Тәуелсіздік күніне арналған іс шараның өтілу жоспары «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Макулбекова Акерке Макулбековна

Тарих пәнінің оқытушысы

.

.

Мақсаты:

Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Көрнекілігі:слайдтар  көрсету, суреттер, көрме.

Театрланған көрініс қойылымы

Сахнаға студент қыз-жігіттер шығады

Студент бала:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын маған қарсы кім туар.

Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі желдің жайын кім сұрар?

Қандай әдемі шумақтар дейсіздер ғой, ә?!

Қыздар: иә,иә

Сол кезде сахнаға Қайрат шығады.

Студент бала: о Қайрат келді ғой.

Қайрат: құрметті студент жастар, біз нағыз қазақтың жастарымыз. Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай:

Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін-деген емес пе?

Студент бплп: дұрыс айтасың Қайрат

Қайрат: ақын болмасақ та, ақындыққа жақын жастар біздің тобымызда да бар. Талант текке кетпесін десек, осында өлең қасиетін ұғатын жастарға мүшәйра өткізсек қалай қарайсың?!

1-ші Қыз: ммм оның табылған ақыл. Біздің арамызда елін, жерін сүйетін жастар өте көп.

2-ші қыз: кел екеуміз бәстесейік, мүшәйра ұйымдастырайық. Сонда келіп түскен өлеңнің көбісі, туған жер, ел жайында болатындығына сенімдімін.

Студент жігіт: ой оны да айтасың ау, Қайрат осындай құлпырған қыздарымыз барда, ең алғашқы тақырып махаббат лирикасы болмай ма?

Қайрат: жарайды достар, кеттік қасиетті қара өлеңнің тақырыбы қай тақырыпта болмасын кемімейді, тек қана жүректен шықса болғаны.

Сахнаға бір жігіт (қыз) келеді: неғып тұрсыңдар, ана жақта Қонаевты тақтан алып, Колбин отырғалы жатыр. Қазақты біреу басқарады деген не деген сұмдық. Жүріңдер жүр, деп саханадан шығып кетеді.

Қайрат: бұл не деген сұмдық, қазақты біреу басқаратындай қазақ әлі өлген жооқ. Жүріңдер намысымызды таптатпайық.

Студент жігіт: дұрыс айтасың аға! – деп барлығы сахнадан жүгіріп шығып кетеді.

Слайд: 1986 жыл 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.

Сахнаға декан шығады

Хатшы: кіруге бола ма?

Декан: кіріңіз

Хатшы: Бауыржан Рашидұлы, мына Рысқұлбековтың жағдайын біржақты ету керек. Шақырту керек оны.

Декан: Шақырт

Хатшы: кіріңдер, әне өздері де келді, қараңызшы.

Декан: сонымен, алаңға ескертусіз шығып, оның үстіне студенттерді азғырып, патриот атанбақшысың ба?

Хатшы: неткен арсыздық, саған кім басшы болса да бәрібір емес пе?

Қайрат: сізге бәрібір шығар, кеудемізде ұлттық намысымыз жоқ болса, онда хайуанмен тең болғанымыз да. Жайылған малды кім жайса да бәрібір, ал біз қазақпыз, ұлтпыз соны сізден түсінуіңізді сұраймыз.

Декан: сен мына жалған намысыңмен қайда барып оңаласың, сендей бүлікшілді соттау керек.

Қасындағы қыз: сіздер не деп тұрсыздар, Қайраттың қандай студент екенін көріп жүрсіздер ғой. Адамды қорлау арымызға сын емес пе?

Хатшы: хм кім біледі, мүмкін сен Қайратқа бізден гөрі жақын шығарсың?

Қыз: сіз, сіз …

ДЕКАН: мысқылдап күледі

Хатшы: қарашы өздерін.

Декан: Саветскийдің өліміне тікелей қатысы бар деп іздестіріп жатыр.

Хатшы: алаңға шыққаның аздай, енді кісі өлтіріпсің ғой

Қайрат: не? Адам өлтіргенім жоқ, қазақтың қайсар қыздарының шаштарынан сүйреп, мұзға отырғызып сабап жатқанынан шыдай алмадым. Сіз де қазақсыз, менің орнымда болсаңыз, азаптап жатқанда шыдап тұрар ма едіңіз?

Декан: қалай сайрайтыныңды сот шешеді. Қазір боссың.

Қайрат шығып кетеді.

Хатшы: бұны хаттамаға жазып қою керек, жүріңіз, ұлтшылын қарашы.

Слайд: мойынқұм 1986 жылдың желтоқсаны

Әке-шешесі сахнада

Радио: Алмалы ауданындағы дүрбелең басылар емес. Колбинді тақтан тайдырмақшы болған қазақ жастарының екпіні басылар емес. Совитскийдің өліміне тікелей қатысы бар деген айыппен сәулет-құрылыс университетінің 1-ші курс студенті Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы іздестірілуде.

