Тәуелсіздік – еркіндігің, елдігің

Сәдуақас Гүлім Дәулетқызы
Мастер производственного обучения
.
.
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 26 жыл ішінде жеткен  табыстарымен  таныстырып, білімдерін
нығайту. Отанын  құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды    өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.  Елін, жерін, тілін, тарихын  құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол  азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриотт тәрбие беру.
Көрнекілігі:  «Қазақстан тәуелсіздігіне 26 жыл» слайд , Туған  жер туралы қанатты сөздер,буклеттер «Туған ел-  тұғырың, Көк туың қыдырың», «Туған жер-алтын  бесігің». «Отан үшін күрес-ерге  тиген үлес»
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, шеберлер,оқушылар қонақтар!
Бүгін біз  еліміздің  сан мың жылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен кешегі дүниені  дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған
« Тәуелсіздік – еркіндігің, елдігің» атты  ашық тәрбие сағатымызды  сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Оқушы: Көк туым, көтерілді бағым жанып,
                Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
                Шырқадық әнұранды бар дауыспен,
               Арманымыз’’Ата заңым,, қабылданып.
Қазақстан Республиксының Гимні орындалады
Мұғалім:  Биыл біздің еліміз үшін ерекше жыл,өйткені тәуелсіздігіміздің 26 жылдық мерей тойын тойламақпыз. Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқы өз ұлдары елжандылыққа, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеуді мақсат еткен.
Өз тарихында  жерін,елін қорғаған. Біздің тәуелсіздігіміз қазақ халқының ержүректі ұлдарымыздың арқасында келді. Бүгін біз тәуелсіз мемлекеттің көк туын желбіреткен егеменді халықпыз.
Қазақтың басты құндылығы-Тәуелсіздік.Алаштың айбынын асырып,ата-баба армандаған күнге жетіп,жасампаздықтың даңғыл жолына түскенімізге 20 жыл толып отыр. Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің  отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.
Оқушы: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтті .Бұл тарих ауқымымен алып қарағанда,аз ғана мерзім.Алайда,Алаштың мұраты жүзеге асқан осынау қасиетті күннен бергі кезеңде мемлекеттілікті қалыптастырудың үлкен үлесі артта қалып, жаңа Қазақстан тарихының айқын беттері ашылды.
Мұғалім:   Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды  шартарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім — байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды.Еліміз  өркениетті замана ағысына қосылды.   
Біз бұл қазақтың басынан нелер өтіп,нелер кетпегенін айтсақ: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі.
Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолына шолу жасасақ; (жайлап музыка қойылады,слайд қосылады )
Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін мойсыратып кетті.
1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс
1916-1917 жылғы ұлт азаттық көтеріліс болды.Бұл жылдарғы күресте    Амангелді Иманов,Махамбет Өтемісұлы,Исатай Тайманов сияқты батыр  бабаларымыз өз ерліктерімен көзге түсті.Бұл жылдары 60 мыңнан астам халық патша жендеттерінің қолынан қаза тапты.
Оқушы: Ғалымдардың айтуынша 1921-1922 жылдардағы аштық 2 миллион 250  мың адамды қармағына іліктірсе,1931-1933 жылдардағы «қызыл қырғын» 2 миллион 200 мың адамның тағдырын біржолата қиды.
                          Өкінішті арман,арман,арман-ай,
                          Қаншама рет таяқ жедім аңдамай.
                          Ұрпағының ертеңі үшін мертіккен,
                          Бабаларды ұмытамын мен қалай ?
Халқымыз үшін қасіретті,қазақты тарыдай шашып жіберген зор     нәубәт,аштық жылдары туралы мәңгі есімізде сақтаймыз.
Оқушы: 1986 жылдың  16-шы желтоқсаны. ‘’Әр республикаға өзінің басшысы ,, ‘’Қазақстан жасасын !,, Езу мен қанаусыз еркін, ерікті даму үшін! деген сияқты қазақ, орыс тілдерінде жазылған жазбаларын жая ұстап,қазақ жастары бейбіт шеруге шықты. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі  қаралы қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат Қайыркелді, Түгелбай, Сабира, Ербол; Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды.
Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл  шылбыр салынды. Әділік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлтүйірілді.Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.
Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
Оқушы:
Мен-қазақпын,мың өліп,мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Мен-қазақпын,биікпін байтақ елмін
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
Мұғалім:Бүгінгі Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет  ретінде әлемге өзін мойындатты. Азғана уақытта егемен ел болудың өзіндік жолын таңдай алды. Толағай табысымыздың қазақстандық кілті-бұл еңбексүйгіштік, ұлттың бірлігі мен табандылығы, нақты мақсат-міндеттерді және оған қол  жеткізуді анықтау және іске асыру. Әрине,Тәуелсіздігіміздің 20 жылындағы жасампаз жетістіктерімізді  берілген аз уақыттың ішіне сиғызу қиын десек те қазақстан адам құқықтары мен  бостандықтары,этникалық және діни төзімділік,өзара сыйластық,барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік беру сияқты құндылықтарға ие бір жұдырыққа жұмылған халқы бар гүлденген көп ұлтты мемлекет
Оқушы:Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында қол жеткізген жетістіктерді республикадағы негізгі әлеуметтік-экономикалық өсуіне шолу жасасақ;жалпы алғанда біздің ішкі өніміміз 1991 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көбейді ,ұлттық экономикадағы еңбек өнімділігі 1,5 есеге дейін өсті,өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,2 есеге,ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56 пайызға ұлғайды.Соңғы бес жылда шағын бизнес субъектілерінің саны 22 пайызға  өскен. Соңғы 10 жылда орташа айлық еңбекақы 5,5 есеге,зейнетақы көлемі 6 есеге дейін өсіп,жұмыссыздық деңгейі 13,5 тен 6,6 пайызға дейін екі еседен астам төмендеді.Халықтың табиғи өсімі 3 есеге ұлғайып,адам өлімі 9 пайызға қысқарды. Сарапшылардың бағалауынша қазақстан адам әлеуетін дамытудың жоғары деңгейіндегі елдер рейтингісінде 16 сатыға жоғары көтеріліп,169 мемлекеттің ішінен 66 шы орынға тұрақтады.
Мұғалім:- Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды.
Еліміз жайлы оқушыларымыздың пікірін тыңдаймыз
Оқушы  сөзі : Ең бірінші мен өз Отаным  Қазақстан Республикасы жайлы айтсам:Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені.Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ , қуатты ел.Жер қойнауында да, жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Онда 130-дан ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп,еңбек етуде.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді.Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары  лауазым иесі –Президент
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар.

Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған..
Билігім -өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.

Оқушы  сөзі: Біздің туған жеріміз алтын бесігіміз – Қазақстанды кеңбайтақ атамекеніміз дейміз, өйткені онда біздің ата-бабаларымыз өмір сүріп, еңбек еткен. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.
Оқушы  сөзі: Біз қол жетпес қиянда көрінген биік белестерді бағындырдық.Тарлан тарих үшін тым қысқа болып саналатын аз уақыттың ішінде ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқарылды.
 Сарыарқаның сайын даласында салтанаты жарасқан, зәулім ғимараттары көкке өрлеген асқақ Астана қаласы салынды.
Төрткүл дүниеге төрелік айтып, Төбе билікке қол создық!2010 жылы
Қазақстан  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. 2008 жыл 6-шілде. Астана қаласындаЕлордамыздың Бас алаңында, алтын самұрығы тұғырына қонған «Қазақ елі» монументі ашылды.
Оқушы  сөзі:  Көп ұлтты Отанымызда саяси тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнығып тұруы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен Конституция қызметінің жетістігі деп айта аламыз.Сын сағатта тәуелсіздігіміздің кепілі болған қастерлі Ата Заңымыз – ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының Тілдері күні» болып жарияланды.Содан бері осы күн мереке түрінде аталып келеді.Тіл мәртебесін алған соң қазақ елі қайта жаңғырды,маңдайы жарқырап,бағы жанды.Жастарымыз рухани уызға жарып,ата-баба тәлімін қастерлеп,ұлттық рухта тәрбиеленіп келеді.

Оқушы:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-данам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Оқушы:
Тәуелсіздік!
Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным.
Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік,тәуелсіздік-жыр әнім,
Көк байрағым,елтаңба,әнұраным.
Атыңнан айналайын тәуелсіздік,
Қолда елді қасиетті құраным.
Оқушы:
Ана тілім бірге жасар өзіммен,
Ана тілім қадір тұтам сені мен.
Ана тілім ардақтысың қашанда,
Орын берем жүрегімнің төрінен.
Оқушы:
Көк аспандай көкпенбек Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек, елдің ашық қабағы.
Ақ ниетті алтын күн, асқақ арман қыраны,
Жалауы бұл – халқымның мәртебесі туы ара
Бұлт баспасын күнімді, тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды – қасиетті борышым.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Мерейім — нұрлана бер азат Күнім!
Көрейін бақытымның азаттығын,
Таңымды тамылжытқан бостандықтан,
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Қасиетті Қазақстаным мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім,Жерім,Отаным,бақ-дәулетім.
Болашағым өнер-білім,өркенім.
Оқушы:
Қазақстан менің асыл аймағым,
Қуантады күнге  құшақ жайғаның.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер,құлпыра бер жарқырап.
Шалқы қазақ шалқитын заман келді,
Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.
Кең даламда керіліп атыңды атап,
Жырла қазақ,жаңа күй,жаңа ән келді.
Әлеулеттік Әнұранды аспанға,
Туымызды тіктік биік асқарға,
Көп жыл болды Елтаңбамыз жарқырап,
Тәуелсіздік бізге есік ашқанға.
Оқушы:
Күн шаңырақты күміс отау далам бар,
Сүйсініңдер,суретіне қараңдар.
Туып өскен Отаным-Қазақстан.
Күлімдеп гул жайнаған гүл шығыстан.
Бір ата,бір ананың түлегіміз,
Жайнайды ынтымақпен нұр өңіміз
Бірлік бар да тірлік бар деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
Қазақстан- Республикам мақтанышым
Мен сені жырламаймын мақтан үшін
Құдайым құттай маған жүрек берген
Лүпілдеп сені сүйіп,сақтау үшін.

