Түйе шаруашылығы, түйе малынан алынатын өнімдер

Құрманияқызы Бижамал
.
.
Сабақтың әдісі: Бейнелеп түсіндіру , баяндау, сұрақ-жауап, жарыс ойындар , өзіндік пікір айту, талдау, қорытындылау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік : Білім алушыларға түйе шаруашылығының маңызын, түйе тұқымдары және будандарымен таныстыра  отырып, түйе малынан алынатын өнімдерді, әсіресе шұбаттың адам организміне тигізетін пайдасын түсіндіру,
Дамытушылық:Білім алушыларға түйе шаруашылығының  маңызына, қадір- қасиетіне,  төрт түліктің ішіндегі ерекшелігін басқа түліктермен салыстыра отырып, тұжырым жасауға бейімдеу.  Түйе тұқымдары туралы білімдерін тереңдетуге, сын тұрғыдан ойлай білуге, өзіндік ой-пікір айтып,  тақырып төңірегінде қорытынды жасай білуге, кәсіби тілде сөйлеуге  дағдыландыру.
Тәрбиелік: Болашақ  маман  ретінде  түйе  шаруашылығына  деген кәсіпкерлікке  қызығушылығын арттыра отырып, еңбекқор, білікті ,   тиянақты ,    шыдамды,  жауапкершілікті  маман болуға,  атадан  жалғасып келе  жатқан  ата-кәсіпті  дамытуға,  төрт — түлік  малды  қадірлеуге  баулу.
Пән аралық байланыс: Анатомия, латын тілі, зоология. қазақ әдебиеті
Пәнішілік байланыс: Мал  шаруашылығы
 
Көрнекі құралдар: муляждар , плакат, буклет,  слайд, видеоматериалдар
Үлестірілетін материал:бағалау парақтары,үлестірмелі материалдар
Оқытудың техникалық құралдары:интербелсенді тақта
Сабақ өтетін орын: № 33 дәрісхана
Д Негізгі әдебиет: Т.Жолшыбек « Мал шаруашылығы» 267-273бет
Е Қосымша әдебиет: Н. Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков «Мал шаруашылығы » 302-328бет
 
 
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (5мин)
  1. Білім алушылармен сәлемдесу
  2. Ақпар бойынша түгендеу
3.Топты топқа  бөлу
4.Бағалау парағын үлестіру.
  1. Білім алушылар зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру:  (15мин)
«Кубик лақтыру» ойыны арқылы үйге берілген тапсырмаларға жауап беру.
Әр топтан бір білім алушы шығып, кубиктің 6 жағына берілген 10 сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап қайтаруы шарт.
  1. Жылқы шаруашылығы, маңызы?
  2. Қазақстандағы жылқы тұқымдары?
  3. Салт мінетін жылқы тұқымын атаңыз?
  4. Жылқы сүтінің ағзаға пайдасы?
  5. Жылқы етінің ерекшелігі, одан жасалатын тағамдар?
  6. Салт мінетін жегілетін жылқы тұқымын атаңыз?
  7. Жылқы малынан алынатын өнімдер?
  8. Қолданыс аясына қарай жылқы неше топқа бөлінеді?
  9. Жан-жақты пайдаланылатын жылқы тұқымын атаңыз?
  10. Үй тапсырмасының қорытындысы
Үй тапсырмасын қорытындылау
« Ой шақыру»  әдісі:  (5мин)
 
  • Төрт түліктің төресі деп қай жануарды айтамыз?
  • Қырық күн шөлге шыдайтын, алты күн аштыққа шыдайтын жануар түрі?
  • Мойны мен өркеші құс төресі аққуға, басы қойға, аяқтары бұғыға, жүйріктігі жылқыға,  күш қуаты өгізге ұқсайтын жануар?
  • Асан қайғының жер ұйығын іздегенде мінген сенімді көлігі қай  жануар?
Жаңа сабақты түсіндіру.     (25мин)
Оқытушының кіріспе сөзі:
Маң маң басқан маң басқан,
                               Шудаларын шаң басқан,
                               Төрт аяғын тең басқан
                               Қара нарым бар еді
Деп ата бабамыз жырлап өткендей түйе малы қазақ хылқы үшін аса қадір тұтатын киелі  түліктің бірі. Осы түйе  малы кисе киім, ішсе сусын, мінсе көлік бола білетін қасиеті бар түлік . Көшпелі халық үшін түйе малының халық өміріндегі рөлі, түйе малының тұқымдары  мен түрлері туралы   түсіндіру.
Интерактивтік тақтадан  ( түйе шаруашылығы туралы ) видео көрсету  (5мин)
Білім алушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары:  (10мин)
1топ:
  1. Түйе малынан алынатын сүт өнімі
  2. Қорытындылау
  3. Презентациялау
2 топ:
  1. Түйе малынан алынатын ет өнімі
  2. Қорытындылау
  3. Презентациялау
3топ:
  1. Түйе малынан алынатын жүн өнімі.
  2. Қорытындылау
  3. Презентациялау
Білім алушылардың  теориялық білімдерінің игерілуін тексеру:  (5мин)
 
(Сәйкестікті табу ойыны )
 
 Бағалау:       (3мин)
Жауаптарын толықтыра  отырып, білім алушылардың білімін бағалау парақтарының көмегімен бағалау, білім алушыларды мадақтау.  (3мин)
 
Үйге тапсырма :    (2мин)
Қ.Ш.Нұрғазы « Мал шаруашылығы » 149-156 бет. қайталау, конспект жазу. ( 2мин)