ҰСТАЗДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНДЕРІ

Саханова Гульжан Агабековна

.

.

       Елбасы өзінің Үндеуіндегі «Халықаралық өлшемдер деңгейінде әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық проблемаларды шеше алатын білікті маман болу үшін оқу керек. Сіздерді, сондай-ақ өз елдерімен қатар бүкіл әлемнің мәдениеті мол тарихын, әдебиеті мен өнерін терең меңгерген, өз ой-өрісін жан-жақты дамытуға ұмтылған адамдар қатарынан көргім келер еді,» — деген сөзін білікті, білімді жастарға арнап, үміт артады, сонымен бірге, ұлағатты ұстаздарға жауапкершілік жүктеп, еліміздің болашағын тәрбиелеу жөніндегі мәртебелі жұмыстарын өз дәрежелерінде атқаруларын есімізге салғандай.

     Халқымыз, елбасы айтқандай білікті, білімді адам-жастарды тәрбиелеу проблемасы көп, күрделі, сондықтан өзара байланысқан келесі педагогикалық әрекеттер өз дәрежесінде зерделеніп, игеріліп, жүзеге асырылуы тиісті, атап айтсақ:

  1. Теориялық білімді үздіксіз толықтыру, жетілдіру әрекеттері.
  2. Оқыту әдістемесін үнемі шыңдау әрекеттері;
  3. Диагностикалық әрекеттері;
  4. Конструктивті-жобалау әрекеттері;
  5. Ұйымдастыру әрекеттері;
  6. Ақпараттық-түсіндіру әрекеттері;
  7. Коммуникативті-ынталандырушы әрекеттері.
  8. Талдау-бағалау әрекеттері.
  9. Зерттеушілік-шығармашылық еңбек әрекеттері.

 

Әрекеттердің әрқайсысын ретімен қарастырып, олардың мән-мағынасын тілге тиек етіп, ретімен баяндайық.

Теориялық білімді үздіксіз толықтыру, жетілдіру әрекеттерінің орны ерекше маңызды оқу материалдарын талап деңгейінде біліп, оларды толықтырып отыру, білім мен біліктіліктің ұштасуынан тиянақты, терең білім беруге үмітімізді арттырады. Ғасырлар ұлылығы: «Немен туылсам, қалай дүниеге келсем маған – ол Құдайдың сыйы, немен дүниеден озсам – менің Құдайға сыйым» дегендей, құдай берген қабілеттер арқылы білім негіздерін игеру және оны үздіксіз толықтыру, жетілдіру, шыңдау ұлы әрекет.

Оқыту әдістемесін үнемі шыңдау зерделеген, игерген білімдеріңізді түрлі әдістермен шәкірттерге жеткізе білу үлкен абырой, жауапкершілік оқыту әдістемесін түсіну үшін мынадай ертедегі даналыққа назар айдарайық: «Қарнымыз ашса, балық берсін, белгілі мерзімде тоқ боласыз, кейін амалсыз аштыққа тап келесіз. Егерде, балық аулауды үйренсе, ағза қажет кезде еңбек етіп – балық аулап тоқ боласыз» — дегендей теориялық білімдеріңізді тәжірибемен ұластыру, жеткізу, оқыту, тәрбиелеу әдістемесін іздестіріп, оқыту-тәрбиелеуді жетілдіре бересіз.

Үздіксіз оқыту, тәрбиелеу белгілі дәрежеде табыстарға жетелеп, оқытудың табыстары қалай білдіреді, жүрегіңізге түскен сәуле теориялық білімдеріңізбен, тәжірибелеріңізді байланыстырып, шәкірттерге оқу материалдарын түсінікті дәрежеде жеткізе білу аса маңызды. Диагностикалық әрекеттер шәкірттерді зерделеп, олардың тәрбиелеулерін, білім алу сапаларын, даму деңгейлерін анықтауға бағытталған жоспарлы,мақсатты педагогикалық процесс. Ол deagnosis – грек сөзінен, распознавание, определение – анықтап тану, анықтау деген мағынаны береді, оқу- тәрбие жұмыстарын ата-аналар, қоғам талаптарына лайықты дәрежеде жүргізу, өзіміздің жауапкершілікті түсіну мақсатымыздан шығу талабында болу үшін оқушылардың әрқайсысының денсаулығын, психикалық дамуын, олардың ақыл-ойлары деңгейін, тәрбиелеу салаларын, адамгершіліктерін, отбасы жағдайларын т.б. жан-жақты, толық білу шарт. Жас жеткіншектерді барлық қатынастарда тәрбиелеу, оқыту және дамыту үшін олардың өздерін жан-жақты ең алдымен білулеріміз қажет. Бұл үшін ұстаз психология, педагогика проблемаларынзерделеп, теориялық білімдерін практикада қолданып, күнделіктер жүргізіп, әріптестерінен үйреніп, ата-аналармен ақылдасып, тұрақты байланыста болып, шәкірттермен ынтымақтаса жұмыс жүргізіп, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін, әрекеттерінің сипаттарын, мүмкіндіктерін зерделеп, бақылап анықтап талдап, қорытындылар жасап, іс жүзінде пайдаланыңыз, мақсатыңызға жете түсесіз.