Мұғалім:  -Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 31 жыл толады. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Олай болса, құрметті қауым, Тәуелсіздіктің 26 жылдығы   және Желтоқсан оқиғасының 31  жылдығына орай сынып оқушыларының өз ойларын  білсек.  Осы топтағы Тәуелсіздік құрдастарына сөз берсек:
Оқушы:-  Тәуелсіздікпен бірге өмірге келіп, сонымен бірге осындай бейбіт шақта өсіп келе жатқаным– мен  үшін үлкен қуаныш. Осы өзім алып жатқан білімімнің арқасында жақсы мамандық  иесі  атанып,  Қазақстанымыздың одан әрі көркеюіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Оқушы: – Тәуелсіз мемлекетте өмір сүру – біздің басымызға берілген бақыт шығар. Өйткені тәуелсіз елде ғана жастар өсіп-өне алады. Оларға барлық жағдай жасалып, өз талабын ары қарай ұштай түсуге мүмкіндік беріледі. Қалаған мамандығын алып, еркін еңбек етуге құқың болады.
 Жастарға әрқашан қолдау көрсететін Елбасымызға алғысым зор. Өзімнің тәуелсіз Қазақстанның құрдасы екенімді және осы елдің азаматы болғанымды мақтан тұтамын.
Оқушы: Біз осындай оқу орнында тегін білім алып, өзіміздің қалаған мамандық иесі болып шығуымызға  мемлекетіміз  барлық жағдай жасап отыр.Сондықтан  мен  тәуелсіз еліміздің одан әрі дамуына  оқуымды бітіргеннен кейін еңбек етіп, өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Оқушы: Алдағы мақсатым лицейді ойдағыдай аяқтап ,одан кейінеліміздің Қарулы Күштерінде қызмет етуді армандаймын . Ең бастысы, талап пен тәртіпке, білім мен біліктілікке ұмтылған дұрыс деп ойлаймын.  Мен үшін ең маңыздысы Туған ел мен жер тағдырына терең жауапкершілікті сезініп,тәуелсіз елімнің берік қорғаны болу.
Оқушы: Біз бүгінгі жастар ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азаматтар екендігіміз ақиқат.Біз бақытты елде тұрамыз.Біздерге барлық жағдай жасалған. Мен өзқалаған мамандығым бойынша жұмысқа тұрып,елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу  өз тілектерім мен сенімдерді ақтап, ата-анамның көз қуанышы, көңіл мақтанышы болу ғана.
Оқушы: Бүгінгі Қазақстанымыз-қашан да мақтанышымыз.Өткен жылдарды мемлекетіміз көркейіп,гүлденуі   өзге елдермен терезесі теңесіп,болашаққа жол ашты. Елдің болашағы өркендеуі, бүгінгі жас ұрпақ біздің қолымызда. Туған тіліміз,туған еліміз, Отанымыз Тәуелсіз Қазақстан мәңгілік жасай берсін!
Оқушы:   Мерейім — нұрлана бер азат Күнім!
                   Көрейін бақытымның азаттығын,
                   Таңымды тамылжытқан бостандықтан,
                   Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
                    Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
                    Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
                    Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
                    Байладым тәуелсіздік — өмір бауын
 Ән «Атамекен» топ оқушыларының орындауында
 
Мұғалім: Міне, тәуелсіз еліміздің жастарының асар асуы мен алар биігі алда екені аңғарылғандай. Өйткені, жақсылыққа жаны құмар дарынды ұл-қыздар Қазақстан сияқты тек алға ұмтылған «Барыс» тұрпатты жас мемлекетті көз алдымызға елестетеді. Еліміз өзін батыл түрде жариялап, алға қойған мақсаттарын белсенді де, сенімді іске асыра білді.
Қорытынды: -құрметті оқушылар , бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
                         Өткеніңді еске алсаң,
                         Өскеніңнің белгісі.
                         Өткеніңді ұмытсаң,
                         Өшкеніңнің белгісі,
     Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ұландары! дей отыра бүгінгі тәрбие  сағатымызды аяқтаймыз.