саясатының жағымды және жағымсыз жақтарын  анықтау.Қорытынды жасау.-1916 жылғы қозғалысты тарихта-ұлт-азаттық қозғалыс деп сипаттайды,неліктен? Ой қозғау
Қазіргі кезде педагогикада  жаңа технология , инновация ұғымдары жиі қолданылады.А ол, ең алдымен білім саласына  үнемі ізденіс және білім  мазмұнын  өмір талабына сай жақсарту дегенді білдеріді.Оқыту процесінің  компьютерлік технологиясының  мақсаты-ақпаратпен жұмыс істей білуді  қалыптастыру  және қатынас қабілетін дамыту. Олардың ішінде демонстрациялық тәсілі техникалық құралдарды пайдалану .Көру, есту,білу арқылы оқушылардың оқу материалдарын жетік меңгеруге мүмкіндік береді.Қазіргі  заман талабына сай жүйеленген ,тиімді әдістердің бірі:бейнематериалдарды,мультимедианы қолдану
Қорыта келгенде  ,бүгінде оқыту процесін ұйымдастурыда жаңа технологияларды пайдалану тиімді және нәтижелі.Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету, себебі-педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе — оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру
Список литературы:
  Пайдаланған әдебиеттер:
  1. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
  2. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет.
  3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.
  4. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12.
5.Қойбағарова Ж.Т.Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың білім сапасына ықпалы. Қазақстан кәсіпкері 4 ,2013 ж,17 б
6.Әкбарова А Тарих пәніне  деген қызығушылықты арттыру.Қазақ тарихы,ғылыми-әдістемелік журнал № 1,2014 жыл-36 б