Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету

Искожа К,Б.
Учитель физической культуры
 
 

 Сабақ:        Негізгі тактикалық   тәсілдерді үйрету (футбол)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.2 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындай алу

5.1.5.5 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, тратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Сабақ  мақсаттары

Оқушылар барлығы орындай алады:

1.Команда болып қауіпсіздік ережелерін сақтай алады

2.Допты аяқпен алып жүгіре алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  1. Допты тебу, тоқтату әдістерін орындай алады
  2. Қорғаушының жұмысын біліп орындай алады

Кейбір оқушылар орындай алады

  1. Қақпаға допты дәл бағыттай алады

2.Топ көшбасшысы рөлін атқара алады

Тілдік мақсаттар

Футбол ойынында оқушылар өз іс-қимылдарын басқа ойыншылардың іс-қыймылдарымен үйлестіру, дене дайындығы,  жүгіру, шымырлық, төзімділік, секіру, жылдамдық, ұйымшылдық, ептілік.

Пәндік лексика және терминология

Қақпа, бұрыштық , бүйір сызығы, аут, айып добы, пас, ойыншы тұрысы, ара қашықтық.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Айып добы қанша метрден соғылады?

Жалпы футбол ойыны алаңның қай жерінен бастайды?

Қақпашының қандай қызметі бар?

Неге екенін айталасынба?

— қай уақытта қауіпсіздік техникасын сақтауға тапсыру керек?

— неліктен жүгірген кезде тыныс алуды қадағалау керек?

— футбол командалық іс — әрекеттер қажет пе?

Алдын ала оқыту

Футболшының допты жүргізуі. Алаңда қозғалысы.

Жоспарлаған іс-әрекет

(Б) -сапқа тұру, рапорт тапсыру, амандасу, сабақтын такырыбын хабарлау, кауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сапттық жаттығулар оңға,солға,айналып бұрылу.

(К)Жүру. қол жоғары аяқтын ұшымен журу, қол белде аяқтын өкшесімен жүру, аяқтың сыртқы жағымен жүру,аяқтың ішкі жағымен жүру

(Б) Жүгіру жаттығулары:-тізені жоғары көтеріп жүгіру, өкшені артқа лақтыру, оң жақпен жүріс түзу қолдарын алға айналдыру, сол жақпен жүріс түзу қолдарын артқа айналдыру -қол желкеде түзу аяқтарын алға қайшылау

(ЖЖ) Оқушылар 7-9м қашықтықта бір-біріне қарама –қарсы тұрады

(ЖЖ)Табанының ішкі жағымен допты беру және допты табанының ішкі жағымен тоқтату

(Ж) Допты кедергілер арасынан жүргізу

(Т). Карточкамен жұмыс жасау

-допты беру кезінде оң, сол аяғымен алға және артқа, қарама — қарсы тұрған балаға допты беру (4-5 рет орындау)

-допты тебу, тоқтату  (5-6 рет орындау)

-допты қақпаға соғу  (10-15 рет орындау)

(ТӘЖ).футболдан өткен элементтерді қолдану, ережесін сақтау

(Т.)-тапсырма беріп екі жақты футбол ойынын ойнату

— футбол элементтерімен эстафеталық ойындар ойнату

Қортындылау, бағалау, ойын кезінде жіберген қателерін түзету, келесі сабаққа оқушылардың назарын аудару.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта қандай комбинациялармен жұмыс жасауға үйрендік?

Футбол ойынның тактикасы дегенді қалай түсінесіз?

Саралау-Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қаблеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсіз?

Оқушылардың футбол ойынының элементтерін менгерді. Қабілеті жоғары балалардың алдына бұданда жоғары нәтиже көрсетеді деп ойлаймын

Бағалау-балалардың материалды меңгерудеңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Білім алушы

— жаттығудағы допты тоқтату/беруді орындайды;

— қозғалыс комбинацияларының реттілігімен орындайды.

Пәнаралық байланыс      Денсаулықпен қәуіпсіздікті тексеру

АКТ-мен байланыс           Құндылықтармен байланыс

Биология: Қимыл қозғалыс. Доптың бастапқыдағы қысымымен, соққы жасалғандағы қысым көрсеткішінің өзгеруі. Мысалы: АКТ. Математика: санау

Рефлексия

  1. Сабақ мақсатымен оқытудың мақсаты
  2. Оқушылар бүгін нені үйренді?
  3. Сабақтың атмосферасы қалай болды?
  4. Сабақты бағалау саралау жақсы жұмыс істедіма?
  5. Кестеге сәйкес келедіме?
  6. Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер қосқым келді және не үшін?

 

  1. Сабақ уақытында сабақтың мақсаты ашылды
  2. Футбол тактикасы элементтерімен жұмыс жасауды үйренді
  3. Атмосфера жақсы
  4. Оқушылар бір-бірін бағалап, саралады.
  5. Кестеге сәйкес келді
  6. Оқушылардың координациялық қабілеттерін дамыту үшін жаттығулар енгізу

Қорытынды   

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: Қақпаға допты дәл бағыттау тәсілі

2: Допты тоқтату әдісі

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 

1:  АКТ арқылы футбол ойының көрсету

2:жалпы даму үшін жаттығулар мөлшерін арттыру

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:  сыныптың физикалық, тактикалық дайындығы

2:  жаттығу жасауға көбірек доптар қажет