Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің заңдық негіздері

Маметова Гулмира Тагайбаевна
Гуманитарлық және экономикалық пән оқытушысы
.
.
Ашық сабақтың мақсаттары:
Білімділік:  Білім алушыларға сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын түсіндіру, сыбайлас-жемқорлықтың  пайда болу жағдайлары жайлы,  түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық:  Білім алушылар арасында  сыбайлас-жемқорлыққа қарсы  мәдениетін дамыту, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту,
Тәрбиелік:  Білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеп,  мемлекет заңдарына жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ашық сабақтың әдісі: интербелсенді: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Мәдениеттану, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, саясаттану
Ашық сабақтың көрнекіліктері:
  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995жыл
  2. «Қазақстан Республикасы Конституциясына толықтыру мен өзгертулер енгізу туралы» Заңы. 2007жыл 21мамыр
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
  5. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы
Техникалық оқу құралдар:
— Интерактивті тақта;
— Бейнеролик
Сабақтың барысы:
 
  1. Ұйымдасытыру сәті (5 мин):
Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті білім алушылар! Біз кезекті сабағымызды бастағалы отырмыз,  біріншіден, сабаққа дайындықтарыңызды тексеріп алайық.  Бүгінгі сабақты бастамас бұрын  сабаққа қатысып отырған білім алушыларды түгелдеп алайық. Ал енді сабағымызды бастамас бұрын, сіздердің сабаққа деген белсенділіктеріңізді арттыру үшін  және көтеріңкі көңіл  сыйлау мақсатында жаныңызда тұрған білім алушыға өзіңіздің жылы сөздеріңізді айтсаңыздар.
  1. Үй тапсырмасын сұрау (20 мин):
Өткен сабақта біз сіздермен :
  1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?
ҚР “Сыбайлас — жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас — жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “… мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай — ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай — ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
  1. Сыбайлас жемқорлық туралы заң қашан қабылданды?
Қазақстан Республикасының cыбайлас жемқорлық туралы заңы 2015 жылы 18 қарашада қабылданды.
  1. 3. Сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектілері кім?
Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысты әдебиетте бірыңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады.деген сұрақтарға жауап берген болатынбыз?
Бүгінгі сабаққа кім дайын тақтаға шығып сабақ айтыңыздар.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин)
Жаңа сабақтың тақырыбы: Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
Жоспар
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс шаралар
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
  1. Барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;
  2. Мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуде, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
  3. Мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық басқада жүйелерін қорғаудың басымдығы;
  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;
  2. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен Құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу.
  3. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;
  1. Осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен өзгеде қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет – пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күш-жігер компоненттерінің түйісу жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады. Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті
Сергіту сәті (10 мин) .
Ойын – Орындық . Шарты: 5 — бала, 4 — орындық. Музыка тоқтағанда орындық жетпеген бала ойынан шығады. Алдын ала 1 — баланы даярлап қоям, Ол балаға орын жетпей қалады, бірақ ойынан шыққысы келмейтінін айтып, ақша ұсынады 100 теңге. Ойын жүргізуші, 100 теңге аз 200 теңге дейді. Сөйтіп осы ойынның соңыны жеңіске жетеді.
Оқытушы:
— Ойын ұнады ма?
— Неліктен ұнамады?
— Ойын кезінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
— Неге бұл оқушы ойында қалды?
— Ол не істеді?
IV.Жаңа тақырып материалдарын пысықтау (20 мин).
Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта  жоғары лауазымды  болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»
Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
  1. Пара бермеу және алмау.
  2. Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
  3. Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
 Видеоролик (5 мин) «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
  1. Үйге тапсырма (5 мин)
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері толықтырып жазып келіңіздер.
    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай қалыптастыруға болады?
  3. Бағалау (5 мин): Сабақ барысында 2 топқа түрлі түсті асықтар таратылып беріледі. Топтар сол асық арқылы сабақ барысында қарсы топты өздері бағалайды. Сабақ соңында бағалар жинақталып қорытынды баға қойылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
  1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері Алматы: Жеті жарғы 2014ж
  2. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы Алматы: Жеті жарғы 2013ж
  3. Ғ.С. Сапарбаев Қазақстан мемлекетінің құқығының негіздері Академиялық курс Алматы: Жеті жарғы 2013ж
  4. А.Н.Ағыбаев Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Алматы 2011ж
  5. Ағыбаев А.Н., з.ғ.д. пр. ҚР – ның Қылмыстық құқықығы ерекше бөлім. Алматы, «Жеті жарғы» 2003 жылғы.
 Қосымша әдебиеттер:
1. ҚР Конституциясы, 30.08.1995 жыл
  1. «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика: Оқулық» Заң әдебиеті 2001ж
  2. ҚР –ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы.  Алматы 2008ж
  3. ҚР – ның Перзидентінің «Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық күресуді өрістету шаралары» 1997 жылғы 5 қарашадағы жарлығы.
  4. ҚР – ның Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту туралы жарлығы 2005 жылғы 14 сәуір
  5. ҚР – ның сыбайлас жемқорлыққа күресу туралы заңы 2003 жылғы 25 қыркүйек
 Оқу құралдары мен электронды оқулықтар тізімі:
1. Баккулов С.Д. Құқық негіздері (Электрондық ресурс) оқу құралы Алматы 2004ж
2. Наримбаева А., «Құқық негіздері» (Электрондық ресурс) әдістемелік нұсқаулар Тараз, ТарГУ 2008ж
3. Мұсабекова М.А. «Құқық негіздері» (Электрондық ресурс) оқу құралы Шымкент, ОҚМУ 2009ж
4. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері (Электрондық ресурс) электрондық кітап оқу құралы. Алматы: Нұр-пресс. 2007ж.
5. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. (Электрондық ресурс) электрондық кітап оқулық. . Алматы: Нұр-пресс. 2007ж.
6.Қазақстан Респбликасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» Астана 2016ж
7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» Астана 2017ж