Сценарий на районный конкурс: «Мир сказок» — Сказка «Теремок»

Алисейчик Наталья Геннадьевна
.
.
Кейіпкерлер: Автор, Тышқан, Бака, Қоян, Түлкі, Қасқыр, Аю.
.
Әуен (барлық жүреді орманда)
-Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан тоқтап:
 – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Енді үйшік қасына бақа келеді
-Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? 
Тышқан:
– Мен тықырлауық тышқанмын!
–  Ал сен кімсің?
Бақа:
– Мен бақамын!
– Кел, бірге тұрайық.
Үйшік қасына көңілді ытқып-ытқып қоян жетеді.
Қоян:
-Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?  
Тышқан:
– Мен тықырлауық тышқанмын!
–  Ал сен кімсің?
Қоян:
– Мен қоянмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді.
Мышка приглашает Зайца за дастархан.
Тышқан:  Ауыз ти.
 Автор: традиция казахского народа Ауыз тию – обозначает «отведай угощение»
Древний обычай казахского народа. Кто бы ни пришел в дом, казах его не отпустит, пока гость не отведает угощения. Ауыз тию и означает «отведать, попробовать еду». казахи выставляют на дастархан угощение или просто хлеб и просят гостя отведать.
Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
Түлкі – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан– Мен тықырлауық тышқанмын!
Қоян – Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі – Мен қу түлкімін!
Бақа:
-Өз өнеріңді көрсет!
Лиса танцует танец.
Конаккаде – традиция, в соответствии с которой хозяин дома имеет право попросить гостя спеть песню или сыграть на музыкальном инструменте. Конаккаде — испытание гостя искусством, а также залог веселого застолья.
Тышқан мен Қоян – Кел, бірге тұрайық.
Автор: Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеуі болды.
Үйшікке  айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
қасқыр – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан – Мен тықырлауық тышқанмын!
Қоян – Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі –– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
– Мен сұр қасқырмын!
 Түлкі, Тышқан мен Қоян –– Кел, бірге тұрайық. Хозяева угощают волка.
-Қасқыр-Рахмет,дәмді!
Садиться за достархан и произносит  БАТА – благословение
Бата сложилась как традиция. Благословение дают в виде песни, стихотворения или в художественно-прозаической форме, поэтому бата существует как литературный жанр. Остерегает человека от неблаговидных, безнравственных поступков, побуждает его к благородным, добрым деяниям.
Бір күні үйшік қасында аю   тұрғындарының дауыстарын естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
Выходит под музыку медведь.
 Қасқыр – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан – Мен тықырлауық тышқанмын!
Қоян – Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі – Мен қу түлкімін!
Қасқыр – Ал мен болсам, сұр қасқырмын!
Түлкі, Қасқыр, Тышқан мен Қоян  Ал сен кімсің?
АЮ – Мен қорбаңбай аюмын!
Түлкі, Қасқыр, Тышқан мен Қоян  – Кел, бірге тұрайық.  
Автор:  Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды.
Амалы таусылған аю:
АЮ – Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын
Түлкі, Қасқыр, Тышқан мен Қоян  – Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды.
 Аю — Қорықмаңдар
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді.
Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.
АСАР — традиция совместного безвозмездного труда Это одна из замечательных традиций в жизни казахского народа. Со всего аула собираются люди — от стариков до детей — и общими силами выполняют определенную работу, часто непосильную для отдельной семьи. Такой организованный на добровольных началах и коллективный труд и называется асаром..
Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.
Все животные поют песню о дружбе и угощают гостей баурсаками.