Бағдарлау-болжамдау әрекеттер ұстаздың тәрбие жұмыстарын жүргізу бағыттарын, олардың нақты мақсаттары мен міндеттерін тәрбие жұмыстарының әрбір кезеңінде анықтап білуі, сол сияқты әрбір сабақты өтуде оқытуда оның мазмұнына сай мақсатын, міндеттерін болжамдап, тұтастығын анықтап, практикада қолдана білумен, оның нәтижелерін баяндаумен байланысты.

Мұндағы болжамдау – прогноз жасау грек сөзі ого- алға және ghosis – білім дегенді білдіру, алдағы білім алу, тәрбиелену шамасын білу, жоспарлап, мақсатқа жету үшін еңбек ету әрекеттерін білдіреді. Мысалы, топтағы (сыныптағы) білім алушылар арасында ынтымақтастық жетіспейді, ұжымдық байланыстар сапасыз, оқуға деген ықылас төмен. Осы болжамдарға сүйеніп білім алушылардың ынтымақтастықтарын арттыру, өзара байланыстарын  жетілдіру, оқуға деген ықыластарын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу үшін шәкірттермен ашық, нақты әңгіме жүргізіп, ата-аналармен пікірлесіп, әріптестермен ақылдасып, бірлесе еңбек етіп, жұмыстарды жоспарлы, тыңғылықты жүргізуді талап етеді. Бағдарлы – болжамдау  тұрақты жүргізіліп, оқыту мен тәрбиелеуде даму жетіле түседі, мақсатқа жету қамтамасыз етіле береді.

Конструктивті – жобалау әрекеттер бағдарлы-болжамдармен тікелей, жанды байланысқан, педагогикалық жұмыстарды шыңдай түсіп, теориялық білімдерімізді,практикамен тікелей байланыстыра еңбек етуді міндеттейді. Нақты сабақ тақырыбы, тәрбие сағатының мәнін арттыру мақсатымен міндетті конструктивті шешіп, оны саналықпен сапалыға жетуді жобалап,тиімділігін арттыру үшін озық тәжірибелерге сүйеніп, педагогикалық технологияларды жүзеге асыру болып табылады. Конструктивті – жобалау әрекеттерді жүзеге асыру үшін еліміздің ұлттық мерекесін, мемлекеттік мерекелерді, кәсіби және өзге де мерекелер, сонымен бірге көңілділер, тапқырлар клубы, пәндік кештер, дәстүрлі кеңесулер т.б. іс-шараларды өткізуде, оқу үлгерімі жөніндегі істерде ұжымдық бірлікті арттыру басты міндет екендігін түсінеді.

Ұйымдастыру әрекеттері сабаққа, тәрбие жұмыстарына оқушыларды қатыстыру     олардың белсенді әрекеттерін бағалау, ынталандыруарқылы өлшенеді. Ол үшін ұстаз бірқатар ұйымдастырушылық, басқара білу қабілеттерін игерулерін өмір талап етеді. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде нақты ұйымдастыру жұмыстарын анықтап, олардың белсенділіктерін қолдап, бірлескен жұмыстарын жоспарлап, оларға жұмыстарды қабілеттеріне қарай бөліп бере білу, олардың әрекеттерін, орындалу мерзімі мен сапасына сай лайықты бағалау жасау. Бөлініп берілген жұмыстарды орындауларына дем беру, жастыққа тән романтикалық элементтерді енгізіп, еңбектеріне лайықты бағалау жасап, орындалу сапаларына ұтымдылықпен мадақтаулар жасай білу.

Ақпараттық-түсіндіру әрекеттері арқылы шәкірттердің оқып, зерделеп, зертханалық жұмыстар жасап, алған білімдерін, көзқарастарын, адамгершілік, эстетикалық ойларын, білімдерін, талғамдарын, мәдениеттерін, жеке қалыптасуларының деңгейін көрсетеді. Тәрбиелену, оқып білулерін дамыту, білімдерін пайдалана білу ақпараттық-түсіндіру әрекеттерін, көзқарастарына және адамгершілік-эстетикалық ойларына негізделіп, өзі оқытатын пәнді терең білуіне, оқыта білу әдістемесін игеруіне, оған ғылыми-көзқарастың сеніміне тәуелді. Білімді, білікті, үздіксіз білімін, тәжірибесін толықтырып шығармашылықпен еңбек ететін ұстаз жаңа ғылыми идеяларды шәкірттерге сенімді жеткізіп, оқытып «бұлақ көрсе,  көзін аша біледі». Идея, грек сөзінен idea  — түсінік, көз алдына келтіру, түсінігі болу, ақпараттық-түсіндіру тиянақты білуге жеткізеді. 

        Коммуникативті – ынталандырушы әрекеттер ұстаздық тікелей еңбегі, білімі, біліктілігі, қайырымдылығы, мәдениеті, адамгершілігі, жеке жақсылықтары, әрбір шәкірттің болашағынан үміт  күтуі, жан-жақты үлгілігі тірліктері арқылы үлгі дәрежесінде болуы, өзіде барлық уақытта көмек беріп, қол үшін беруге үгіттеуімен танылуы.

