«Тәуелсіздігім- тұғырым » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай колледжішілік мерекелік іс-шара

Койгельдиева Адема Дариякуловна
Тарих пәнінің оқытушысы
.
.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік  тарихымен таныстыру. Отансүйгіштікке, бірлікке, патриотизімге  тәрбиелеу.
1-жүргізуші:  Құрметті 85- жылдық тарихы бар колледжіміздің ұстаздары мен студенттері және қонақтар. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай «Тәуелсіздігім- тұғырым» атты мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер.
2-ведущии: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые учителя и гости праздника! Мы рады приветствовать Вас в этот торжественном  мероприятие в честь 27 летия Независимости Республики Казахстан «Тәуелсіздігім- тұғырым»
/Қ. Р. Гимні орындалады./ (№  1    слайд гимн)
1 — жүргізуші:- Құттықтау сөз кезегі Талғар политехникалық колледжінің директоры Кибекбаев Жұмағали Тұрсынұлына беріледі.
2-ведущии:- Поздравительное слова предостовляется директору Талгарского политехнического колледжа Садыкову Р.Н.
1 — жүргізуші:- Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түскен сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жаулардан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған. 
 
2- ведущии:- Мы обрели независимость в непростое время, прошли через трудности. Много пережила наша Родина, прежде чем стать независимым государством.
Нынешний независимый Казахстан появился не вдруг и не на пустом месте; во имя его свободы миллионы людей проливали кровь, отдавали жизни.
Было это давно
А память народа хранит
Тысячи имён тех, кто Родину защитил.
 
  1. Көрініс «Жоңғар шапқыншылығы». ( слайд көрсетіледі)
(Бейқам отырған қазақ халқы, баяу музыка ойнап тұрады)
Тарихшы  баяу оқиды:Қазақ елі  — сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ  елі – асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Мысыр  еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.
Жыршы:                  Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
                                  Қазақ елі – Қас сақтай ердің елі.
                                  Елі кедей болмаған – жері байтақ,
                                  Еділ ердей, Бабырбай шерлер елі.
                                  Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
                                  Қазақ ері — өнерлі, өсиетті,
                                  Египетті билеген Бейбарыстың
                                  Елі – текті, киелі, қасиетті.
Тарихшы баяу оқиды:- Алтай мен Атыраудың арасы- Ұланғайыр алқап көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ата қонысы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. (№2   видеоның ортасы Жоңғар шап)  Бәрінен де жан-жағын жолбарыстай жайпаған жоңғар шапқыншылығы казақ елі үшін үлкен нәубет болды. (Жоңғарлар ауылды қырып кетеді)
  1. Көрініс: «Бір тудың астында».(Билер мен батырлар тұрады ,ортада Төле би) (№ 2 видеоның басы)
Тарихшы:-Қаратаудың  баурайында  қалың  қазақ бас қосты. Елдің елдігін,  ерлігін  соңғы  рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп,  жалпы жұртты аман алып қалу үшін, данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырады.
Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, орта жүзден ордасын тіккен Қазыбек би ұлы жүздің ақ сақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді.               
Төле би:- “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді!” Тұрған жерің тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық”.
  —“Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін”.
—Жоңғарға қарсы аттан! Аттан! Аттан!
Тарихшы:-Кең пейілді, бауырмал халық бір тудың астында “Сабалақ батыр” аталған Абылайды хан көтерді.
(Слайд  :Абылай хан,Төле би,Қазыбек би, Әитеке би, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батыр  туралы  көрсетіліп тұрады)
Жыршы:        -“Абылайлап”, Сабалақ қол бастады,
                         Абылай хан атанып, ел басқарды.
                         Ерлігінен хандардың басталады,
                         Егемендік, елдіктің сел бастауы.
                        
