Тәрбие сағаты жоспары «Тәуелсіздік – тұғырым биікте»

Биржанова Динара Султангалиевна

Арнайы пән оқытушысы

.

.

Мақсаты:

Білімділік: Студенттерге Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Еріктілікті дамыта отырып, патриоттық, адамгершілік сезімдерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, тілін құрметтеуге, Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, туған жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: интеграцияланған ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой-түйіндеу, сипаттау, мәнерлеп оқыту, топпен жұмыс

Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, Қр Конституциясы, ҚР картасы, қабырға газеттері, бүктемелер.

Техник құралдар: мультипроектор, компьютер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  2. ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалады.
  3. Психологиялық дайындық:

— Студентер, кім ата-анасын жақсы көрсе, бір рет қол соғады.

— Кім қаламыз жақсы көрсе, екі рет қол соғады.

— Кім колледжімізді жақсы көрсе, үш рет қол соғады.

— Кім Отанымызды жақсы көрсе, төрт рет қол соғады. (Студенттер ду қол шапалақтайды)

Мұғалім:

— Рахмет, студенттер. Демек, сендер Отанымызды қатты жақсы көреді екенсіңдер.

ІІ. Негізгі бөлім:

Мұғалім:

               Отан – адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына бөлейді. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақ жері – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке. Ол Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғыз, Өзбек, Түркімен елімен, ал батысында Әзербайжан Республикаларымен шектеседі (картадан көрсету).

        1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болды. Сендер Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген бақытты балаларсыңдар. Олай болса, қазір Тәуелсіз еліміз туралы видеоүзіндіні тамашалайық, мультипроектордан Қазақ елі туралы көрініс көрсету.

Студенттер Қ Р рәміздерін атаңдаршы: — Әнұран, ту, елтаңба.

Сабағымызды әрі қарай 3 топқа бөліп сайыс түрінде жалғастырамыз.

1.Топпен танысу

  1. Бәйге (әр топқа 5 сұрақтан қойылады)

3.Математикалық ойын

4.Үй тапсырмасы

  1. Ұяшықты таңдау
  2. Топпен танысу

     1-топ «Ту» тобы, ұраны: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». өз тобы туралы мағлұмат береді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Мемлекеттік Жалауымызда алтын күні алаулаған зеңгір көк аспан бейнеленген. Сол көк аспан төсінде қалықтаған дала қыраны. Қырық құс қазақ халқының дархан да бітімшіл, бейбіт көңілің шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік Жалаудың авторы – Шәкен Ниязбеков атамыз. Ту Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы. Оны халық қашан да Биікке іліп қояды. Көк аспанда-қызыл күн, Көк аспанда –жас қыран. Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан. Жанатындай өзі отша, Жалын шарпып бетінді Туымыз да қазақша Сөйлеп тұрған секілді Туымызға жас тұнған Бір қарамай өтпейміз Сол көк тудың астында Көгереміз,көктейміз

               2-топ «Елтаңба» « Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» Елтаңба Елтаңба жобасына 245 сурет, 67 хат-пікір ұсынылды. Солардың ішінен Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібековтың үлгілері ең таңдаулы деп танылып, қазіргі Қазақстанның Елтаңбасы болып бекілтілді. Елтаңбаның негізгі идеясы – шаңырақ. Шаңырақтың екі жағында қос қанатты ай мүйізді ат суреті. Есік қорғанынан табылған алтын адамның бас киімінен алынған образ. Жылқы халық үшін ең қастерлі жануар болғандықтан, елтаңбада самғап бара жатқан тұлпар өркениетке көтеріліп бара жатқан елімізді бейнелейді. Елтаңба Қатар шапқан қос тұлпар, Ай астында қазақ үй. Қалықтаған жас сұңқар, Шарықтаған таза күй. Бұл-таңба елімнің, Елдігімнің белгісі. Мұнда да бар ерлігім, Мұнда да бар жер күші. Қара щаңырақ-ел күні Асқақтаған тұр мұңы Елтаңбасы-елдігім, Елдің тыныш тірлігі.

                 3-топ «Әнұран» тобы: «Қасықтап жинағаныңды шөміштеп төкпе» 2006 жылдың 7- ші қаңтарында еліміз жаңа Мемлекеттік Гимнің қабылдады. Мемлекеттік Гимнінің сөзі мен әні бәрімізге белгілі атақты ақын Жұмабек Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні. Ән мәтіннің кей тұстары өзгертілген. Өзгертулерді еңгізген еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. — Әнұран айтылады.

  1. Бәйге

         Ту тобына 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (1992)

  1. ҚР бірінші президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  2. Ел таңбаның авторлары (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов)
  3. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

     Елтаңба тобына 1. ҚР бірінші конституциясы қашан қабылданды? (1993ж)               2. Ән ұранның авторы (Н.Ә. Назарбаев, Ш.Қалдаяков, Ж.Нәжімединов)

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)
  2. Қазақта неше жүз бар?

       Әнұран тобына 1. ҚР екінші конституциясы қашан қабылданды? (1995)  

  1. Тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
  2. Кіші жүздің биін ата? (Әйтеке би)
  3. Тарихтың атасы (Геродот)

 

3 Математикалық ойын:

Ту тобына 1)3800/2+91 =1991 2)996*2+3 =1995 3)(45*2)/90 =1

 Елтаңба тобына 1) 4000/2-8 =1992 2) 800*2+393 =1993 3) 575/23 =25

Әнұран тобына 1) 980*2+1 =1961 2) 2800+105-919=1986 3) (15*3)-29 =16

  1. Ұяшық тандау. Допты жоғарыдан түсірмей, мәреге барып ұяшық тандайды. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1-ұя. Ойымды жалғастыр. Туған жердей жер болмас… (туған елдей ел болмас) 2-ұя. Логикалық сұрақ Екі әке, екі бала 300 теңгені тең етіп 100 теңгеден бөліп алды. Ол қалай? ( атасы, әкесі, баласы) 3-ұя. Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл? (22 жыл) 4-ұя. Қазақтың өлшем бірлігі шақырым деген не? (1км) 5-ұя. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә, 128) 6-ұя. Логикалық сұрақ Үйдің әр бұрышында бір – бір мысық отыр. Әрқайсысына 3 мысық қарсы отыр. Үйде барлығы қанша мысық отыр? (4) 7-ұя. Қазақтың өлшем бірлігі құлаш деген не? 8-ұя. Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл?(33 жыл) 9-ұя. Ойымды жалғастыр. Көсем ел бастар… (Шешен сөз бастар) Жүргізуші: «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқығ үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар – сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сезімін ақтай біліңдер 

 ІІІ. Қорытындылау.

            Мұғалім: «Отан отбасынан басталады», «Отан үшін отқа түс, күймейсің», «Туған жерге туың тік» деген халқымыздың дана нақылдары бар. Біз осындай тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Өзіміздің жақсы оқуымыз, үлгілі тәртібімізбен Отанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз. Құрметті, оқушылар, бүгін бүкіл қазақ елі тойлап жатқан бейбітшілік пен жасампаздықтың, келісімнің, тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңімен аяқтаймыз.