«Судың пайдасы» қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары

Мурсалимова Арай Белгибаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

.

.

Сынып:  5   Қатысқан оқушылар  саны:  Қатыспаған оқушылар саны: 
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі Су  — тіршілік көзі
Сабақтың тақырыбы: Судың пайдасы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.Т5. Тақырыпты тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау

5.Т2. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;

5.А5. Берілген сұрақты түсініп, лайықты жауап беру;

5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

Сабақ  мақсаттары:

Барлық оқушылар: тақырыпқа қатысты лексикалық қорды меңгереді, суреттермен сөйлемдерді сәйкестендіреді, сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы судың пайдасы туралы ақпарат береді, сұрақтарға жауап береді,

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, иллюстрациялар арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды;

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;

Сөйлемдерді суреттермен сәйкестендіреді;

Сөздердің ретін сақтап, сөйлем құрайды;

«Сұлба» әдісі арқылы судың пайдасы, қауіпті жағын анықтайды;

Жағдаяттық тапсырма бойынша тақырып төңірегінде монолог құрайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: тақырып төңірегінде ақпарат бере алады, судың пайдасы туралы сипаттайды, қолданады;

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер: пайда, ағза, ас қорыту, тәбеті болмау;

Диалог құруға, мәтін құруға арналған пайдалы тіркестер: Меніңше, менің ойымша, себебі, деп ойлаймын…

Ресурстар Презентация, бейнефильм,  стикер, Learning Apps интерактивті жаттығулар қосымшасы, таратпа материалдар;

Құндылық

тарға баулу:

Табиғатты қорғауға, суды үнемдеуге үйрету
Пәнаралық байланыстар: Қазақ тілі, география
Оқыту әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, «Жүрек жылуы» тренингі, «Галереяға саяхат»,   «Сәйкесін тап», «Мозайка», «Сұлба»  әдістері, «Бәйге» ойыны, жағдаяттық тапсырма,  рефлексия.
Алдыңғы оқу: Тақырыпқа байланысты барлық жаңа сөздерді қайталап отырды, естеріне сақтады
Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт:

40 минут

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

5  минут

Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Психологиялық ахуал тудыру

«Жүрек жылуы» тренингісін өткізу. Оқушылар бір-біріне ізгі тілектер айтады.   

Миға шабуыл. «Галереяға саяхат» әдісі

Оқушылар суретті, тірек сөздерді қолдана отырып сабақтың тақырыбын болжайды.

— Балалар, бұл суреттерден не көріп тұрсыңдар?

— Бұл суреттерді не біріктіреді?

— Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Судың пайдасы». 

Ой қозғау. Бейнеролик тамашалау. Айтылым

Оқушылар бейнеролик тамашалау арқылы «судың пайдасы» туралы пікірлерін білдіреді, ой қосады.

Су – тіршілік көзі. Адам ағзасына пайдасы зор. Су тек ішкі ағзаға ғана емес, сыртқы келбетке де жағымды әсер етеді.

Слайд №1

 

 

  

 

Слайд №2

суреттер

 

 

 

  

 

Слайд №2

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=WXWOMbJIDko

Сабақтың ортасы 

30 минут

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

1.Мәтіналды тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс

Жаңа сөздерді оқытады, жазады, сөйлем құрайды.

Пайда – польза

Ағза – организм

Ас қорыту – переварить пищу

Тәбеті болмау – отсутствие аппетита

2. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінмен жұмыс

 Мәтінді мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп оқиды.

«Сұрақ бізден, жауап сенен» әдісі. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

1. Адам күнде таңертең не істеу керек?

2. Судың қандай пайдасы бар?

3. Адамның денесінде неше литр су болады?

4. Адам өміріне қандай кезде қауіп төнеді?

5. Адам су ішпесе не болады?

3. «Сәйкесін тап» әдісі. Оқушылар Learning Apps интерактивті жаттығулар қосымшасының көмегімен  суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіреді.

 

4. Жазылым. «Мозайка» әдісі.

Оқушылар сөздерді түстер арқылы және сөздердің орын тәртібін сақтау арқылы сөйлемдер құрайды.

Сергіту сәті

Оқушылар Learning Apps интерактивті жаттығулар қосымшасының көмегімен  суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіреді.

Тақырып төңірегінде сұрақтың дұрыс жауабын тауып, мәреге бірінші жету қажет.

1. Су қорын ата.

А. қатты

В. өзен

2. Денеде неше литр су болады?

А. 4-5 литр

В. 40-50 литр

3. Су қандай сұйықтық?

А. Өзен, көл

В. Түссіз, дәмсіз

4. Мақалды толықтыр: «…    да сұрауы бар».

А. ауаның

В. Судың

5. Жазылым. Айтылым. «Сұлба» әдісі. 

Оқушылар адамның сұлбасын салып, ішкі жағына судың пайдасын, сыртқы жағына адам су ішпесе қаншалықты қауіпті екендігін жазады, қорғайды.

Айтылым. Жағдаяттық тапсырма:

Сен облыстық аурухананың бас дәрігерісің. «Дидар» газетінің тілшісіне судың пайдасы туралы интервью бер.

Слайд №3

 

 

 

 

 

 

Слайд №4

 

 

 

Слайд №5

 

 

Слайд №6

«Сәйкесін тап»

https://learningapps.org/watch?v=pizmqfijj20

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №7

«Мозайка» әдісі. Түрлі-түсті қағазға жазылған сөздер.

 

 

 

 

 

 

Слайд №8

«БӘЙГЕ» ойыны  https://learningapps.org/watch?v=pdk9rc9qa20

 

 

 

 

 

Слайд №9

Әрбір оқушыға таза парақша, маркер таратылады

Сабақтың соңы

5 минут

 

Рефлексия. Оқушылар сабақтағы жетістіктерін, алған білімдері туралы ақпарат береді.

«Шығу билеті»

Сен бүгін не білдің?

Сен тағы не білгің келеді?

Оқушыларды бағалау.

Оқушыларға алғыс білдіріп, сабақты қорытындылау.

Слайд №10

 

Материалды жүктеп алу