Ұстаз — болашақтың басты тұлғасы

Муратова Гульден Куанышбековна

Тарих пәнінің мұғалімі

.

.

   «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

                                                                                 өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»    

Ыбырай Алтынсарин.

 

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім  мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие  алмайтын  жан  жоқ.Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер 

 шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні темір   балқытқан  жұмысшы  да, егін салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы алдағы еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

Бұл міндетті жемісті орындау үшін, жас маман болғандықтан оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың субъективті ұстанымдарын дамыту» атты әдістемелік-шығармашылық тақырып бойынша және bilimland.kz сайтымен жұмыс атқарып жүрмін.

Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.

Осылайша,тарихты оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін.

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда тек компьютерлік технологиялармен шектеуге болмайды, өйткені адам ақпаратты басқа көздерден де – баспа беттерінен, аудио – бейне құралдарынан алады. Алайда бүгінгі күні, әрине, басымдылық пен маңыздылық компьютер мен коммуникация құралдарына беріліп отыр. Өзім тарих сабақтарында интернеттің көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардық ақпараттық – коммуникативтік және шығарамашылық іс-әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын.

Әрине,жас маман болғандықтан бұл жұмыстарымда кемшілікетер де жоқ емес. Сондықтан келешекте өз әдістемелік технологиялар мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынандай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін:

  • үздіксіз білімділігімді көтеріп отыру;
  • арнайы әдебиеттер оқу;
  • оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізіп отыру;
  • өзіндік сарап жүргізу арқылы ұстаздық шеберлікті жетілдіру.

Қалай болса да тарих сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың патриоттық сезімінің  дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын.