Сыни ойлау-оқу үдерісіндегі бағалы құндылық

Тастыбаева Назгүл
Ағылышын тілі пәнінің оқытушысы
.
.
Оқу мен оқыту үдерісінің ХХІ ғасырдағы жаңару бағытында ғылыми әдістемелік жұмыстарын жүйелеп қарасақ, оның өзегі- сыни ойлау дағдыларын дамыту болып тұр. Жаңа ғасыр тоғысында алғаш Амарикандық ашық институты арқылы тараған, сыни ойлау адамзатқа түбегейлі өзгеріс жасайтындар үшін құнды қасиет болып қалыптасты. Ал, оқушыға сыни ойлау қажет екендігін, тұлға дамуында күрделі міндет ретінде қарастыратын кез келді. Себебі, қазіргі заман талабына сай, оқушы бойында өзіндік көзқарасы, сенімі болуымен қатар әлеуметтік ортада еркін қатыса алатын, пікір таластыра отырып, өзгелерді тыңдай білуге дағдыланатын, өзекті мәселені өзі шешуге жол іздейтін, қиындықты жеңе білетін тұлға болып қалыптасуына сыни ойлау негіз бола алады.
Ең басты мәселе, оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп, қабылдап қоймай, өзіне пайдалысын алу керек. Демек, қазіргі заманғы оқушы бойында сыни ойлау қасиетін дамыту арқылытұлғаның функциялық сапаларын, қалыптастыру орта білім жүйесіне тиесілі.
Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты, педагогикалық түсінік. Дәйектейтін болсақ «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысы ұйымдастырған «Қазақстан біліміндегі сыни ойлау» атты конференцияда сыни ойлау мәселесі көтерілген болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты- оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету болып отыр. Сондықтанда функционалды сауаттылық орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Осылайша қазіргі білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге үлкен міндет артады. Сол міндетті шешуде біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, адамзат баласына баға жетпес жетістіктер мен мүмкіндіктер алып келеді. Жауапкершіліктен қорықпайтын, өзін қорршаған ортаға түрлі өзгеріс енгізгісі келетін адамдар үшін сындарлы оқыту өте бағалы құндылық. Көпшілікке ұсынылып отырған осы әдістемелік көмекші құралда тәжірибесі таратылып отырған ұжым мүшелері, сыни ойлауды дамыту мәселесіне әр оқу жылы ұйымдастырылатын, ғылыми практикалық конференцияларында, келелі ой тұжырымдар жасап, сыни ойлау әдістемелерін жетілдіруде.
Мектептердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың басым бағыты, педагогикалық технологиялардың қол жетімді нұсқаларын, іс-тәжірибеге енгізу болып табылады. Атап айтқанда, М.М.Жанпейсованың «Модульдык оқыту технологиясы», Ж.Караевтың «Үш өлшемдік әдістемелік жүйесі», Франция-Санкт Петербургтен бастау алған «Педагогикалық шеберхана» т.б. технологияларының қайсы бірін алсақта, күтілетін нәтижелерге сыни ойлау әдіс-тәсілдеррі арқылы қол жеткіземіз.
Жоғарыда айтылған негіздеменің айқындағанын мектептегі мұғалімнің оқыту/оқу жұмысын жүйелі және әсерлі ететін ұйымдастырушылық пен технологиялық нақтылыққа әкеледі. Күнделікті сабақты жобалауда мұғалім оқушы деңгейіне сай білім мазмұнын мақсаттардың Б.Блумның алты категориясын пайдалана отырып, белгілеуі қажет.
Дәстүрлі күнделікті сабақ жоспары нақты нәтижені жобалауға аясы тарлық танытуда. Сондықтан мұғалім сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауды тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген құзырлылық тапсырмалардың сабақта болуын қарастыруы қажет. Американдық профессорлар Р.Дюрон, Б.Лимбах және У.Уофтың айтуынша сыни ойлау теориясы, Б.Блум таксономоиясынан бастау алады.
Б.Блум таксономиясы негізінен сыни ойлаумен тақырыптас, өзектес бір мақсат мүддеге бағытталады. Сонымен мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірр қатар жалпы ұсыныстардан тұратын оқу мен жазуды сыни ойлау арқылы үйретудің жеті модулі төмендегідей
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағала және оқуды бағалау
  • Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларрды пайдалану
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  • Талантты және дарында балаларды оқыту
  • Оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді
Сындарлы оқытудың мақсаты мен функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы, оқушы білімін кез келген жағдайда қолдана білуін қамтамасыз ету. Осы тұжырымды негізге алып ғылыми әдістемелік тұрғыдан ұсынымдар топтамасын Қазақстандық ғалымдар қазіргі кезде дәйектеді, ал бұл ұсынымдар оқыту/оқу үдерісінде іс тәжірибелік сипатқа ие болды:
  • Интербелсенді әдістерді қолдану
  • Оқушыға дайын білім беру емес, алдына оқу проблемасын қою
  • Күнделікті сабақта талдау, салыстыру, жалпылау, қорытындылар жасауға үйрету
  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс
  • Сабақта оқушы қызметінің сөз-көрнекілік-іс-тәжірибелік тәсілдерді ойлаудың әр түрлі формалары мен үйлесімділігі
  • Оқушы білімін бақылауды жүргізу түрлеррінің әзірлемелерін жасау
Міне осындай дидактикалық және әдістемелік ұсынымдары  осы жинаққа күнделікті сабақ жоспарлары  енгізілген. Жалпы орта мектеп мұғалімдері тренерлердің әдістемелік әзірлемелері арқылы болашақ педагог мамандарға қазіргі сабақты ұйымдастырудың түбегейлі өзгергеніне көзін жеткізудің мәні зор болмақ.