Тәрбие сағаты «Толеранттылық – төзімділік әлемі»

Жаныбекова Жибек Казиевна

Бастауыш сынып мұғалімі

.

.

Мақсаты: Тұлғаның рухани — адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылықты

бағдарларды, дағдыларды дамытуға, қоғамға қызмет етуге бағытталған жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.

Көрнекілігі : Достық пен бірлікке арналған слайдтар, ұлағатты сөздер,         

маркерлер , түсті қағаздар,

       Өткізілу түрі: Ашық тәрбие сағаты
       Барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі

       Психологиялық даярлық. «Мен тілектеспін!»

 — Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер           

  айтайық. Ол үшін қолымыздағы гүлді бір- бірімізге  тілек айту арқылы

  ұсынып отрайық. (Оқушылар»мен тілектеспін!» ойыны арқылы бір-біріне

  бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.

1-2-3-4 сандарын санау арқылы топқа бөліну

 Кіріспе:Толеранттылық мағынасын ашу.  Толеранттылық латын тілінен аударғанда         tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-. құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.

Толеранттылық — халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада

 ЮНЕСКО-ның  Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады.

Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті  терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.

Толеранттылықтың негізгі маңызы — әр мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың қауіпсіздігі болып табылады. Ұлттық толеранттылық- біздің жалпы тарихи — мәдени кеңістігімізді қоғамда топтастыратын белгілі фактор. Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден  келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды.

Слайд  

Толеранттылық түсінігі әлем тілдерінде

Сергіту жаттыгуы:

Шарты: орындықтарды дөңгелетіп қоямыз, отырамыз.  Қолымызды үстелдің сыртына қоямыз. Өзіміз бір – бірімізге жақын отырамыз. Допты бір – бірімізге тізе және аяқтың көмегімен жылжытамыз. Жерге түсіріп алмауға тырысамыз. Сөйтіп оңнан солға және керісінше допты бір  бірімізге жылжытамыз.

 

Түйін: мақал — мәтел

 «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»

«Ал байлықтың ең үлкені — достық».

 

Топтық жұмыс: (әуен)

Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу.

Толеранттылық – бұл  төзімділік.

Толеранттылық – бұл ықыластық.

Толеранттылық – бұл даналық.

Толеранттылық – бұл адамгершілік.

Толеранттылық – бұл аяушылық.

Толеранттылық – бұл  қайырымдылық

Толеранттылық – бұл әділеттілік

Толеранттылық – бұл кең пейілділік

Толеранттылық – бұл өзара түсіністік

Толеранттылық – бұл тілектестік.

Бұдан басқа да сөздер жазылған карточкалар беріледі –жауыздық, өтірік айту, қорқыту, шу шығару, тәккапарлық, әділетсіздік, арамдық, қорқақтық, ызақорлық.

Постер жасап, қорғау

Тренинг «Бір шаңырақтың астында» (әуен)

Шарты: обручті ортада қою. Балалар жан – жағына дөңгеленіп отырады. Бір саусақтарымен шеңберді жоғарға көтереді, бірақ өздері тізерлеп отырған бойы отыра береді.Сөйлеспейді. Сөйтіп, бұл тренингтің негізі бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп жатқынымыздың белгісі.

Кері байланыс: жасыл стикер – ұнады

                            сары стикер – жартылай ұнады

                             қызыл – ұнамады

Қорытынды:
          Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз.

Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта Толеранттылық- бірлік,  татулық, бір шаңырақ, тыныштық, тұрақтылық, бейбітшілік,  тағдыр, ынтымақтастық, патриотизм,  үйлесімділік, шыдамдылық, сенімділік, қамқорлық,  достық екенін білдіңіздер. Толеранттылық- Қазақстан елінің басты мұраттарының бірі екенін түсіндіңдер.