Тұңғыш Президент

Сейіткерей Ақнұр Мейрамбекқызы

Мұғалім

.

.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Әнұран

1 жүргізуші:

АРМЫСЫЗДАР құрметті Аркалық  медициналық коллежжінің  ұстаздары мен білім алушылары.

Сіздерге арнайы  бүгінгі   өткізіліп отқан «Ел таныған тұлға» атты  мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз

2 жүргізуші

Қайырлы күн қадірменді бүгінгі кешке жиналған қауым. Сіздерді бүгінгі Елбасымыздың Тұңғыш Президент атану күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1 жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланды. Мерекелік кешімізді бастамас бұрын колледжіміздің директор міндетін атқарушы Жандильдина Роза Қайыржанқызына сөз кезегін береміз

2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өткен болатын. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Би 19 фкк «Ою-өрнек» (қазақша би)

1 жүргізуші

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

2 жүргізуші:

 Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

 

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

Ортаға Әсем қызымызды Самға  әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

БИ 12 ФКБ

1 – жүргізуші: Еліміз бар, жеріміз бар,

Жер астында кеніміз бар.

Халқымыз да көп ұлтты,

Бүгінде олар бақытты.

2- жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен.

 1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан, аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үшін жанын беруге дайын  заманың аса дарынды тұлғасы.

2-жүргізуші:

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентімізге арналған Нұр Аға арнауымен  Есеймсейтова Каринаны  ортаға шақырамыз

1-жүргізуші:

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

2-жүргізуші:           

Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Алдарынызда орыс биі

1-жүргізуші:

1969-1973 ж Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977ж Карметкомбинатының партком хатшысы

1977-1979ж Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы

1979-1984ж Қаз ақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы болды. Ортада колледжіміздің әнші қызы  Бейсенбекова Динараны Қазағымсын  әнімен қарсы алыңыздар

2-жүргізуші:

Ендігі кезекте ҚР Президенті жөнінде мәлімет білу үшін ортаға 1 курс студенттерін шақырамыз.

Нұрболат:  1984-1989ж Қазақ КСР Минстрлер кеңесінің төреғасы 1989-1991ж Қазақстан КП ОК бірінші хатшы болды.

Дастан: 1990ж ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төреғасы болды

1990ж  сәуірінен Қазақ КСР президенті атанды.

Айзада: 1991ж желтоқсанның 1-нде тұңғыш рет ҚР президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті.Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.

Инабат: 1995ж сәуірдің жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігі 2000ж дейін ұзартылды.

1999ж қаңтардың 10-да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78дауыс алып ҚР президенті болып қайта сайланды

Нұрсая: 2005ж желтоқсан 4-нде сайлаушылардың 91,5 дауысын алып, ҚР президенті болып қайта сайланды.

Жандос: 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.

1Жүргізуші:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған. Келесі кезекте қазағымыздың қара домбырасы мен әнге салушы Тоққожа Әсемді ортаға шақырамыз

2-Жүргізуші:                            

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз-дей келе келесі кезекте сахнаға ару қыздарымыз Әсем мен Динараны  “Тек алға”  әнімен  ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай

2-жүргізуші:Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемгепашеткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.

1-жүргізуші:Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбі релге  қазағымды,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

2-жүргізуші:Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз–басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып кележатыр әніміз дей келе бүгінгі мерекелік кешімізді әнші қыздарыныз Інкәрдің әнімен аяқтаймыз

ӘН  «Қазақ елі»

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, келгендерінізге рахмет. Келесі кездескеше!

2-жүргізуші: Сау саламат болындар!