«Ұстаздықтың мәңгі өшпес шамшырағы» атты ұстаздар күніне арналған концерттік бағдарлама

Төребеков Нұралы
.
.
1-жүргізуші: Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух.
 Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі студенттік өмірге қадам басқан шәкірттерімізге арналған кешімізге қош келдіңіздер. Жаңа оқу жылымызбен шын жүректен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:  Бүгінгі студенттерді қарсы алу кешін ашық деп жариялаймыз.
Шашу шашу шашайық,
Ұлы кітап ашайық.
Бұл мереке бұл тойды,
Құран Кәріммен бастайық.
3-курс студенті Дүйсенбек Аружанды жанды рахатқа бөлейтін Құранмен қарсы алайық.
1-жүргізуші:Ұстаз -ана болашақтың анасы,
Ұстаз -ана ақыл білім данасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы,-
дей келе Ұстаздарымызды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:       Аллаһтың асыл дінін  үйретеді,
Ахлақ пен араб тілін сөйлетеді,
Мәзхабтар тарихына терең бойлап,
Мавлюда ұстаз білім жолын сүйдіртеді.
 1-жүргізуші: Тілейміз біз амандық пен денсаулық,
Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты.
Білім алған Раушан ұстаздан,
Біздей шәкірт шынында да бақытты.
2-жүргізуші: Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын-ай,
Көп студенттің досындай.
Бақтыгүл Ұстаз осындай.
1-жүргізуші:  Жұмсақ көркем мінезді,
Білікті ұстаздың бірі еді.
Ферузадай ұстазды,
Барлық қыздар сүйеді.
2-жүргізуші: Беретін ілім сарқылмас,
Ұстаздар деген жауһар тас.
Гүлі болған бірі ұстаздың,
Нұржамал атты нұр ұстаз.
1-жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Келеді менің ұстазыма ұқсағым.
Көркем, қарапайым қашанда,
Құрметтейміз өзіңізді ұстазым.
2-жүргізуші: Ақ көңіл жадырайды жаны жайсаң,
Түзулеуге жүгірер жолдан тайсаң.
Кей кейде Перизат ұстаз мәнді сөзбен,
Анамызға ұқсайсыз жаны дархан.
1-жүргізуші:  Жүрегінен төгіледі мейір бізге,
Жан әпкеден аумаған пейілімен.
Тәрбиелеуден талмаңызшы Ханзада ұстаз,
Толастамас нұр шашқан жанарменен.
2-жүргізуші: Еңбегін медресе үшін аямаған,
Гүлімхан ұстаз шәкірттерін аялаған.
Компьютердің қыр-сырын меңгерем деп,
Панаңда барша студент саялаған.
 1-2 жүргізуші: Нұрипа ұстаз- химия пәні,
 Насима ұстаз-орыс тілі және әдебиеті,
 Гауһар ұстаз-биология пәні,
 Асылзат ұстаз-физика пәні,
 Мейрамгүл ұстаз-тарих,
 Аягөз ұстаз-алгебра,
 Жазира ұстаз-дене  шынықтыру,
 Дана ұстаз-қазақ тілі және әдебиеті,
 Жұлдыз ұстаз-құқықтану пәні,
 Қыздархан ұстаз-шет тілі,
 Хабиба ұстаз-Құран,
Хадиша ұстаз-Құран,
Айгүл ұстаз-,
Адина ұстаз-ислам әдептері,
Тәрбиеші ұстаздар: Салтанат ұстаз, Бақытнұр ұстаз, Жұлдыз ұстаз,Айша ұстаз,- сіздерді ортаға шақырамыз.
Құттықтау сөз кезегін құрметті ұстазымыз Мавлюда ұстазымызға береміз.
 2-жүргізуші: 3-курс студенттері Шарипа,Назира, Аяжанның орындауындағы биді тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылынан бастап Жастар ұйымы құрылған болатын. Қазіргі таңда Жастар ұйымы өз жұмысын бастады, оны бүгінгі кешімізден де байқауға болады.
2-жүргізуші: Ендігі кезекті жанымызды жадыратып, көңілімізді көтеретін медресеміздің көңілді тапқырлар тобына берейік.
1-жүргізуші: Құрметті шәкірттер, белгілі бір мамандық иесі атанып, өмір жолына енді қадам басқалы отырған жас студенттер білім беріп, тәрбиелеген ұстаздарымыздың сенімін ақтайсыздар  деген үміттеміз. Биылғы жаңа оқу жылдарыңыз табысты болсын! Кешімізді студенттердің “Mедресем” әнімен аяқтаймыз.