Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Каюпова Лазат Калиевна
Биология пәнінің оқытушысы
.
.
Мақсаты:
1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
  1. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сыбайлас-жемқорлық деген не?
                               I-бөлім Кіріспе
Жүргізуші: Каюпова Л.К.
Сыбайлас-жемқорлық деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
 СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: 
1.ҚР 37 мемлекет қабылданған  конвенцияға  қосылып  отырып, 1998  жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес  туралы» заң  қабылданды.Қазақстанда  сондай-ақ  сыбайлас  жемқорлық  үшін  қылмыстық. тәртіптік,әкімшілік  жауапкершілікті  реттейтін  арнайы  нормативтік –құқықтық  актілерде  қабылданды.
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» 1995 және «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес  туралы» 1998 ж ҚР заңдары жатады.
1.ҚР Қылмыстық  кодексінің  өкілеттіктерді теріс пайдалану
  1. Коммерциялық сатып алу
3.Қызмет  өкілеттілігін  теріс  пайдалану
4.Билікті немесе  қызметтік  өкілеттілікті  асыра  пайдалану
5.Пара  алу
6.Қылмыстық  жалғандық  жасау
2001 жылы Мексикада БҰҰ — ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды
БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық — қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.                           
 II-бөлім. Топқа  бөлу (3-топ)
I-бөлім Сұрақ-жауаптар
  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 07.1998 жыл
  2. “Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас — жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)
  3. ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)
  4. Заң деген не?  (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
  5. Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген  адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы   немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)
  6. Пара беру дегеніміз не?( қандай да бір коммерциялық  келісімге келу үшін немесе  жеке пайдасы үшін  жасалған ынталандыру немесе  марапаттау)
  7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай   жауапкершілік көзделген? Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  жасағаны үшін жазаның түрі мен   мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
  8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн  қашан  жарияланды?
  • желтоқсан )
  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы »  заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)
  2. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)
II-бөлім.Өз ойларын тыңдау
1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді  үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.
2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.
3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Брақ оны бір айдан кейін алаласыз. Сіздің әрекетіңіз.
 
Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу
Жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру: 
  1. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі — бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет…..) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
2.оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
  1. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті — үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету) «Шелектің бетін жалағандар құтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.
  2. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?
Қортындылау:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі.