«Жігіттің сұлтаны » атты байқауы

Досмағанбетов С.Ж.
.
.
1-Жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,  оқушылар! Сіздер бүгін                              «Жігіт сұлтаны» атты сайысына қош келдіңіздер..
2 -Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар.Сіздерді  Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл.  7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен               9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай колледжімізде дүлдүл жігіттерін анықтау мақсатында өткізілгелі тұрған «Жігіт сұлтаны — 2017» сайысымызды ашық  деп жариялауға рұқсат етіңіздер!   
1 -Жүргізуші: , «Жігіт сұлтаны»  сайысының мақсаты: Оқушыларды ұлттық салт— дәстүр негізінде білімін кеңейту, халқымыздың ғасырлар бойы    келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді, Отанды сүюге, Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: слайдтар.әуендер.                                                                                          Барысы
 Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады:
1)жүргізуші
Армысыздар халқым менің,
Армысыздар салты елдің.
Жаңғыртпақ «ата-баба» салтын бүгін,
«Қырағы  жігіттері»  колледждің.
2) жүргізуші
Бармысыздар  Ұстаздарым,
Бармысыздар  Құрдастарым.
Қазақтың салт –дәстүрін қадірлейтін,
Үкілі  жүргізуші қос –қыздарың.
1) жүргізуші
Жігері ұлдай болған –«Балзина  қыз»
Дидарына көз тоймас қарасаңыз,
Қазақтың қызы болсаң осындай бол!
Сөзіне балдай тәтті сіз балқырсыз.
2) жүргізуші
Ажары айдай болып жаратылған,
Гүлжазира  арамызда айдай туған.
Маржандап сөз кестесін тіккен кезде,
Сіз түгіл табиғат та,таңдай қаққан!
1) жүргізуші
Дүбірлі сайыс бүгін елімізде,
Пейілі ақ,қонақжай -жерімізде.
«Сын шақта шыңдалған- жігіт қана»
Лайық «Сұлтан» -деген мәртөбеге
2 — жүргізуші
 «Сұлтаны жігіттердің» анықталсын!
Өнеріне мына жұрт- Қанық болсын!
Дүбірлі қошаметпен шақырайық,
Сайыскер жігіттерге табыс болсын!
«Жігіт сұлтанына»  қатысушы жігерлі жігіттерімізді қошаметпен  ортаға шақырамыз:
1- жүргізуші
    1 — жүргізуші
    Сөз алдық алдыңызда қос көгершін
    Әділдікпен беретін өз төресін,
    Сіздерді салтанатпен таныстырам
   «Әділ –қазы» шынайы- біз сенетін!
    2- жүргізуші
    Таудай асқақ бойы бар,
     Бойына сай ойы бар.
    Қызметі де кем емес,
    Тәртіпке салар бәрін тез!
1- жүргізуші
 Байқаудың шарттары
Байқау жеті кезеңнен тұрады
1-кезең.  «Тегімді менің сұрасаң…» өзін таныстыру ( өлеңмен, қара сөзбен. Өзін ұстауы, киімі)                                                                                                                                                          2-кезең. «Сегіз қырлы,бір сырлы…» өнер сайысы(Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс жәнет.б.)
.3.-кезең. Ақылына күші сай»  спорттық сайыс (кір тасын көтеру 16кг,турникке тартылу мен 100м қашықтықта жүгіру уақытқа байланысты алдын-ала таспаға түсіріп алынады, жігіттеріміз ортаға шығып,қатарынан тұрып,жерге жатып  қолдарын тіреп  кім қанша рет отжымание жасайды,қол күресі. )                                                                                                                        4-кезең. «Кім жылдам?».Автоматты шашып, қайта жинау, уақытқа байланысты                                                          5кезең. «Білімді жүзден озар…» (Тақырыптар бойынша сұрақтар)                                                                                                                                       6-кезең..Қыз балаға өз сезімін жеткізу                                                                                                                   7-кезең «Мен алыппын- Мен кербезбін » деп аталады.( сайыскерлер галстук байлап көрсетеді,уақытқа байланысты
2-жүргізуші: «Жігіт сұлтаны» сайысына қойылатын талаптар: 
Ұлттық киім.
Сахна мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу
Қатысушыларды бағалауда олардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, білімі, киім үлгілері ескерілді
Бүгінгі сайысымыздың ұпай саны 5 — тік жүйемен белгіленеді
1-жүргізуші
Сап түзеді жігіттің сұлтандары
Колледждін «менмін» деген ұландары
Қоржыннан бір –бір асық алса екен
Сахнаға- шығатұғын тұмарлары.
 
Жігіттер бір-бір асықтан алады.
Жігіттер асықтағы сандарды атап шықсаңыздар!: (Жігіттер атап шығады.)
 
Енді осы аталған сандардың реттік қатары бойынша сахна төріне шығасыздар! Алғашқы сайысқа дайындық жасауларыңызға РҰҚСАТ!
2 -жүргізуші
Ал ендеше бастайық,
Әдептен біз аспайық
Сайысты ашып беретін,
Номинация бойынша:
  1. 1. «Өнерлі жігіт» номинациясы
  2. 2. «Шебер жігіт» номинациясы
  3. 3. «Тапқыр жігіт» номинациясы
  4. 4. «Көрермендер көзайымы» номинациясы
  5. 5. «Алып жігіт» номинациясы
  6. 6. «Сымбатты жігіт» номинациясы
  7. 7. «Сыпайы жітіт» номинациясы
  8. 8. «Сәнді жігіт» номинациясы
9.«Жігітсұлтаны-2017» номинациясы — Бас жүлде
2-жүргізуші:
Көтере бер, көркейе бер ,өсе бер
Өмір жолы еңбекпенен шешілер .
Шыңға шығар шынар болып шыңайы ,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
1- жүргізуші :
Барына риза болсын көрермендер,
Байқадық білгенді де , білмегенді .
Осымен бұл қызықты тамадасақ ,
Тағыда үйренерміз аман болсақ – деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
 
 
 
 -жүргізуші.Тамашалағандарыңызға рахмет, сау — саламат болыңыздар