       Білімді, білікті, еңбекшіл, шәкірттерге деген ыстық ықыласы, адамгершілігі, жақсы істерге бастама болуы, көпшіл болуы, ауырып қалғандарға, әлсіздерге көмек беру, кішіге көмек, үлкенге ізет көрсетіп, қыз балалары аналарға деген құрметі арқылы тікелей үлгілі болып, қайырымдылықты көрсетулерімен ізгілік жасауға үйренуі.

       Ұлы Абай «Адамның адамшылығыжақсы ұстаздан болады» деп нақты, көрегендікпен айтса, Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» өте әділетті, ұлылықпен айтқан,  ал Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы? – деп ұлылығын көрсетіп, алдымызға міндет қойып, толғандырады. Ғалым, әдебиетші, академик Қажым Жұмалиев былай дейді:«Шың мәніндегі педагогтің ерекшелігі – өзінің барлық білімін ғылыми – зерттеу тәжірибесін түгелімен шәкірттеріне беру, өз шәкірттеріне өз баласындай қарап, олардың жетістіктеріне сүйсініп, кемістік жақтарына күйіне білуі».

       Талдау-бағалау әрекеттері оқыту мен тәрбиелеу процесіне талдау жасап, оның барысының оң және теріс жақтарын анықтап, өзара салыстырып, кемшіліктерді болдырмау жолын тауып, бәріне лайықты бағалау жасау арқылы мақсатымыз бен міндеттерімізге түзетулер енгізу. Талдау – бағалау әрекеттері оқу-тәрбие жұмыстарында кері байланысты жүзеге асырып, оқу-тәрбие жұмыстарына дер кезінде түзету енгізу, ақылдасу, кеңесу, бірлесу нәтижесінде озық педагогикалық тәжірибелерді кеңінен пайдаланып оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру.

      Талдау-бағалау әрекеттері жоспарлы, дер кезінде жүргізілсе, тәртіп төмендемейді, әрбір сөз, ұсыныс жерде қалмайды, үлгерім жоғарыламаса, төмендемейді, айтылған сөзді орындауға ұмтылады. «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе күніңде бір рет, болмаса жұмасында бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал» деп айтқан Абай ақылы, ұлылығы талдау- бағалау әрекетінің қажеттілігін көрсетеді.

        Зерттеушілік – шығармашылық еңбек әрекеттер педагогикалық теориялық білімдерін тәжірибеге сүйене келе ғылыми-әдістемелік білімдерге, нұсқауларға, озық тәжірибелерді зерделеп, оқу-материалдық базаларды толық мәнінде, сапасында пайдаланып оқыту-тәрбиелеуге бүкіл энергиясын аямай, жауапкершілікпен, жалықпай ұстаздық етуі арқылы шығармашылыққа ұластыру.

       «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай зерттеу жұмыстарын ойдағыдай жүргізіп – оқу-тәрбие жұмыстарының оң жақтарын, табыстарға жеткізген әдістерін зерделеп практикада қолдануға зерттеушілік-шығармашылық әрекеттер тікелей негіз болады, оған ақылмен қарап, жинақталған білімдерді, толықтырып, сабырлы, үздіксіз жетілдірулер-барлық бағытта шығармашылыққа айналуы мәнді. Оқыту мен тәрбиелеудің күрделі міндеттерінің табысты шешілуі оқу мен тәжірибенің сабақтас ұғым екендігін терең түсінген ұстаздың зерттеушілік-шығармашылық әрекетіне байланысты.

        Педагогиканың шын мәні ата-аналар, қоғамның талаптарын орындау мақсатымен өздерінде ізгілік, талап, таланттың алғы шарттары бар сезімтал, нәзік болашақтарынан мол үміт күттіретін жастарымыздың ертеңі үшін үмітпен қарау, еңбек ету, ұстаздық әрекеттерімізді абыроймен орындау.

       Ұстаз шеберліктерін шыңдау, біліктіліктерін арттыру жолы-ізденіс, талапты еңбек арқылы шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы білім беру мақсатымен педагогикалық әрекеттер өз дәрежесінде өткізілуін өмірдің өзі талап етеді.

        «Мен білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертуді мемлекетіміздің басшысы Қазақстан халқына арналған «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» — жолдауында (Егемен Қазақстан, 2002 жыл, 30 сәуір №96 (22999) ұстаздық педагогикалық әрекеттерінің ғылыми, ғылыми-әдістемелік негізінде жауапкершілікті түсіне еңбек ету арқылы терең білім, саналы тәрбие берілетіндігін пайымдау қиын емес, тек іс жүзінде еңбекпен шығармашылықты іске асыру міндеті, абыройы.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы.      Егемен қазақстан. 2017ж.
  2. Қ.Ш. Жолжақсынова, А.Ш. Орақова “Білім беру технологиялары – оқыту     үрдісінде”. Алматы, 2009ж.
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту     тұжырымдамасының жобасы/ Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003ж.
  4. Лында А.С., П.А. Жилзов. Педагогика. Москва: Высшая школа, 2000.