Тәрбиенің бастауы – отбасы!

Малдыбаева Сауле Ерболатовна
Тәрбиеші
.
        Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі бала бақша,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенгеқызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығынабейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі.Баланы өсіріп тәрбиелеу –   ананың тікелей міндеті.
         
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім — дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
          Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
 
Отбасының негізгі міндеттері:                                                          1.Баланың өсіп дамуына толық жағдай жасау;                                           2.Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
3.Өз халқының этно- мәдениетінің тәжірибесін ауыстыру;                      4.Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау; Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана  әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.                                         «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей ата-ана отбасында балаларына қандай тәрбие берсе, ертең сондай бала өседі, ата-анасына сондай абырой алып береді. Сол себептен қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше назар аударған.Бала – әке-шешесінің перзенті, ұрпағы. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы. Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы – мейіріммен, жақсылықпен қартайған кезенде бағу, еңбектерін қайтару.Дүниедегі мақсатының да, міндетінің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.   Қазіргі заманда ата-әжелер немерелеріне ертегі, жыр айтып бермейді, ал әке-аналар бірыңғай тұрмыс жағдайға, ақша табуға көп назар аударады. Бала тәрбиесін балабақша, мектепке жүктеген. Мектепке дейін тәрбиесін міндеті баланы жан-жақты тәрбиелеу, дамыту болса да «Алты аға бірігіп – әке болмас, Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» — дегендей ата-ананың орыны бөлек. Ол орынды ешкім баса алмайды. Балабақша баланың отбасында алған тәрбиесін толықтырады, бағыт беріп тұрады. Балабақша отбасымен бірлесіп болашақ ұрпақ тәрбиелейді.Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан  жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.