Тарихшы:-Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен заман болды.
Қалың елді Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар бастап, азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңді, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.
1студент:         Ер елінің Қабанбай тірегі боп,
                         Өренінің мақтаны, жігері боп.
                         Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,
                         Әр ұрпаққа күш берер жүрегі  от.
2студент:         Егес етсе Бөгенбай дана батыр
                         Ту көтерді Наурызбай – дара батыр:
                         Айбары боп елдіктің – ердің ісі,
                         Айғағы боп ерліктің дала жатыр.
3студент:         Райымбек әулие  — қасиеттім,
                         “Құдайым” деп жаулары бас иетін.
                         Балалары батыр боп орындады
                         Бабалардың өнеге-өсиетін.
(Слайд Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы, Сырым Датұлы)
Тарихшы баяу оқиды:- 18-19 ғасыр. Қазақ билері мен хандары иек артып, көмек күткен орыс патшалығы бірте-бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін аздыра бастады. Ел ішіне ірткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге,  кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған қазақ шаруалары ызаланып, кек көтерді.
Исатай мен Махамбет бастаған ел көтерілісі сәтсіз болса да, ел намысының айғағы еді.
(Құрманғазының “Кішкентай” атты күйі тартылады)
Жыршы:        Орнатам, деп Исатай бостандықты,
                        Ордадан – кек, құптауды достан күтті.
                        Жаңғырған мың-шаруа күресінен,
                        Жәңгір хан мен ақ патша жасқаныпты.
(Махамбеттің “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мен, мен едім, мен едім”, т.б.жырлары айтылады)
1студент- Мен –мен едім мен едім!
                   Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім.
                   Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім.
                   Қай қазақтан кем едім?
                   Бір қазақпен тең едім.
2студент:-Кенесары Қасымдай,                                                                                            
                  Саржан менен Сырымдай,
                  Исатай мен Махамбет,
                  Еңіреп туған ерлерім,
                  Айта берсе мың бір рет.
(Слайд 1916 ж Ұлт-азаттық көтеріліс, Николай ІІ, Амангелді батыр, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев)
2.Көрініс «Маусым жарлығы».
Болыс:-О здрасти тақсыр, сіз шақыртқан соң екі өкпемізді қолымызға алып жеттік.
Генерал:-Біле білсеңдер соғыс болып жатыр, ал сендер қымыз ішіп,жайлы жерге орнығып, қызыққа батасыңдар. Олай болмайды. Тыңдаңдар бұйрық!
Қосшы:-Патша ағзамның жарлығы.Жарлыққа ұлы мәртебелімнің  өзі қол қойған. Сонымен «19 бен 43 жас арасындағы азаматын тезірек жинап, өкімет қолына тапсыру керек. Бұлар соғысқа қолына қару алып күресетін әскер емес, майдан шебінде болады, яғни тылда жұмыс атқарады».
Генерал:- Ал патшаның жарлығын екі ету қылмыс. Тез есептеу керек. Ескертемін Жарлық талқыланбайды.  (Айналып шығып кетеді)
Халық: -Балалар кырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, ақ патшаның жарлығын орындамаймыз.
-Жас өлкенше кәрі өлсін 
Баламызды бермейміз . Бермейміз
(Слайд Ұлт-азаттық көтеріліс қайраткерлері)
Тарихшы: Осылайша 1916 жылы қазақ халқы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Ұлы қазақтың кең байтақ жерін түгел қамтып, бүкілұлттық көтеріліске ұласты.
Жыршы:       Төгілген қан, аққан жас,
                        Ойламаңдар тегін деп.
                        Бірлік болмай, тірлік болмас,
                        Деп бірікті еліміз.
(Слайд Қуғын-сүргін құрбандары )  №3   видео Қуғын –сүргін көрсетіліп тұрады
 
Тарихшы: 1921 жылдан бастап қазақтың маңдай алды азаматтары Сталиндік саясаттың, зұлымдықтың қуғын-сүргіні болды. Олар қазақ халқының біртуар қоғам қайраткерлері еді.
  1. Көрініс «Ату жазасы»
№ 3  видео көрсетіліп тұрады
Жыршы:       Ашаршылық құрбаны болған қайран елім,
                        Репрессия құрбаны болған қайран ерім-ай.
                        Сәкен, Ілияс, Бейімбет,
                        Әлихан, Тұрар, Шәкәрім,
                        Еңіреп өтті-ау елім деп.
 (№  4 видео- Мұстафа Шоқай).
 
(Слайд -Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж)ән Идет война народная орындалады
Тарихшы:   1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді. Батырлықты батырлардың батыры Бауыржан Момышұлы бастады.
(«Жас қазақ» әнінің әуенімен жыршының жыры естіледі.     Б.Момышұлының бейнесі көрсетіледі)
Жыршы:        Бауыржандай Мәскеуді қорғап қалған,
                         Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.
                         Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,
                         Батырлығы бағым боп орнап қалған.
                         Қорған болған елінің елдігіне,
                         Батырлардың бас идік ерлігіне!
                         Ұрпақтары қаһарман бабалардың
                         Тәуелсіздік қамалын көрді міне!
 (Слайд- Желтоқсан 1986ж).
Тарихшы:      1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
 
(№ 5  видео Желтоқсан көтерілісі)
Көрініс «Желтоқсан желі » :
Алаңға бір топ жастар Қазақстан Республикасының гимнін айтып, қолдарына «басқаның боданында болмаймыз», «әр ұлттың өз көсемі болуы керек» деген жазуы бар плакаттар алып, алаңға шығады. Әскери адамдар оларды қуып, қолдарын артқа бұрап,сүйрейді. Дауыстар шығады:шыңғырған,жиналыңдар қазақтар, жіберіңдер
 
Жыршы:        «Қазақ елі хан сайлар зор данасын,
                         Ғажап елді келімсек қорламасын!»
                         Деп, Қайраты көтерді намыс туын,
                         Кек қайнатты өрт толып Орда басын.
(№5  видео- Желтоқсан)
Жыршы:          Өкінгенмен пайда жоқ өтті күндер,
                           Қыршын кетті әттең-ай, көк өрімдер.
                           Еске алдық, дұға оқып бегзаттарым,
                           Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер.
                           Ел тілегі енді айтпағымыз,
                           Сүт бетінде қалқыған қаймағымыз.
                           Әрбірің бір батырсың дастандағы,
                           Желбіреді аспанда байрағымыз.
(№6 — видео Тәуелсіздік жолындағы күрестер)     
 
