Ұстаз –ұлағатты ұғым

Дюсембаева Толганай Мусилимовна

Бастауыш сынып мұғалімі

.

.

         Ұстаз болу –әр баланың ішкі жан дүниесін терең түсінетін  ұстаз .Ұстаз үйде балаға ана,ошақтың ұйтқысы болса,мектепте отырған әрбір оқушыға екінші анасы.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаға, сеніммен қабылдап ,шәкіртім деп келешегіне жол ашатын да осы ұстаз.Оң мен солын білмей ,қаперсіз еш уайымсыз келген баланы қабылдап алу ,ұстаз үшін үлкен мәртебе.Үйде ерке ,ата-ананың ,ата –әженің тәрбиесінде келген баланы өз икеміңе қарай бағыттап алу да,ұстаздың шеберлігіне байланысты.Әр баланың жанұясында қандай келеңсіз жағдай  болғанын да біліп , хабарласып ақыл кеңесін айтып , бала  тәрбиесіне  нұқсан келмеуге шақыратын да осы ұстаз.Өмірде талай жағдайларды отбасылық ,оқушылар арасында  кездестіріп оны жылы жауып қойған емеспін.Алғаш 1-сыныпқа 32 баланы қабылдап алдым.Алдымдағы 6-оқушы сол қолымен жазатын оқушылар  болды.

        Ол оқушылардың арнайы отыратын орындары бар.Баланың сол жақ шынтағына  бөгет жасамауын қадағалап отырамын .

        1993жылдардың күзі еді.Оқушылардың мектепке қолдарына қалам ұстамай келген оқушыға ,қаламның ұстауына қолынан ұстап жетектеп ,жазып -сызуға ,оқуға бейімдеп сынып кетпеуіне көңіл бөліп жәрдем бересің. Оқушы көп уақытын мектепте өткізеді .Сол себепті оқушыға ақыл –кеңес айтып ,әртүрлі ертегі кітаптар оқып оқушыны баптайсың. Кейбір оқушы  есіктен сыныпқа қуана оқуға қызығушылықпен кіреді. Қайсы бір оқушы ұйқысы қанбай есіктен жылап кіреді .

Сол уақытта ұстаздың ролі ерекше болуы тиіс. Баланың ырқына қарай сөйлеп, ақылмен алдап, жылы –жылы сөзбен баланың көңілін аулап алу ұстаздың міндеті.

Кейбір бала бірден барлығын біліп тоқи қоймайды .Жүре келе оқушылар  арасынан

байқалып қалып отырады. Сондай уақытта балаға қолпаштап, мадақ сүйетін балаға жылы сөздер айтып ,баланы иландыру ,мерейін көтеру қажет.

      Бала үйдегі ата-ананың ұрыс-керісінен де, әртүрлі келеңсіз жағдайлар бола қалса ,балаға үлкен қасірет .Әсіресе ата-анасының бөлек кетіп жатқаны балаға ауыр тиеді. Сынып оқушыларының күнделікті тазалығы да, ұстазына тікелей байланысты.

Баланың сабаққа келгенде түймесінің дұрыс тағылмағаны да ,бәтеңкесінің бауын байлап , киімін түзетіп отыратын да осы ұстазы.

Алдыңнан 4-жыл оқып ,орта буынға аяқ басқан оқушы да әр кезде алғашқы ұстазын сағынып ,көпке дейін үйренісе алмай жатады.

       Сынып оқушыларының арасында өзін жеңілтек ұстайтын еліктегіш оқушылар да кездеседі. Ондай жағдайда баламен тығыз байланыста  болған жөн. Баланың үлкендерге ілесіп ,өз деңгейінен жоғары ұстауы сыныптағы жолдастарына да, ұстазына да әсер етуі мүмкін .Сол себепті,ұстаздың барлық жағынан хабар алып, сырттай бақылап ,ондай оқушыларға әңгімелер айтып сынып ішінде жеке дара сырласып отырған жөн. Кей кездері баласы үшін сөзге келіп ,ұстаз алдында ата-аналары келеңсіз жағдайларға қалып жатады. Сол сәтте ата-ананы басып ,ақыл-кеңес айтып жаймен сөйлесіп,кішірейіп білімділігін көрсетіп жатады .Ол да ұстаздың шеберлігі.

       11 жыл мектеп қабырғасында оқып ,мектеп түлегі атанған оқушыға да ұстазы

ақ жол тілеп Қазақстанның беделді азаматы болуын армандайтын осы ұстазы.

Ұстаз алдынан шебер де, ұшқыш та, ғалым да білім алады .

«Ұстаз-ұлағатты ұғым»- деп текке айтылмаған.