Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

Нуртазаева Акерке Абылайхановна

.

.

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп… қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп ұлы ағартушы, ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтқандай кеудемде жүрегім соғып тұрғанда әрдайым ұстаздық міндетіме мақтанышпен, ұлы ұстаздардың салған дара жолымен  ерудемін.

2013 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің  «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бітіріп, 2016 жылы дәл осы қара шаңыраққа алған мамандығымды шыңдау мақсатында «Кәсіптік оқыту» мамандығына магистратураға оқуға түстім. 2018 жылы қасиетті қара шаңырақта магистр болып, оқуымды тәмәмдадым. 2013 жылдан қазіргі күнге дейін Алматы электрмеханикалық колледжінде «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша оқу-өндірістік шебері және арнайы пән оқытушысы болып қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеудемін.

Іске деген сүйіспеншілігі бар ұстаз жақсы ұстаз болады. Егер ұстаз шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де, шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ ұстаздан тәуір болмақ. Егер ұстаз өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. «Ұстаз өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана ұстаз, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның ұстаздығы да жойылады» — деп К.Д.Ушинский айтқандай әрдайым өз білімімді көтеріп, жетілдіріп отыруға тырысамын.

Колледжде ұйымдастырылып отырылатын қалалық, халықаралық семинарларға қатысып, ашық сабақтар өткізіп, отандық және шет елдік баспаларға да мақаларлар жазып, ұдайы өз білімімді жетілдіруге де көп көңіл бөлемін. Атап айтқанда, «Култура, образование и наука во благо общества» атты ІІ – Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясында «Роль высшего образования в развитии челевеческих ресурсов в современнном обществе», «Дуалдық оқыту жүйесінде колледждердің оқу бағдарламасына сәйкес өндірістік оқытудың қажеттілігін айқындау» атты мақалам оқытушылардың кәсіби шеберлігін көтерудегі әдістемелік жұмыстардың нысандары атты дөңгелек үстелдің материалдары жинағында, «Колледж: Кәсіби білім беру» Республикалық педагогикалық-әдістемелік журналына «Болат өндірісі», «Кәсіптік мектеп – Профшкола» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикадық журналына «Қозғалтқыштың майлау жүйесінің бөлшектерімен танысу және жұмыс істеу принципі», 2017 жылы Болгарияда «Актуальные достижения европейской науки»  атты XIII – Халықаралық ғылыми–практикалық конференциясында «Колледж педагогының педагогикалық қызметі негізінде құзыреттілігін арттыру», 2018 жылы Великобританияда «Наука и цивилизация» атты XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Колледж педагогының педагогикалық қызметі негізінде құзыреттілігін арттыру» тақырыбында мақалаларым жарияланды.

«N&T CONSALTING COMPANY» орталығында «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып білім сапасын көтеру тиімділігі» атты 72 сағаттық тренинг, семинар курсын, «Кәсіпқор» холдингінің «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі тақырыбында 72 сағат көлемінде курсы, «АИТВ инфекциясының мәселелері және оның алдын-алу» тақырыбында семинар-тренинг, «Оқу өндірістік сабағындағы инновациялық технологияны пайдаланудың тиімділігі» 72 сағат, «Кәсіптік стандарт құрылымын оқыту бағдарламаларына жобалау технологиясы» 72 сағат, «Оқытушылардың кәсіби шеберлігін көтерудегі әдістемелік жұмыстардың нысандары» атты қалалық семинар, «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» курсы, «Исползование современных технологий в учебном процессе» 72 сағаттық курсы, «Организация образовательного процесса по кредитной технологии обучения в колледже» атты І Халықаралық педагогикалық оқуларға, «Кәсіпқор» холдингінің модульді-құзыреттілік негізінде әзірленген білім бағдарламаларды енгізу бойынша аймақтық семинар, «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері және ендіру әдістері» 72сағат, «Арнай пәндер» номинациясы бойынша «Техникалық және кәсіптік білім берудегі үздік интерактивтік сабақ — 2015» Республикалық сайысына қатысып, семинар-тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарынан өз білімімді жетілдіріп отырдым. Осы курстарға, көптеген іс-шараларға қатысып, ізденуімнің  арқасында әр-түрлі жаңа технологиялдарды меңгеріп, қазіргі таңда сабақтарымда Ж. Қараевтың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі», «Кайдзен», «Интербелсенді оқыту әдісі», «бесөлшемді оқыту жүйесі», «Ақпараттық», «Модульдік оқыту»  технологияларын  қолданудамын.

   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек. Ұстаздық тәжірибиемде жеткен жетістіктерім: PLANET Skills Халықаралық ағартушылық жобасы  негізінде Республикалық кәсіби сайсында «Үздік сабақты әзірлеу» номинациясы бойынша ІІІ – Дәрежелі диплом, І Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатыстаны үшін Құрмет Грамотасы, «Жас білімпаз» атты IV Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында студентім І орынға ие болғаны үшін Диплом, VII Қалалық ғылыми жұмыстар сайсында студенттерім жетістікке жеткені үшін Алғыс хат, І Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысып, екі кезеңнің қорытындысы бойынша ІІІ Дәрежелі Диплом, Кәсіби жетістіктері үшін «Ұстаз» Алматы қалалық кәсіподақ ұйымынан Құрмет Грамотасы, 2016-2017 жылы «Үздік шебер» байқауына қатысқаны үшін Алғыс хат, «Оқу және өндірістік білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану жолдары» тақырыбында колледжішілік Педагогикалық оқуларға қатысып, баяндама жасағаным үшін Алғыс хат, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу ісіндегі елеулі еңбегі үшін Мадақтама, Мұғалімдер күніне мадақтама, PLANET Skills Халықаралық ағартушылық жобасы  негізінде «Білім планетасы» Республикалық сайысында студенттерімнің жетістігі үшін ІІІ Дәрежелі Дипломдарына ие болдым.

Сонымен қатар, шәкірттерімді де әр-түрлі қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болдық. Атап айтқанда: қалалық «Тұран Үміті — 2016», «Тұран Үміті — 2017», «Тұран Үміті — 2018», «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығының «Жас білімпаз», PLANET Skills Халықаралық ағартушылық жобасы  негізінде «Білім планетасы» Республикалық байқауында ғылыми-жоба қорғап, жүлделі ІІ, ІІІ орындарға ие болдық.

Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан — жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу — өзімнің басты парызым деп санаймын. Олай болса, ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған әрбір адам ұстазға құрмет көрсетуді өзінің борышы деп санаған дұрыс.

            Қорыта айтқанда, әр ұстаздың алдындағы мұраты – өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әр шәкіртін шығармашылық тұлғаға жетелеу. Әр баланың қабілетін, талантын ашу, өз — өзіне сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті.

 

Мақтан тұтып, өз сүйген мамандығын,

Тәрбиелеп, бағыттаған аға буын.

Айшықты бейнені сараптайтын,

Жас маман көзқарасы жаңа бүгін.

Жетістікке жетіп әрбір шәкіртіміз,

Бағындырсын ең биіктің дара шыңын!