1 — жүргізуші:- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 27 жылдың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
2- ведущии:- Да, за 27 лет наша государства достигла немалых высот
     25 октября 1990 года – день суверенитета, который стал переломным в Казахстанской Истории. Первым основополагающим законодательным актом страны стала Декларация независимости. Это правовой, политический и идеологический документ, отражающий основные принципы общественности, прав и свобод человека, собственности, политического плюрализма и разделения власти. Эти фундаментальные положения легли в основу Конституции. 
( №7-   видео 1991 жылдан бастап)
Жылдар көрсетіледі-1991-2016=ТӘУЕЛСІЗДІК
2- ведущии:- 1991г  29 августа — закрытие Семипалатинского испытательного ядерного полигона.
1 — жүргізуші:- 1991ж қазанда  ғарышкер Тоқтар Аубакіров ғарышқа ұшты
2- ведущии:- 1991г  10 декабря — принятие закона о переименовании Казахской ССР в Республику Казахстан.
1 — жүргізуші:- 1991ж  16 желтоқсанда —«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заң қабылданды.
1 — жүргізуші:- 1992ж  2 наурызда— Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.
2- ведущии:- 1992г  7 мая — создание Вооруженных Сил Республики Казахстан.
2- ведущии:- 1992г  4 июня — принятие государственных символов Республики Казахстан.
1 — жүргізуші:- 1993ж  28 қаңтарда —ҚР бірінші  Конституциясы қабылданды.
1 — жүргізуші:- 1993ж  15 қарашада —ұлттық валюта— тенге қолданысқа енгізілді.
2- ведущии:- 1994г  7 марта — выборы в первый Парламент суверенного Казахстана.
2- ведущии:- 1995г  30 августа — принятие на республиканском референдуме второй Конституции РК.
1 — жүргізуші:- 1997ж— “Казахстан — 2030″-мемлекетті дамытудың стратегиялық бағдарламасы қабылданды.
1 — жүргізуші:- 1997ж  10 желтоқсанда — Акмола қаласы Қазақстанның астанасы деп жарияланды.
2- ведущии:- 1998г  6 мая — переименование Акмолы в Астану.
2- ведущии:- 2000г  29 июля — уничтожена последняя штольня для ядерных испытаний на бывшем Семипалатинском ядерном испытательном полигоне.
2- ведущии:- 2002г 30 августа -воздвигнут Байтерек (монумент)
1 — жүргізуші:- 2010 ж- Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті.
1 — жүргізуші:- 2011 ж 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында —Қазақстанның екі қалаласында Алматы мен Астанада VII Қысқы Азия Ойындары өтті.
1 — жүргізуші:- 2015 жылы- Қазақ хандығының 550 жылдық үлкен мерекесі  аталып өтті.
2- ведущии:- 2016 год – это  год, олицетворяющий особый период в жизни каждого казахстанца. Мы становимся свидетелями торжественного празднования 25-летия со дня провозглашения Независимости Республики Казахстан. На протяжении 25-ти лет, совершив невероятный рывок в историческом развитии, казахстанцы сообща трудятся над созданием сильного, динамичного, современного государства под  руководством Лидера Нации, Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева.
1 — жүргізуші:- 2016 жыл – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ширек ғасырында айтулы жыл болмақ. 2016 жылы мемлекетіміз бен халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бірқатар мерейтойлар мен атаулы күндер бар. Атап айтқанда, биыл 2016 жылы Әлихан Бөкейхановқа 150 жыл толып отыр.
— Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл толады.
— Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл.
-1836-38 жылдары еліміздің батысында болған халық көтерілісінің қолбасшысы Исатай Тайманұлына 225 жыл.
-Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске (1836 жыл) 180 жыл.
-Ақын әрі сазгер Қалнияз Шопықұлына 200 жыл. 
-Халыққа білімнің нұрын шашқан, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринге 175 жыл.
 -Қазақтың жыр дүлдүлі, ақын Қашаған Күржіманұлына және әйгілі сазгер Мұхит Мералыұлына 175 жыл.
-Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа 170 жыл.
-Ақ күріштің атасы атанған еңбек майталманы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевқа 125 жыл.
-Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына 25 жыл .
 
1 — жүргізуші:- Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді. ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсынды. ЕХРО сияқты халықаралық көрмеге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген үлкен мүмкіндік деп білеміз.
 Ән    «Астана»
 (№ 8   видео  Универсиада)
2- ведущии   -2017 года с  29 января по 8 февраля в Алматы пройдет  28-я Всемирная зимняя Универсиада. В программу зимней Универсиады вошли 12 видов спорта: фигурное катание, шорт-трек, горные лыжи, сноуборд, биатлон, лыжные гонки, хоккей с шайбой (мужчины, женщины), керлинг, прыжки на лыжах с трамплина, лыжное двоеборье, конькобежный спорт, фристайл. Ожидается, что в соревнованиях примут участие около 2 тысяч спортсменов.. Ожидается приезд порядка 30 тысяч отечественных и зарубежных туристов. Телетрансляция состязаний будет идти на 80 стран мира с общей телеаудиторией 1 млрд человек.
 
1 — жүргізуші:- Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Ән: 
1 — жүргізуші:- Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 
  2- ведущии:   На этом праздничное мероприятие, посвященное Дню Независимости Республики Казахстан подошло к концу.