Тұрмыстық заттардан шүберек қыртысымен натюрморт салу (акварель)

Джуманова Нурзат Жетписбаевна
Арнайы сурет және көркемдік графика пәнінің оқытушысы
.
.
Мақсаттары: білімділік: Білімгерлердің композиция туралы түсінігін қалыптастыру, әрбір затты кеңістікте дұрыс көріп, пішін арқылы көлемін бейнелеуге, жарық, көлеңкені ажыратуға үйрету; 
  Дамытушылық: Білімгерлердің өз бетінше жұмыс жасап, нақты шешім қабылдай білу қабілеттерін дамытып, олардың ой-өрісін, көргендерін есте сақтау қабілеттерін арттыру
   Тәрбиелік: Білімгерлерді ұқыптылыққа, адамгершілікке, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.                                                                                                          
Пән аралық байланыс: сызу.
   Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нұсқау картасы, тұрмыстық заттардан құралған композиция, мольберт, А3 форматында орындалған натюрморт.
   Қажетті құрал-жабдықтар: акварель бояуы, қылқалам, палитра, А3 форматы, қарындаш, өшіргіш.
Таратылатын материалдар: нұсқау карталар.
                                    
Сабақты өткізу барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:
  • Білімгерлермен сәлемдесу;
  • Білімгерлерді түгендеу;
  • Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу;
  • Топқа бөлу;
  • Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
  Слайд №1. Кескіндеме өнерінің жанрларын сурет бойынша табу.
      1.1. Натюрморт.
      1.2. Пейзаж.
      1.3. Портрет.
      1.4. Анималистік жанр.
      1.5. Тарихи жанр.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау:
 Слайд №2. Тұрмыстық заттардан шүберек қыртысымен натюрморт салу (акварель).  Слайд №3. Композиция туралы түсінік қалыптастырып, әрбір затты кеңістікте дұрыс көріп, пішін арқылы көлемін бейнелеуге, жарық, көлеңкені ажыратуға үйрету.
ІV. Білімгерлердің тәжірибелік сабаққа дайындығын шағын сұрақтар бере отырып тексеру:
 «Ой қозғау» . Бұл кезеңде екі топ бір-біріне сұрақтар қояды, білімгерлер сұраққа жауап бере отырып, дұрыс жауаппен салыстырады.
Слайд №4. «Қылқалам шеберлері» тобы:
      2.1.  Компоновка дегеніміз не?   (қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру)
      2.2. Жарық дегеніміз не?  (бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз)
      2.3. Көлеңке дегеніміз не?   (заттың бетіне жарық толық түспеген жері)
 
Слайд №5. «Жас суретшілер» тобы:
      2.4. Композиция дегеніміз не?   (шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті)
      2.5. Пропорция дегеніміз не?   (бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу)
      2.6. Натюрморт орындаудағы басты принцип? (тепе-теңдікті сақтау)

  1. Атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстыру:
  2. Натюрмортты акварель бояуымен орындау жолы туралы бейнеролик көрсету. Слайд №6.
  3. Нұсқау картамен жұмыс:
      2.1. Сұрақтардың жауабын таба отырып, жасырылған суретті ашу.
Слайд №7. Сұрақтары:      
  1. Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте суреттейтін өнер түрі? (бейнелеу өнері)
  2. Заттарды дұрыс, ыңғайландырып орналастыру орталығы не деп аталады?
    (үйлестіру орталығы)
 Слайд №8.
  1. Заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған көлеңкені не деп атайды?
    (жартылай жарық)
  2. Заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін не деп атайды?
    (жылт)
  • А3 форматына тұрмыстық заттардан құралған қойылымды акварель бояуымен орындау.
  1. Білімгерлердің өз бетімен жұмыс істеуі:
  Нұсқау картамен жұмыс. Тұрмыстық заттардан құралған қойылымды акварель бояуымен орындау.
VII. Білімгерлердің іс-әрекетін бақылау, қажетті нұсқаулар беру:
  Сурет салу барысында затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуін ,жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояуын қадағалау, қажет жағдайда көмек көрсету.
VIII. Сабақты қорытындылау.
 «Ішіне-сыртына». Бұл кезеңде білімгерлерге термин сөздер беріледі, сабаққа қатысты сөздерді ішіне, сабаққа қатысы жоқ сөздерді сыртына жазады.
Слайд №9. «Қылқалам шеберлері» тобына: портрет, қылқалам, акварель бояуы, пейзаж, геометриялық дене,жарық.
Слайд №10. «Жас суретшілер» тобына: анималистік жанр, гуашь, қарындаш, натюрморт, компоновка, пропорция.
Слайд №11. «Балама тест»
  1. Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. (ия)
  2. Штрих- шаршалау, перделеу техникасы. (жоқ)
  3. Пейзаж- адам бейнесі бейнеленген шығарма. (жоқ)
  4. Гризайль –бір орта түс арқылы қойылым көрінісін тауып беру техникасы (қара, қоңыр) түс арқылы тоналін табу. (ия)
  5. Анималистік жанр- жануарлар бейнеленген көркем шығарма. (ия)
  6. Натюрморт латын тілінен аударғанда «өлі табиғат» деген мағынаны береді. (жоқ)
  1. Білімгерлердің жеке жұмыстарын бағалау: Білімгерлердің сабақ барысында салған суретін тексеру, қатесін түсіндіру.
Х.Үй тапсырмасы: Тұрмыстық заттардан құралған қойылымды аяқтап келу.
ХI. Пайдаланылған әдебиеттер:
Василевская Л.А. Специальное рисование.- М.: Высшая школа,1989
Нұсқау картасы
Мақсаты: Білімгерлердің композиция туралы түсінігін қалыптастыру, әрбір затты кеңістікте дұрыс көріп, пішін арқылы көлемін бейнелеуге, жарық, көлеңкені ажыратуға үйрету;                               
Тапсырма №1.
Төменде берілген сұрақтардың жауабын табу арқылы жасырылған суретті ашу.
  1. Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте суреттейтін өнер түрі?
  2. Заттарды дұрыс, ыңғайландырып орналастыру орталығы не деп аталады?
  3. Заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған көлеңкені не деп атайды?
  4. Заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін не деп атайды?
  Тапсырма №2.
А4 форматына тұрмыстық заттардан құралған қойылымды акварель бояуымен орындау.
  1. Натюрморт нобайын компоновканы сақтай отырып қарындашпен салу.
                         
                               
  1. Акварель бояуымен артқы фонды бояу.
    
  1. Шүберек қыртыстарын жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
                                       
  1. Ыдыстарға түскен жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
  
  1. Тұрмыстық заттардан қойылған композицияны түстер ерекшелігін ажырата отырып аяқтау.