«Тәуелсіздік мерекесіне арналған» сценарий

Өнерхан Меруерт
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
.
.
Мақсаты: Жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадірін, киесін түсіндіру. Студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, отан алдында, өзінің туған халқының алдындағы жауапкершілік сезімдерін ояту.
Куратор сөзі: Қош келдіңіздер құрметті, студенттер, оқытушылар, қонақтар! Ата-бабаларымыздың қанымен келген Тәуелсіздігіміз құтты болсын! «Тәуелсіздік» — ол киелі ұғым… Бұл жолда қаншама ерлеріміз өмірмен қоштасты, қаншама ержүрек қыздарымыз жауға қарсы тұрды. Осылай ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздіктің тұғырлы болуы бүгінгі ұрпақ, сіздердің қолдарыңызда!
         1-жүргізуші:      
Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
         2-жүргізуші:
 Армысыздар , құрметті ұстаздар,қонақтар, студенттер! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз »атты  кураторлық сағатымызды (мерекелік кешімізді) ашық деп жариялаймыз! 
         Гимн орындалады
         1-жүргізуші:
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
         2-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі  бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ  халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің  бірі.  
         1-жүргізуші: 
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан  ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. 
         2-жүргізуші:  
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың          16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00  да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 

         1-жүргізуші: 
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс. 
                                                         Көрініс 
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Не жаңалық шығыпты?
— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты.
— Колбин деген кім екен?
— Қайдан келіпті?
— Колбин Ульяновтан келіпті.
— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
— Біз демократияны талап етеміз.
— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік! 
         2-жүргізуші: 
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. 
Өлең: «Желтоқсан желі»
         1-жүргізуші: 
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ. 
         2-жүргізуші: 
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі. 
                                               Көрініс. 
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) 
         1-жүргізуші: 
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына  
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін  
үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт  
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді. 
                                                         Көрініс. 
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: 
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! 
Жалалы боп, қатты батты жаныма, 
Жазалаушы қағаз алдым қолыма. 
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, 
Жазған екен маңдайыма сорыма. 
Біріншіден, мен сағындым анамды, 
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? 
Бостандықта еркін жүрген жан едім, 
Енді, міне, абақтыға жабылдым. 
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. 
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе? 
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін? 
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе? 
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын? 
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой. 
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. 
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала 
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп  
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен  
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.  
Әйтпесе әкеңді де… 
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін. 
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,  
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық? 
Қайрат:  Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?  
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.  
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!  
Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар. 
Күнәдан таза басм бар, 
Жиырма бірде жасым бар. 
Қасқалдақтай қаным бар, 
Бозторғайдай жаным бар. 
Алам десең алыңдар. 
Қайрат деген атым бар,  
Қазақ деген затым бар. 
«Еркек тоқты – құрбандық», 
Атам десең атыңдар. 
(Қайратты кісендеп алып кетеді.) 
                                               Видео
«Біз кімбіз?»( таңбалау)
Қ – Біз тәуелсіз елдің жастарымыз    Шапағат
А -Біз ел қорғаушымыз        Айна
      З – Біз өз Отанымыздың патриотымыз      Абдуалим
А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз     Назира
Қ-Біз болашаққа сеніммен қарайтын       Шыңғыс
С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз    Алема
Т-Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген,   Дариға
А— Біз білімге, адамгершілікке құштар       А.Карина
Н— Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз  Нұраслан
                                      Ән «Жаса қазақстан»
         2-жүргізуші: 
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
         1-жүргізуші: 
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына. 
        «Қазақ елі» әні
ФИНАЛ
            2-жүргізуші: 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
            1-жүргізуші: 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!
            2-жүргізуші: 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!