Қош келдің, студент!

Суинбекова Г.Т.
.
.
Мақсаты: Студенттерді студенттік қатарына қабылдау,Студентік өмірдің қызықты да көңілді,қиын да сәттері болатының түсіндіру.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу екендігін ұғындыру.
Көрнекіліктері: Слайд,тақырыпқа сай банер,шарлар,гүлдер.
Ер балалар тізіліп тұрып, 1 курс білім алушыларын топ жетекшілерімен қарсы алады, оларды театр залында 4 қыз орындарына жайғастырады.
Барлығы жиналған соң баяу әнмен би орындалады.(ортаға ұлдар шығады)
Би бітеді. Әдемі әуенмен ортаға (бір ер бала ,екі жағында екі қыз бала) жүргізушілер шығады.
 
1-жүргізуші:Армысыздар қадірменді ұстаздар мен студенттер! Жүректерді жырға бөлейтін, жастық шақтың жалынына бүгін тағы бір мерекенің отын лаулатып , сіздермен бірге тойлауға бас қосып отырмыз. Бүгін шындығында сіздер үшінде, біздер үшінде ұлы мейрам. Сіздер бүгін қол ұстасып мейрімділікке жол ашып отырсыздар.
2-жүргізуші:Здравствуйте, дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас здесь и сейчас! Ваше присутствие говорит о том, что вы выбрали именно наш колледж!
3-жүргізуші:І- ші курста аузын ашып,
семинарда пардан қашып,
лекцияда секіріп,сессиядан жүгіріп,
емтиханда жылап, сынақтан құлап,
 каникулда қыдырып,апайларға өтірік күліп,
колледждің ауасын жұтып жүрген студенттерге жалынды сәлем!
Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да көңілді студенттер күніне арналады!
2-жүргізуші:Здесь теперь твоя обитель,
                     Здесь теперь твоя семья.
                     В нашем славном дружном колледже,
                     Вас приветствуем друзья!
1-жүргізуші:Иә, шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Бүгін салтанатты түрде талапкерлерді студенттер қатарына ұлықтайтын күн)!
Көсемі болып ғасырдың,
шешені болып ғасырдың,
шәкіртім,мықты білім ал!
Спортта да өнер де де
Талант пен білім асырған
Көшбасшысы бол ғасырдың!
Студенттер өміріндегі ерекше күндердің бірісаналатын ұлық күнде ақ жол тілегін  арнау үшін колледжіміздің басшысына сөз берейік. Қошемет!
3-жүргізуші: Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
Сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне
СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.
          «Жібектін елі»  әнің үшінші курс білім алушысының  орындауында қабыл алыңыздар!