Анасы: мына, мына адам не деп тұр, мына радио не дейді. Біздің ұлымыз не кісі өлтіруші ме сонда?

Әкесі: жоқ, жоқ өлтірген жоқ шығар

Анасы: жалған жаза шығар (жылай бастайды)

Әкесі: болды, болды

Анасы; біздің құлынымыз, біздің құлынымыз… біреулер келді деп шешесі орнынан ұшып тұрып есікке қарай беттейді.

Слайд: жаңа 1987 жыл қарсаңында Қайрат туған ауылына келеді

Анасы: Ноғайбай құлындарың келді

Қайрат: анашым, сағындық қой сіздерді

Інісі: о, әкетай қалыңыз қалай?

Анасы: аман екенсің ғой деп Қайратты құшақтап жатады

Қайрат: неге сонша мұңайып отырсыздар бір жағдай болып қалды ма?

Анасы: Қайрат Алматыдағы не дүрбелең, сені кісі өлтірді деп айыптап жатыр ғой.

Әкесі; тәйт, ары кісі өлтіргені несі? Бұл жалған жала.

Анасы жылап: бұл не сұмдық

Есік қағылады, бұл кім болды екен деп бәрі есікке қарайды

Екі мент келіп: Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы осы үйде тұра ма?

Анасы: сен кімсің?

Қайрат: мен

Мент: шық бері сені Советскийдің өліміне кінәлі деп айыптап жатыр деп кісендеп алып кетеді

Мент анасын жұлқылап итеріп жібереді

Әкесі: Қайрат, Қайрат балам

Автор: көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін, 1987 жылы қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері Алматыда «бір төбелеске қатысты» Деген желеумен Рысқұлбековты Мойынқұм ауданында ұстайды.

Сахнаға мент пен Қайрат шығады. Оны ұрып сабайды.

Мент: сонымен Советскийді сен өлтірдің бе? Деп ұрады

Екінші мент: жастарды алаңға шақырған сен бе? Деп тебеді

Мент: мойындамайды ғой мына сүмелек, мойында дедім ғой. Саған 2 сағат берем, мойындайтын бол

Слайд: тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла шаралар қолдана отырып, оны Совицкийдің өліміне кінәлі етеді

Қайрат(жерде жатып): мен ешкімді өлтірген жоқпын, мұның бәрі жала

Орындыққа отырып, қалтасынан хат алып, аула жинаушыны шақырып,: ағатай, ағатай өтінемін мына хатты жазылған мекен жайға жіберсеңіз болды

Аула сыпырушы: жоқ болмайды. Біліп қойса басымды кеседі ғой.

Қайрат: ағатай өтінемін соңғы үмітім сізсіз.

Аулы сыпырушы: мен сені көрмедім, сен мені көрмедің

Қайрат: жарайды, ағатай

Екі мент қайтып келеді: иттің баласының жатқан жерін қарашы, тұр орныңнан тұр.* деп Қайраттың екі қолтығынан демек сахнаның ортасына алып келеді.

Сол кезде қолында хаты бар анасы шығады.

Қайраттың хаты: құрметті қаракөз ханымдар мен жылы жүзді жеңгелер, анашым менің, шын жүректен ақ көңіліммен алғашқы көктемнің күлімдеген мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Қамөоршы халқым және ағаларым, жәрдем берер жағаларым, қыздар үшін тар қапаста келіп түсті тұлпарларың. Асыл анашым мына хаттың сендердің қолдарыңа жетер жетпесін кім біледі, егер де жетсе, сендерді жақсы көретіндігімді айтқым келеді. Сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кеткеніме өкінемін, әтттең! Сенші маған анашым, жаман еш нәрсе жасағаным жоқ кісі өлтірді деп жатқандары жала. Менің айыбым, ұлтымыздың намысын таптатқым келиегені, алаңға шыққан әрбір қызды өзімнің қарындасымдай көрдім, оларды мұзға отырғызып, шаштарын жұлып, үстеріне су шашқанда, ағатайлап, көмектесіңдер деп құлын дауыстары шыққанда, ет жүрегім езілді. Уақыт өтер бәрі өзгереді, еліміз егемендіккее қол жеткізсе, бейбіт заманның орнайтыныдығына сенемін. Қош бол анашым, қош бол қарындастарым, қош бол халқым менің!

Мұңлы музыка

Шешесі езіліп жылайды

Мент оң қолын көтергенде қайратты атады.

Анасы: ботам, құлыным, балапаным, зар қағып жылайды, сен мені неге тастап кеттің? Ботам ау…

Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)                          

1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білімгерлер! Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке.   Тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер. 

2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)

1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз колледж директорына беріледі.

2-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі) Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә?

Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде әнін тарту ететін Гордеев Денисті қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. 

1-жүргізуші: Иә…. Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 

2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.

  Хор «Атамекен».

 

1-жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

 

2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!