Тәуелсіздік – тұғырым

Исмаилова Гульжан Дусубановна

Арнайы пән оқытушысы

.

.

Біз тәуелсіздікке зарығып аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз  керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы, — деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.   

Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жай ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Менің бойымды осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда қуаныш пен қайғы, мақтаныш мен қасірет сезімі билейді.

Тәуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршынынан қиылды. Жазықсыз өмірден озды. Олар халқына қуаныш сыйлады, бірақ сол қуаныштың дәмін өздері тата алмады. «Болашақ ұрпақ біздей күңгірт әлемде емес, күннің көзін көріп өссін, еркін болсын» деп армандап қана қоймай, осыны мақсат тұтты емес пе? Олар – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары. Тәуелсіздік үшін күрескен батырлар – қазақ елін лаулаған оттан да, тап қапастан да алып шыққан азаматтар. Қазақ елін арқасына байлаған, шыңға өрмелеп, елді сол шыңға жеткізіп, өздері құздан құлаған хас батырлар.  Олар өзім деп қара басын ойлаған емес.

Ал біз, батырлардың ұрпағы, олардың рухтарын қастерлеп жүрміз бе? Сол бір заманда біз өмір сүрсек , Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сынды өр мінезді батырлар ел арасынан шығар ма еді? Иә, мұндай заман болса да, елім деп еңіреген ұлтжанды азаматтар табылмақ. Қандай қилы заман болса да қазақ, қазақ болып қала бермек. Елімізге деген асқан сүйіспеншілік біздің қанымызда бар дүние. Ғалымның хаты, жақсының аты ұмытылмақ емес. Олардың бізге салып берген сара жолы, бүгінде бізге дара жол болды.

Қазіргі тәуелсіздік Қазақстан – ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді.

Мен тәуелсіздік құрбандарына басымды иемін, рухына иіліп тағзым етемін. Алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз – тек солардың арқасы.

Ата-бабамыздың бізге «тәуелсіздік» деп аталатын аманатын ұрпақтарға жеткізуге міндеттіміз. Өйткені біз Тәуелсіз ұрпақпыз, тәуелсіздіктің ұрпағымыз. Біз – еліміздің болашағымыз !